"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы мұқият тексеріледі

22.04.2021
Жол жөндеу жұмыстарының сапасы мұқият тексеріледі
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов шаһар ішіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында қала көшелерін аралап шықты.

Жалпы, қазіргі таңда қаладағы жолдардың жалпы ұзындығы 756 шақырымды құрайды, оның 291 шақырымы-  бетондық-асфальт жабындысы, 23 шақырымы — қиыршық тас, 442 шақырымы топырақ жабындысы бар жолдар.

Осыған дейін шаһар басшысы биылғы жылы 451 млн теңгеге 15 мың шаршы метрден астам жол аумағына ағымдағы және жалпы ұзындығы 6,92 км болатын қаланың тоғыз көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтқан болады. Атап айтсақ, Шәкәрім даңғылының Алтай көшесінен Морозов көшесіне дейінгі аумағы, Грязнов, Кордонная, 3-ші проезд, Севастополь, Синицин, Стальский және Елемесов көшелері жөнделетін болады.

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы мұқият тексеріледі

Сонымен қатар жақын арада Қарағайлы шағын ауданында жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын жаңа жеті көшенің құрылысы басталмақ. Бұдан бөлек, Ұшақтар, Водный, Восход, Комсомол, Степной, Ақсай аудандарында тас-қиыршық материалын төсеу арқылы жол жүру жолағын жоспарлау жұмыстары қолға алынды. Аталмыш бағыттағы жұмыстардың межелі мерзім ішінде аяқталуын және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы билік тарапынан бақылау-қадағалау  болуы қажет.

Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелерді аралау барысында Нұрымбет Аманұлы мердігер компания өкілдерімен тілдесіп, жолдың сапалы жөнделуіне маңыз беруді тапсырды. Қазіргі таңда барлық жұмыстар кедергісіз атқарылып жатыр. Жұмыс күші де, қажетті материал да жеткілікті.

Сөз орайында айта кетер болсақ, қазіргі таңда қалалық әкімдік тарапынан биылғы жылға 1,1 млрд теңгеге жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлу мәселесі қаралуда, тиісті сметалық құжаттар әзірленген.

— Жалпы, қазіргі таңда қала жолдарының 78%-ы қанағаттанарлық деңгейде деп есептеледі, біздің алдымызда 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 90%-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында жолдың сапасына ерекше назар аударылады. Жолдардың сапасы жөніндегі ұлттық орталықпен келісім бар, мекеме құрылыс, жөндеу жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстайтын болады, — дейді қала басшысы Нұрымбет Аманұлы.

Абылай Мақсұтбек, «Семей таңы» 

 

Мақалада: ЖолНұрымбет СақтағановСемей

Ұқсас жаңалықтар

Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ

05.12.2025
Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі жаңа «Smart City» ықшамауданына барып, осында бой көтеретін 25 мың орындық стадионның...

Толығырақ...Details

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

05.12.2025
Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті

05.12.2025
Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Адал білім – адал ұрпақ»...

Толығырақ...Details

Астанада мамандар әскери қызметшілердің психологиялық жай-күйі мәселелерін талқылады

05.12.2025
Астанада мамандар әскери қызметшілердің психологиялық жай-күйі мәселелерін талқылады

Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен дөңгелек үстел басында психологтар, дәрігерлер және Қорғаныс министрлігінің өкілдері – әскери қызметшілердің психологиялық күйі жайында айтты....

Толығырақ...Details

Тағам қауіпсіздігі: улану мен ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады

05.12.2025
Тағам қауіпсіздігі: улану мен ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады

Абай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Серікболсын Назарбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңірде сатылатын...

Толығырақ...Details

Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды

03.12.2025
Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды

Semeytany.kz - Жаңасемей ауданының Алғабас ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, оның салтанатты рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты. Салтанатты...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ

6 часов бұрын

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

6 часов бұрын

Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті

6 часов бұрын

Астанада мамандар әскери қызметшілердің психологиялық жай-күйі мәселелерін талқылады

6 часов бұрын

Тағам қауіпсіздігі: улану мен ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады

6 часов бұрын

Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды

2 дня бұрын

Алғабаста ауызсу желісі жаңартылып, мектеп қазандығы толық жөнделді

2 дня бұрын

Жаңасемей ауданында Берік Уәли тұрғындарды жеке қабылдады

2 дня бұрын

Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС