"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сен құрметте оны, қарағым!

06.05.2021
Сен құрметте оны, қарағым!
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Біз соғысты көрген жоқпыз. Соғыс туралы киноларды қанша көрсек те қан майдан, оқ пен от, зұлмат жылдарды бір кісідей сезіне алар ма екенбіз? Уақыт — қатал жылнамашы, бүгініңнің өзін тарихқа айналдырып, күнтізбенің кезекті бір бетін жаба салады. Ал 76 жыл бұрынғы сұрапыл шайқас тек сол кезеңді бастан өткізген сарбаздың ғана есінде қалады.

Бұл жолы түс ауа Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұлан әскери институтының курсанты Жанат бар, әріптесім бар — үшеуіміз сол күндердің куәсі, кейіпкеріміздің үйін бетке алдық. Өзімше «қай майданда шайқастыңыз, немісті көрдіңіз бе?» деген жаттанды сұрақтарды жазып алып, көңілім қобалжитын емес. Зәкен ата бізді қуана қарсы алды. Курсант формасын киген Жанаттың ардагерге арнайы сәлем беруге келгенін білгенде жанарында ризашылық оты тұтанып сала берді.

Сол күндер соғыста сегіз рет жараланған қарт майдангердің көкірегенде сайрап тұр, күні кеше болғандай етіп әңгімелейтініне таңғаласың.

— Қиыншылық кездер ұмытылмайды,- дейді ақсақал.

Он жеті жасында Сарыжырадан соғысқа аттанған бозбаланың тағдыры расымен бір кітапқа жүк болатындай-ақ. Апырай, біз осы 21 ғасырда асығамыз да жүреміз, осындай әңгімелерді бір уақыт тыңдаған да мотивация ғой шіркін дейсің іштей.

Aлғаш «транслирующий» полкте жүргенде, қару-жарақ аз кезде, тәжірибесі жоқ жас жігітті өзінің ептілігі мен шапшаңдығы, жылдамдығы әр кез құтқарады. Сол ептілігімен көзге түскен Құрманқожанов Зәкен атаны жаудан тіл әкелетін адъютант етіп таңдайды. Адъютанттың батылдығын байқаған командирлер оны танк училищесіне екі айға оқуға жібереді. Танктің оператор-терушісі бола жүріп жауынгер Смоленск, Ленинград, Волков, Минск қалаларын азат етуге қатысады. Жауынгер ата майданда болған бір оқиға жайлы бізге әңгімелеп берді.

— 1941 жылдың 8 қыркүйегінде Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласы түгел немістердің қоршауында қалды. Жау жақ барлық темір жол, өзен, автокөлік жолдарын жауып, 2,5 миллион тұрғынды, оның ішінде 400 баланы тұтқынға алды. Әйел, балаларға азықты тек Ладога көлі арқылы ғана жеткізуге болатын, одан басқа жол жоқ еді. Қауіпті көл саналатын Ладоганың мұзы әлі қата қоймаған қарашаның аяғында 70 килограмдық ұндарды тиеген 500 машина ештеңеге қарамастан көл бетімен жолға шықты. Амал не, 500 машина түгел суға кетті. Сонда генералдың өзі де, шарасыз біздер де жылап жібердік, — дейді ақсақал. Иә, соғыс деген — адамдардың тағдыры…

1941 — 1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыста, 1945 — 1946 жылдары Шығыс Түркістанда жан аямай ерлік көрсеткен, елге оралған соң 45 жыл ағаш шебері болып табанды еңбек еткен, жары Күлсіммен 10 баланы өмірге әкеліп, ержеткізген Зайсан ауданының Құрметті азаматы Зәкен атаның ғұмыры тамсана айтатын батырлық дастан іспетті.

Бір айтарымыз:

…Дейтіндей мезгіл емес ертең, бүгін,

Еске алдық 76 жыл өткендігін.

Дәл бүгін ардагердей ұққан жан жоқ

Жалғанда бейбіт күннің не екенін…

Аяулым ШАЙМАРДАНОВА

 

Мақалада: ЗайсанҚұрманқожанов ЗекенҰлы Отан соғысы

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

11 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС