"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»

13.05.2021
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»
135
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Күй — қазақ ұлтымен, қазақ қанымен бітге қайнасып, бірге жасасып келе жатқан киелі мұра. Жақында күй өнерін дамытуға үлес қосып жүрген белгілі күйші — композитор, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры Айбек Бекбосынмен сұхбаттасқан едік.

— Айбек Серікболсынұлы, Сіз ел астанасында біраз уақыт жүрдіңіз. Бүгінде туған жерге оралып, Семей шаһарында еңбек етіп жатырсыз. Дегенмен шығыста шығармашылық ортаның жұтаңдау екені анық. Бұл Сіздің шығармашылық тұрғыда дамуыңызға кедергі емес пе?

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»

— Мен жоғары оқу орнын бітіріп келіп, Семейдің  мұғалімдер даярлайтын қара шаңырағы — педагогикалық институт қабырғасында ұстаздық қызметте жүрген кезден-ақ кәсіби ортаны іздей бастадым. Жалпы, елдің шығысы мен батысы деп бөлгенді аса ұната қоймаймын. Иә, Семей — туып — өскен жерім. Бірақ Семейдің өзінде көп тұрақтай қоймадым. Оңтүстік астанаға шығыстың шығармашылық ортасы жұтаңдау болды деп кеткен жоқпын. Жалпы, таза күйшілік өнерді алып қарайтын болсақ, мойындау керек, кәсіби шеберлігі жоғары домбырашылар некен-саяқ. Алматы – мәдениет пен өнердің ордасы. Бұл қалада өнердің үлкен мектебінен өттім деуіме болады. «Мектеп» деп кішірейтіп айтып тұрған шығармын. Мен бірден өнер ортасының «аспирантурасына» түстім. Бағым мен бабыма орай, өнер жолымда Роза Қуанышқызы мен бірқатар өнер майталмандары кездесті. Алматыдан елордаға қоныс аудардық. Сарыарқа төріне жиылған небір ығайы мен сығайының ыңғайын келтіріп, сынағынан, елегінен өттім. Қазыналы қарттардың, халық қадірлеген ел ағаларының ортасына бардым. Әрине, қара домбырамның арқасында балқыдым, шалқыдым. Еркеледім.

Бірқатар күйлерімнің дүниеге келуіне де осы орта көп әсерін тигізді. Ақыл айтты, қолқа салды, тебірентті, тербеді, өзім де тербелдім…

Басшылық қызметке келген соң да, жұмыстың көптігіне қарамай, шығармашылық жұмысымды тоқтатпадым. Бұл — маған сын.

— Тақ пен таланттың жолы қиылыса қоюы сирек. Көпші

лік Сіздің мансабыңыз туралы білмеуі мүмкін, ал талантыңыз жайлы ел арасында көп айтылады. Бүгінде асшылық қызметте отырсыз, өзіңіздей тума талант иесі сахнаны сағынбай ма?

 — Қызметке тақ үшін келген жоқпын. Мансапты таңдағанымның өзі бір ұзақ әңгіме. Бір жылдан артық уақыт бұл қызметтен бас тартып жүрдім. Алдыңғы сұхбатымда  да айтқан едім ол туралы. Филармонияны жақын танып жатқан көзі қарақты адамдардың қатары көбейді. «Е-е, осы жігіт келіпті ғой»,- деп жатады, ал мен сол сөзді айтып тұрған адам қандай ойда айтты екен деп өзіме сұрақ қоямын. Келгенім дұрыс болды ма, әлде сол сахнада жүре бергенім артық па еді деп те ойлаймын.

Алайда неден жасқанамын. Бөтен ортаға келген жоқпын. Кәсіби мәдени орта, концерттік ұйым, білікті мамандар. Қайталап айтайын, мен бұл ұжымға басшы болу үшін емес, әріптес болу үшін келген едім.

Жастарды көтерейін, танытайын, бірге жұмыс істейін деп келдім. Қазіргі таңда, санитарлық талаптарға сай,  онлайн жұмыс істеудеміз. Онлайн концерттер беріп жатырмыз. Концерттерден қалмаймын деп айта алмаймын, бағдарламаларда репертуарға сай шығармаларымды орындап, домбырамда ойнап тұрамын. Сахнаға мені директор деп шақырмайды ғой. Күйші-композитор деп шақырады. Кейде сахнаға шыққың да келмейді, кез келген шығарманы орындаған соң көрерменнің ыстық ықыласы мен қошемет-шапалағы естілмегендіктен, өзіңді біртүрлі сезінесің. Осы сәтте сахнаға деген сағыныш бірден сейіледі.

Ел басына түскен осы бір қиындықты халық болып еңсеріп, қалыпты өмірге ораламыз деген ойдамыз.

— «Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп ерекше бағалайтын ұлттық аспабымызға, дәстүрлі өнерімізге  кейінгі жастардың қызығушылығы азайып, эстрада жанрына әуестенгендер көбейіп келе жатқаны жасырын емес. Ал Сізде күй өнеріне деген қызығушылық қалай пайда болды? Бұл еңбекпен келген қабілет пе, а әлде қанда бар қасиет пе?

 — Әрине, қаныңда болмаса, өнер қайдан дариды. Оны кім қалай мойындайды өз еркінде. Қайталаудан жалықпаймын. Мектепті бітірген жылы дәстүрлі ән конкурсында марқұм Тұрсынғазы ағамыз көріп, қыстың бел ортасында музыкалық колледжге әкеліп, оқуға түсірді. Мұны қайсарлық дейсіз бе, табандылық дейсіз бе? Ойға қонбайтын дүниені жасады ол кісі. Сөйтіп, домбыра ұстап отырғанымда қағысымды көріп, саусағымның жіңішке-ұзын келгенін байқаған Серік Малаев деген ұстазым мені болар да болмай, домбыра сыныбына  ауыстырып алды. Негізінде, әкем мен анам да әнші, кәсіби өнерпаздартұғын. Абай еліндегі атақты «Қаламқастың» жұлдызды дуэттері.

Колледж қабырғасында жүргенде ұстазым бірден үлкен додаларға, академия мен консерватория студенттері, мамандандырылған мектеп-интернат түлектері ғана бақ сынайтын байқауларға салды да жіберді, былайша айтқанда, отқа салды. Сол жерден ысылдым, төселдім. Қаймықпадым, дайындалдым, өтірік емес, құрбы-құрдас, достарым біледі, саусағымнан қан аққанша дайындалатынмын.

Қазіргі жастардан ондай жігер, төзімділік, дайындықты көрмедім. Мүмкін, көрмей жүрген шығармын, естімедім де.

Секен ағаның «Ән айтатындар аз емес, күй шығаратындар көп емес. Соның ішінде күйді ұғатын мыңнан біреуі ғана шығады» деген сөзі бар. Орындаушы көп, әнші аз, домбырашы көп, күйші аз. Сондықтан бұл өнерге екінің бірі бара бермейді, бардым дегендердің түсінуінің өзі екі талай. Жалпы, қазіргі кезде қарапайым тыңдарман күй өнерін аса қатты түсіне бермейді, домбыра не айтқысы келгенін ұғына бермейді. Әрине, бұл өнер көзге көрініп тұрған сурет емес, ән де емес, сөзі бар жыр да емес. Қазіргі кезде күй өнерін теледидардан, радиолардан да аз насихаттайды, сондықтан да тыңдармандар мен көрермендердің бұл өнерден алыстап кеткені де сезіледі. Қазіргі кезеңді эстрада әндерінің шарықтау кезеңі десек те болады. Эстраданың өзіндік стилін тапқан орындаушы болсын, әншісі болсын, шын талантты мойындаймын. Эстарадаға кетті деп ренжімеймін. Барлықтарыңыз бірдей күйді түсініп кетіңіздер деп те айтпаймын. Әркімнің өз өресі мен санасы бар. Күйді де кез келген жерде тарта бермейсің. Шертетін жердің де өзіндік репертуары бар. Оны көріп те жүрсіздер. Мысалы, тойға келіп, мұңлы зарға толы күйді орындап отырсаң, тыңдарманыңды табуың екіталай.

— Қазіргі уақытта авторлық күйлеріңіздің саны қанша? Күй қалай туады? Күйшілердің шабыты ақындардың шабытындай арынды ма?

 — Қазіргі таңда нақты 9 күйім бар. Басында күй деп айтуға тұра ма деп өнерімді бағаламай жүретінмін. Қазір қарап отырсам, шығармаларым бірінен-бірі асып түсетін сияқты. Күйдің негізгі айтпақ ойы, басты тақырыбы болады. Сағасы мен иірімдері үйлесімді түрде ауысып, бір буыннан келесі буынға өткізуде асқан шеберлік керек. Жалпы, күй деген — ежелден қазақтың мұңдасы, сырласы, жан серігі болып келеді. Күй — өмірдің мән-маңызын ұқтыратын, түрлі ойға жетелейтін ғажап та тылсым әуен. Ол адам болып өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күйді тыңдайтын, шын түсінетін пенде жамандыққа бармайды деп жатады. Сондықтан да күй құдіретті, киелі деп есептеледі. Ғұлама әл-Фарабидің өз еңбектерінде домбыра туралы:  «Қос ішек адамның денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады, күш-қуатын арттырып, батылдыққа баулиды»,- деп жазуы жайдан-жай болмаса керек. Жазушы Мұхтар Әуезов те:  «Жалпы, музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй», – деп ерекше баға берген. Менің күйлерімнің ішінде төкпе күй аз, оған біздің күйшілік мектеп өз әсерін тигізсе керек. Әдемі сазға толы шертпе күйде сом мағына, терең мазмұн жатады. Оны аша білу және айтпақ дүниеңді жеткізе білу ұшан-теңіз еңбекті қажет етеді.

Шабыт демекші, бір күйді жазуға кемі сегіз ай, тіпті бір жарым жыл уақыт кетіріппін. Күй деген үлкен бір толғаныстан шығады. 10 шумақ өлеңді бір жарым жыл жазған ақынды көрдіңіз бе? Егер ол үлкен дастан жазса, түсінемін. Себебі бір дастанды жазу үшін қаншама ізденіс керек. Шабыттың арыны туралы дәл осы жерде сөз қозғағым келмейді. Оны әркім әрқалай түсінеді және ол әркімге әр қилы жолмен келеді.

— Күйшілік өнердегі ұстазыңыз кім?

— Ұстазым туралы жоғарыда айтып кеттім. Серік аға — музыка өнерін терең зерттеуші, ғылыми атағы жоқ ғалым, Семей өңіріндегі «музыканың академигі» десем, ешкім артық айттың демес. Мысалға, шығармашылық концертімде орындаған «Қоңыр» деген күйді 8 жыл зерттеді, дәл сол жалғыз күйге бола жеке домбыра жасатты. Нағыз өнерге жанашыр адам сондай болу керек.

Өмірде ұстаз тұтар адам көп, батасын беріп, жылы лебізін білдірген аға буын күйшілер де жетерлік. Олардың сөзі — мен үшін бойтұмар.

— Болашақты бір жақты болжау қиын, әрине. Десе де алдағы уақытта осы басшылық қызметте отырып, жайлы зонада қалып қоймайды деген ойдамыз, шығармашылық жолдағы арман-мақсаттарыңыз қандай?

— Басшы болудың өз қиындығы бар. Жұмыс жүйесі дұрыс болса,  шығармашылық жұмыс тоқтап қалмайды. Оны әсте ұмытқан емеспін. Менің өмірдегі негізгі миссиям ұлттық өнерді, оның ішінде осы күй өнерін дәріптеп, биік дәрежеге жеткізу деп білемін. Қазіргі кезде жер бетінде тәуелсіздігін ала алмай жүрген қаншама ұлт бар. Ал біз егемендігімізді алдық, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды, шекарамыз сызылды, астанамыз Сарыарқа төрінен ойып тұрып орын алды. Сондықтан да ұлттық өнеріміздің мәртебесін төмендетіп алмау — басты парызымыз. Бұл жалғыз әншілердің немесе күйшілердің ғана емес, бүкіл халқымыздың парызы деп санауымыз қажет. Күні кеше ғана мен үшін шоқтығы биік «Телқара» күйі дүниеге келді. Арық сөйлеп, семіз шығайын, биыл да, ел Тәуелсіздігінің мерейлі шағына арналған бір күйдің де туары сөзсіз. Қазақта «қара», «қоңыр» деген сөздер бар. Қазақтың қара домбырасы аман болса, ұлы Мұқаңа арналған бір күйді де артынша пісіріп-жетілдірмекпін, қоңыр әуезді бір тамаша туынды шығар деген ой бар. Осы шығармаларым мерекеге орай уақытында шығып жатса, күйлерімнің жыл санауы сол мезеттермен қатар аталып жүрер. Туындыларым ұмыт қалмас деген ойдамын, кейінгі ұрпақ бағамдар, бағасын бере жатар.

 — Уақытыңызды бөліп сұхбаттасқаныңызға рақмет! Қос ішегіңізден күй тарқамасын дегіміз келеді.

Сұхбаттасқан Абылай МАҚСҰТБЕК

 

Мақалада: Айбек Бекбосыновдомбыракүй

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

3 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

3 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

1 день бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

1 день бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС