"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Күмәнді инвестор, сақтық танытқан билік немесе Семейде ЖЭО-3 салу жобасы не себепті дауға айналды?

25.05.2021
Семейде жаңа ЖЭО қашан салынады?
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қарт Семейді қыс маусымында жылумен қамтамасыз ету — жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі. Өткен қыста қала  тұрғындарынан келіп түскен шағымдарға орай  жұмыс комиссиясы да құрылып, осы мәселенің мәнісін анықтаған болатын.  Ескірген шағын қазандықтар қанша жөнделгенімен,  қыс қаһарына мінгенде сыр беріп қояды… Толғағы жеткен бұл жағдай бүгінгі таңда республикалық деңгейде көтеріліп жатқан  маңызды мәселелердің қатарында.

Семейді  жеткілікті деңгейде жылумен қамтамасыз ету үшін  ЖЭО-3 салу туралы шешім Үкімет деңгейінде  қабылдаған болатын. 650 Гкал жылу қуаты мен 450 МВт электр қуаты бар станция қаланың тарихи бөлігіндегі жылу тапшылығын жауып қана қоймай, салынып жатқан аудандар үшін  жеткілікті болатынын мамандар  есептеп, көпшілікке  бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы егжей-тегжейлі мәлімет берді: құны шамамен $ 1,3 млрд, құрылыс мерзімі 3 жыл  уақытты қажет ететіні жайлы ақпарат таратты. 2015 жылы «Unit Group» шетелдік компаниясының еншілес компаниясы – «Unit Energy Investment» ЖШС ықтимал инвестор ретінде аталды.

Бір ай бұрын, сәуір айында, Unit Energy Investment өкілі Олжас Есенғарин ел арасында шу  тудырған мәлімдеме жасады. Олжас Есенғарин компанияның Қазақстан Республикасының республикалық Инвестициялар комитетімен келісімшарты болғанын, алайда облыстық атқарушы билік құрылыс үшін жер телімін бермегендіктен жұмысқа кірісе алмағандығын, оның үстіне әкімдік инвестормен келісімді бұзу туралы сотқа  жүгінгендігін жеткізген еді. — Алдымен сот талап арызды қанағаттандырмады, – деді ЖШС өкілі. – Бірақ  кейін Семей қаласының әкімі сотқа арыз берді, сот бұл өтінішті қанағаттандырды, келісімшарт бұзылды. Бұл жағдайды Олжас Есенғарин  жергілікті биліктегі жемқорлықпен байланыстырды. Билік серіктестікке жер бөлуден бас тартқаннан кейін инвестор жобаны жүзеге асыру жұмысы  қиындықтарға тап болғанын баяндай келе:

— Егер  қала  әкімдігі  тарапынан  кедергілер жасалмаса, бүгінде сенімді жылу көзі болар еді,- дейді.

Халық арасында әр түрлі әңгіменің өзегіне айналған мәселеге біз өз тарапымыздан  журналистік зерттеу жасап көрген  едік.

Сонымен, Семейде ЖЭО-3 салу  құрылысы бүгін не себепті  үлкен дауға айналды?

Кез келген құрылысты бастамас бұрын  жұмыстың егжей–тегжейлі жасалған  жоспары болу керек.  Инвестор сауатты  бизнес-жоспарсыз жұмысты бастай алмайды. Семей қаласының бұрынғы әкімі, қазір Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі Ермак Сәлімов «Unit Energy Investment» ЖШС ұсынған бизнес-жобамен таныса келе, ауқымды   құрылысқа қажетті  техниканың және компанияның қаржылық мүмкіндігі жайлы   толық ақпарат жоқ екеніне таң қалды.

«Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы нөмірі 1133 бұйрығындағы қосымшаға сәйкес, инвестициялық жобалардың бизнес — жоспарларына қойылатын талаптар нақты көрсетілген. Толық инвестициялық шығындарды, қаржыландыру көздерін есептей отырып, жобаның қаржылық моделін көрсететін қаржылық бөлімнің жоқ болуының өзі мұндай инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тануға негіз болады»,- дейді Ермак Сәлімов. Сонымен қатар, бұрынғы қала әкімнің айтуынша, құжатта Семейдің жылу энергиясына қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі, қоршаған ортаға әсері, табысы мен өзін-өзі ақтау кезеңдерін бағалау сияқты маңызды бөлімдер болмаған. Жоба  бір жақты, жеңіл–желпі дайындалған.

Алайда  жобада «Семей қаласының тұрғындары үшін электр қуаты қымбаттайды!» деген ақпаратқа ерекше маңыз берілген… Шикізат жеткізушілерімен келісім жоқ. Шикізат пен материалдардың жекелеген түрлері туралы мәліметтер де көрсетілмеген.  Негізгі бәсекелестерді көрсете отырып, Семей қаласының жылу және электрмен жабдықтау жағдайын талдайтын маркетинг бөлімінің ақпараты мен  еңбекақы төлеу қоры туралы мәліметтер де жоқ. Құжатты қарау кезінде аталған серіктестіктің жобасына байланысты  күмән туғызған жағдайлар көп болған.

— Дәл сол уақытта бізге ұлттық қауіпсіздік органдарынан  да ескерту хаттары келді», – дейді Ермак Сәлімов. – Әлеуетті инвесторға қатысты оның дефолт фактілері, сондай-ақ сұрақтар туғызатын  күмәнді қаржылық схемалар да жобаны қабылдамауымызға  түрткі болды… Сонымен қатар біз серіктес ретінде көрсетілген ресейлік компанияларға сұрау салған кезде, олар бұл жобадан бейхабар екенін жеткізді. Сөзімді дәлелдей түссем:  «Сибэнергомаш БКЗ» ЖШС «Unit Energy Investment» ЖШС-мен келісімшарттық міндеттемелері жоқ екенін хабарлады. «Орал турбина заводы» АҚ «Unit Energy Investment» ЖШС-мен жасалған келісімшарт жоқ екенін жеткізді. Сонымен бірге, әкімдік атап өткендей, ЖШС инвестициялық преференциялар алуға үміттенді, ал ең бастысы – Семей қаласының 140 гектар жерін 49 жылға жалға алуды көздеді. Заңнамаға сәйкес, мұндай табиғи грант уәкілетті органмен, яғни қала әкімдігімен келісім бойынша берілуі мүмкін. Бірақ мұндай инвесторға жерді қалай беруге болады?– деп наразылығының себебін ашық айтты  бұрынғы шаһар басшысы.

Осы мәселеге байланысты іс сотта қаралып, 2019 жылдың ақпанында Астана қалалық  соты «Unit Energy Investment» ЖШС-мен инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды. Жоғарғы соттың апелляциялық сатысы да үкімді өзгеріссіз қалдырды. 2019 жылдың мамырында Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды. Ақыры, 2019 жылдың 30 мамырында, Жоғарғы соттың комиссиясы дауға нүкте қойды: сөйтіп, Астана қалалық сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар – қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сол жылдың қыркүйегінде инвестор мен Инвестициялар жөніндегі комитет Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі бөліміне істі қайта қарауды сұрап, өтініш білдірді. Бірақ олар қараудан бас тартты.

— Жоғарғы сот «Unit Energy Investment» инвестициялық келісімшартын жарамсыз деп таныды,– деп түсіндірді Семей қаласының әкімдігі. — Басқаша айтқанда, облыс пен қала басшылығы заңды әрекет етті, аймақ  тұрғындарының мүдделерін қорғады. Маңызды стратегиялық объектілерге «ауыз салып»,  құрылыстың уақытын созып, кейін келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мемлекеттен миллиардтаған теңге өндіріп алуды мақсат еткен, күмәнді, алаяқтық  тәсілдерді пайдалануға үйренген  компаниялар  өмірде аз емес.

Алысқа бармай-ақ, көрші  Бішкектегі ЖЭО-ның тарихын еске алып көрейікші, оны жаңғыртуға 386 миллион доллар жұмсалған болатын, содан кейін бүкіл ТМД-ны шулатқан алапат апат орын алды. Сол кезде көптеген лауазымды тұлғалар, соның ішінде елдің бұрынғы премьер-министрі де сотты болған-ды. Міне, Шығыс Қазақстанда әкімдік жауапсыз инвестордың ірі жобасын салуға жол бермей отырғандығы осы үлкен даудың себебі болып отыр.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмат Ақышовтың айтуынша, Семейде заманауи жылу электр орталығы міндетті түрде салынады. Тек құрылыс процесі ашық және мердігер сенімді болуы керек. Ағымдағы жылы алдағы жылыту маусымына дайындық кезінде үлкен жұмыс көлемі қарастырылған. Атап айтқанда, қолда бар қуаттылықты арттыру мақсатында «Ғаббасов», «103-103А», «Орталық», «35-квартал» қазандықтарын жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар жылу желілерін қалпына келтіру, гидравликалық сынақтар өткізу жоспарлануда. -Тендерлер өткізілді, мердігерлер анықталды», – деп түсіндірді басшы. — 1 қыркүйекке дейін «Орталық», «103-103А», «Ғаббасов», «35-квартал» қазандықтары жөнделеді және «Орталық» және «103-103А» қазандықтары арасында көпір жасалады. Бүгінде семейліктер үшін қаланы жылумен кім қамтамасыз ететіні маңызды емес – шетелдік немесе отандық инвестор, жеке компания немесе мемлекеттік, ең бастысы — аязды күндері тұрғын үйлердің жылы болуы, халықтың жаурап қалмауы. Коммуналдық қызметтердің  ақысының да  қолжетімділігі маңызды.

Таяуда  Семейде өткен дөңгелек үстел барысында аты шулы түрік инвесторының өкілі ЖЭО-3 құрылысы туралы тағы да еске алды. Келісімшарттың бұзылуына билік өкілдерін кінәлай келіп,  жобаның  тоқтауына пайдакүнемдіктің себеп болғаны жайлы тағы да мәлімдеді. Жоғарғы Соттың шешімі жайлы ауыз ашқан жоқ… Біз бүгін түрік компаниясымен арада  болған оқиғаны еш боямасыз, қаз қалпында  баяндап беруге тырыстық. Ақиқаттың «Unit Energy Investment» ЖШС-нің жағында емес екені сот шешімдерінде де анық көрсетілген. Екі заңды тұлға арасындағы бұл даулы оқиғаға байланысты Жоғарғы соттағы шешімі  жергілікті атқарушы органдардың «Unit Energy Investment» ЖШС-не қойған талаптарының дұрыстығын және заңдылығын растайды.

Аймақ билігі  күмәнді инвесторларға  күдікпен қарады. Сақтық танытқандары үшін  бүгін  даудың объектісіне айналып отыр.

Жергілікті атқарушы билікке сыбайлас жемқорлыққа қатысты кінә тағып отырғандар қандай мақсатты көздеді? Күмәнді инвесторларды қолдап отырған кейбір республикалық мекеме өкілдері ЖЭО-3-ке арналған учаскенің дәл осы «Unit Energy Investment» ЖШС-не бөлінуіне  неге ынталы? Әлде жеке қызығушылығы болды  ма?

Сауал көп…

Риза АСАНҚЫЗЫ

 

 

Мақалада: Алмат ақышовЖЭО-3ИнвесторСемей

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

33 минуты бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

58 минут бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

1 час бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

1 час бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

1 час бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

1 час бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

1 час бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

1 час бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

2 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС