"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал Ахметов: Жылу артықшылығы бұдан да көп болуы мүмкін

Бүгін 9 маусым күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейге жұмыс сапарымен келіп, ЖЭО мен жылу қазандықтарын аралады. Осыдан соң жиын өткізіп, орынбасары Бақытжан Баяхметовтің Семей қаласының жылу жүйелерін жаңарту бағытында жүргізілген жұмыстар туралы есебін тыңдады.

09.06.2021
Даниал Ахметов: Жылу артықшылығы бұдан да көп болуы мүмкін

Аймақ басшысы Даниал Ахметов барлық жылу шығындарын жойғаннан кейін жылу артықшылығы шамамен 200 Гкал болатынын, сол жағалаудағы артық жылу оң жағалауға жіберілетінін айтты.

— Бізге жеткізілген көмірдің сапасын тексере алмаймыз. Көмір күн сайын тасымалданғанымен, тас аралас болып келеді. Биыл біз көмірді ұсақтау кешені орналасқан жылу электр станциясынан жеткізуді ұйымдастырамыз. Қалаға тасымалданатын көмірдің сапасын жақсарту қажет, — деді Бақытжан Баяхметов.

Даниал Ахметов бұл мәселе өте маңызды екенін баса айтты. Себебі көмірдің сапасы мен жылу беру сапасы тікелей байланысты.

— Біз сіздің айтқандарыңызды қолдаймыз, тиісті қаржы бөлеміз. Көмірдің сапасы өте маңызды. Алдымен қазандықтардың техникалық мүмкіндіктерін анықтап алу қажет. Содан кейін ғана көмір сапасымен айналысу керек. Сонда ғана біз жоспарланған және нақты қуаттылықтың арасындағы айырмашылықтың не екенін түсінеміз, — деді облыс әкімі Д.Ахметов.

Сонымен қатар Даниал Ахметов автомобиль-жегін көпірі (ескі көпір) қайта жаңартылғаннан кейін қандай жүктемені көтере алатынын анықтау керек екенін атап өтті. Себебі көпір бойында жылу құбырын салу жоспарланып отыр. Облыс әкімінің айтуынша, сол жағалауда 100 Гкал. жылу профициті бар.

— Бірінші кезеңде автомобиль-жегін көпірін қарап, зерттеу жүргізуіміз керек. Қайта жөндеуден өткеннен кейін көпірдің қандай жүктемеге шыдай алатынын, қанша жылу өткізе алатынымызды есептеуіміз керек. Екіншіден, біз сол жақ жағалаудағы жылу профицитінің орташа есеппен 100 Гкал екенін білеміз. Егер біз гидравликалық режимді қолдансақ, жылуды үнемдесек, үлкен коммерциялық шығындармен жұмыс істесек, жылу профициті жоғарылайды. Енді біз коммерциялық шығындарды стандартқа дейін төмендеткеннен кейін оның қандай болатынын есептеуіміз керек. Егер біз коммерциялық шығындардың 15% -ын жоюымыз керек болса, онда бұл тағы 100 Гкал-ды құрайды.

Яғни бізде жылудың нақты 200 Гкал профициті болады. Оны біз қиындықсыз оң жағалауға аудара аламыз, — деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы орынбасары Бақытжан Байахметовке жылу желілерін қайта құру жұмыстарын бақылауға алу үшін ай сайын екі апта Семейде болуды тапсырды.

— Жалпы, жұмыс бағыттары дұрыс деп санаймын. Мен Бақытжан Баяхметовке ай сайын Семейде 10-15 күн болуын, осы жұмысты жеке өзі басқаруын және барлық мәселелерді 1 қыркүйекке дейін шешуді тапсырамын. Біз өткен жылы кездескен мәселелерді білеміз. Олар қала әкімдігінің 2020 жылы жіберген кемшіліктерінің нәтижесінде орын алды. Биыл бұл проблемаларды шешуге 2,6 миллиард теңге бөлінді. Жылу экономикасын түсіну, гидравликалық режимді орнату өте маңызды. Технологиялық шығындарды — құбырлардағы ашық кеңістіктерді, есептегіш құрылғылардың болмауын жою қажет. Біз коммерциялық шығындар туралы жеңіл түрде айтып отырмыз. Ал іс жүзінде біз бұл шығындардың не екенін жақсы түсінеміз. «Теплокоммунэнерго» мекемесінің басшылығы, қала әкімі бұл мәселені міндетті шешуі керек. Жұмыс алгоритмі нақты көрсетілген. Бұл жанжалды аймақ. Нұрымбет Аманұлы, осы аймаққа кіріп, шешімін табыңыз, жұмысты жалғастырыңыз, — деді Даниал Ахметов.

Мақалада: Даниал АхметовжылуСемей

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

10 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

10 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

14 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

14 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

14 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС