"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛУ – АБЫРОЙ

05.04.2014
ХАЛЫҚ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛУ – АБЫРОЙ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үстіміздегі жылы қалалық мәслихаттың өз жұмысын бастағанына 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында сан түрлі сұрақтар көтеріліп, күрмеуі күрделі мәселелер шешілді.  Табаны күректей 20 жылда қалың бұқара мен билік органдары арасында алтын көпір болған мәслихат депутаттарының қатары да шақырылым сайын өзгеріп отырды. Өзгермейтін бір нәрсе  — халық қалаулылары халықтың мұң-мұқтажы, талап-тілектері бойынша жұмыс   жасайды. Олар қала мен тұрғындардың жағдайын жақсарту жолында еңбектенуде. Сол депутаттардың қатарында Қайрамбаев Бауыржан Сейтжапарұлы да бар.

Бауыржан Сейтжапарұлы — № 19 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты, өндірістік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы. Халық қалаулысы болып алғаш рет 2007 жылы 4 шақырылымда сайлан-ған.  Бұл округке Қызыл кордон, Соқырлар қоғамы, Коммуналды және Березов кенттері кіреді. Сайланған күннен бастап сайлаушыларының жанынан табылатын депутат өткенді еске ала отырып: «Елдің дамуы арқасында    халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарған сайын  мәслихаттың алдына қойылған мәселелер де өзгеріп отырады. Соңғы жылдары қалада көп өзгеріс орын алды. Сайлау-шылардың сауалдарының салмағы артып, аумағы да кеңи түсті. Жыл өткен сайын қала экономикасы да қарқынды даму үстінде. Қала көшелерінің жаппай жөндеуден өтіп жатқандығының өзі біраз нәрсені аңғартады. Мысалға   айтар болсақ, бұрын бір ғана көшені  толыққанды жөндеуге қаражат  мүмкіндік берген. Қазір 5-6 көшеге     кешенді жөндеу жүргізуге жағдай жасалып отыр. Бұл жұмыстарға бөлінген қаржы да бұрынғымен салыстырғанда  500 миллионнан бір миллиардқа дейін көтерілген», — дейді.

Десе де, сол кезде көтерілген өзекті мәселелер қазіргі күнде де маңызын жоймаған. Б.Қайрамбаевтың айтуынша, семейліктердің көпшілігін тұрғын-үй коммуналды шаруашылық мәселелері әлі де толғандырады екен: «Мен депутаттық қызметті бастаған сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін қалалық мәслихатта көтерілген мәселелер қатарында жылу, жарық, көшелерді  жарықтандыру, ауыз су, жол жөндеу сынды мәселелер бар. Бұл бағытта үздіксіз ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нәтиже де жоқ емес, бірақ жұмыс жалғаса бермек», — деп бұл бағытта атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Халық қалаулысының айтуынша, өзі сайланған №19 сайлау учаскесінде де күрмеуі күрделі мәселелер жоқ емес. Көптеген көшелердің асфальттарын жаңарту керек болса, «Соқырлар қоғамының» жөні бөлек.  Ауқымды базаға ие болса да, цехтарының басым көпшілігі істен шыққан, заман ағымына сәйкес бәсекелестікке қабілеттілік    таныта алмай отыр.

— «Соқырлар қоғамының» мүшелерінің саны мыңнан асады. Мемлекет оларға назар аударып, олардың қолдарынан келетін қандай да бір іс қолға алынып, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін болса, жағдай басқаша болар еді. Бұл қоғамның клуб ғимараты мен кітапханасы бар.  Бес жыл бұрын спортзал ғимаратының шатырын жөндедік. Өткен жылы тұтастай ғимараттың шатырын ауыстырдық. Бұрын ғимаратты ұстап тұруға, жөндеуге қаржы қарастырылмайтын.  Биыл-ғы жылы кітапхананы жаңартуға қалалық әкімдіктен 500 мың теңге бөлініп, брайльдік әдіспен оқылатын кітаптар алынып жатыр. Сонымен қатар, қоғам мүшелерінің өтініші бойынша клубты ұстап тұруға және түрлі мерекелерді атап өту үшін қалалық қазынадан қаржы қарастырылды,- деген депутат бұл қадам қоғам мүшелерінің жағдайларының жақсаруына септігін тигізеді деп  үміттенеді. Сондай-ақ, Березов кен-тінде де біршама оң өзгерістер орын алмақ. Б.Қайрамбаевтың айтуынша Мичурин көшесін жөндеу басты мәселе болып тұр. Жобалау жұмыстары жасалған. Тегіс және жарықтандырылған көшемен жүрудің ауылы  да алыс емес сияқты.

 

{jcomments on}Бауыржан Сейтжапарұлы мәслихаттың өндірістік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. Бұл комиссия құзырына қаланы және оған қарасты ауылдық округтерді жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, қаланы көркейту және санитарлық жай-күйі, тұрғын үй қорының термомодернизациясы, жолау-шылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, автомобиль жолдарын жөндеу сияқты мәселелерді қарастыру кіреді.  Бүгінгі таңда тұрақты комиссия алдында екі маңызды мәселе тұр. Біріншісі – жолаушы тасымалдаушылар жұмысының сапасы болса, екіншісі —  «Теплокоммунэнерго», «Семей-Водоканал» сынды мемлекеттік тұрғын-үй коммуналдық кәсіпорындарымен жұмыс. «Жуырда ғана бірқатар қоғамдық көліктердің маршрутымен жүріп өтіп, көлік жүргізушілерімен және жолаушыларымен тілдестік. Сапа жөнінен жолаушылардың шағымдары жоқ.  Көліктердің жүру кестесі көңілдерінен шықпайтындықтарын айтып жатқандар болды. Қазіргі таңда қоғамдық көліктерді бақылау орталығы шамадан тыс жүктемелері бар бағыттардың мониторингін   дайындап жатыр. Осы негізде сессия шешімі шығарылатын болады. Сондай-ақ, біз мемлекеттік тұрғын-үй коммуналдық кәсіпорындарымен де жұмыс істейтін боламыз. Комиссия мүшелері ауылдық округтерді аралап, әкімдігімен кездесіп, шешімін таппаған мәселелермен танысып, оларды мәслихат сес-сияларында қарастырамыз,-деді өндірістік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

 

Сөз соңында халық сенім артқан  депутат Бауыржан Қайрамбаев: «Кез келген жағдайда біз сайлаушыларымыздың қалауын басты назарда ұстауы- мыз керек. Әр әрекетіміз қаланың гүлденуіне, экономикасының нығаюына және тұрғындарымыздың жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс. Біз сол үшін жұмыс жасап жатырмыз»,- деп өз ойын түйіндеді. Расында да, оларды халық сайлады. Сенім артты. Уақыт ағымымен мәселелер сарыны өзгерсе де депутаттарға деген сенім, халық қалаулыларының жұмыс бағыты өзгермейтіні хақ. Бәрі де қаламыз бен тұрғындардың игілігіне.

Әйгерім Сәрсенғали,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

8 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

9 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

9 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

10 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

10 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС