"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Думанғазы Арғынғазин: «Қазаққа ұлттық идеология керек»

10.06.2021
Думанғазы Арғынғазин: «Қазаққа ұлттық идеология керек»
291
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Рухани жаңғыру туралы сөз қозғалғанда ең алдымен ұрпақ тәрбиесі мен білімі ойға оралады. Жастардың тәрбиелі һәм білімді болуы үшін не істеумііз керек деген сауалды Семей қаласындағы Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің директоры, қалалық қазақ тілі қоғамының төрағасы Думанғазы Семейғазыұлы Арғынғазинге қойған едік.

Думанғазы Арғынғазин: «Қазаққа ұлттық идеология керек»

 — Думанғазы Семейғазыұлы, өзіңіз үлкен тарихы бар қаламыздағы беделді оқу орындарының бірін басқарып отырсыз. Әңгімемізді жастар тәрбиесінен бастасақ. Бала теледидар мен ғаламторға көп телміретін қазіргі заманда оларды қандай жолмен тәрбиелеу керек?

— Қазіргі балалар ғаламтор мен теледидарға көп телміреді деп қорқыныш білдіріп, алаңдап жатқандар баршылық. Менің бала кезімде де ата-анамыз «теледидардың алдында көп отырмаңдар, көздеріңе зиян» деп айтып жататын. Ал бүгінгі күні ғаламторға қосылмаған адам кемде-кем ғой. Ғаламтор мәселесіне дұрыс көзқараспен қарау керек деп ойлаймын. Себебі бұл жалғыз қазақтың баласына келген жаңалық емес, әлемде солай. Жаһандағы жаңалықты ғаламтор арқылы естіп, біліп отырамыз. Ғаламтор деген қоқыс жиналған үлкен шелек іспетті. Мұғалім мен ата-ана соның ішінен баланың өмір сүруіне қажетті, пайдалы, білімін жетілдіретін ақпараттарды таңдап алуына көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отыруы керек. Меніңше, балаға интернетті пайдалануға тиым салудың қажеті жоқ. Ол заман өтіп кетті.

— Думанғазы Семейғазыұлы отандық телеарналарымыз ұлттық идеологияны шетке ысырып тастап, құрғақ рейтингтің соңынан кеткен секілді. Бұған бүкіл халық болып қарсылық танытып отырған «Қалаулым» немесе сол сияқты рухани құндылығы арзан хабарлар мысал бола алады.  Шетел телехикаяларын экраннан көретін бала қазақша ойлаудан қала ма деген алаңдаушылыққа қалай қарайсыз?

 — Телеарна – үлкен идеология құралы. Отандық телеарналар ұлттық тәлім-тәрбиемізді, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді насихаттайтын, Қазақстанның экономикасын, саясатын, тарихын ашып көрсететін түрлі хабарлар мен бағдарламалар түсіріп, халыққа көрсетуді қолға алуы керек. Бұл бағытта жұмыс жүргізілмей отыр деп айта алмаймыз. Дегенмен, әлі де аз.

Ал өзіңіз айтқандай «Қалаулым» секілді бағдарламалар жастарды өзге бағытқа әкетіп бара жатқаны шындық. Өкінішке орай жастарды мұндай сипаттағы бағдарламалардан мүлдем тиып тастай алмаймыз. Өсек пен өтірік іздейтін қазақ «Қалаулымды» көріп, күшті мелодрама тамашалағандай болады. Әсіресе, ауылда отырған халық «Қалаулымды» көп көреді. Бұл шын мәнінде ойдан шығарылған оқиғаларға құрылған жалған бағдарлама. Соны халыққа дұрыстап түсіндіру керек. Алдымен телеарналардың деңгейі мен журналистердің таным-түсінігі өсуі қажет деп ойлаймын. Қазақы менталитет, қазақы тәрбие ұлттық тұрғыда көтерілуі қажет. Арзан дүниенің құны жоқ. Мұндай бағдарламаларда айтылған сөзді халық ертеңінде –ақ ұмытып қалады.

Кеңестік заманды әлі күнге сағынып еске алушылар бар. Олар сол замандағы кинолар мен мультфильмдерді сүйсініп көреді. Неге десеңіз, себебі кеңестік идеология өте күшті болды. Бізге де қазір сондай ұлттық идеология керек. Біз кімбіз? Қазақтың тарихы тәуелсіздіктің 30 жылымен, Қазақ хандығының 550 жылымен шектелмейді. Халқымыздың сақ, ғұн дәуірінен бергі 2000 жылдық тарихы бар. Шыңғыс ханнан да қашудың қажеті жоқ. Міне, осыларды жас ұрпаққа ұғындыратын, ата-бабаларымыздың мықтылығын, жауынгерлігін, батырлығын, тектілігін, көсемдігін насихаттайтын, ұрпақ санасына сіңіретін мультфильмдер, кинолар, бағдарламалар түсірілуі керек.

Иә, қазір телеарналарда негізінен Түркия, Корея,Үндістан, Ресей сериалдары көрсетіледі. Бірақ мен шетелдік сериалдарды көру зиян деп ойламаймын. Дегенмен барлық жағдайда белгілі бір шекара болғаны дұрыс. Сериалдың адамды өзіне баурап алатын күші бар. Оны да ақылды адамдар түсіреді. Сондықтан олардағы өмірді өзімізбен салыстыра отырып көрудің еш сөкеттігі жоқ. Бірақ бала үнді сериалдарынан көріп дінін өзгертпейтіндей, корей сериалдарын көріп құдайсыз болып кетпейтіндей болу керек. Ата-ана мұның бәрін бақылауында ұстауы қажет.

— Үштілді білім беру жүйесіне деген көзқарасыңыз қандай? Қазір кейбір Парламент депутаттары орыс тілін ресми тіл мәртебесінен айыру туралы мәселе қозғап жүр…

— Біз тек үш тілді емес, көп тілді меңгеруіміз қажет. Қазақтың балалары өте талантты, дарынды. Елбасы армандаған дамыған 30 елдің қатарына кіргіміз келсе, орыс тілі де, ағылшын тілі де, қытай тілі де қажет. Бірақ ең алдымен әрбір қазақ ана тілінде сауатты сөйлеп үйренуі шарт. «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» деген пікір бар. Сондықтан да кең далада өскен қазақтың баласы тіл үйрене беруі керек. Егер дамыған, бай да бақуатты мемлекет құрғымыз келсе, тіл үйренуден қашпағанымыз дұрыс.

Иә, орыс тілін ресми тіл мәртебесінен алып тастауы да мүмкін. Бұл да дұрыс шығар. Мен мектепті де, институтты да орыс тілінде тамамдаған қазақтың баласымын. Орыс ұлты көп шоғарланған Өскемен қаласында оқыдым. Сол кездегі ректорымыз, Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы білім министрі Ережеп Мәмбетқазиев (қазір Қазақстан- Американдық еркін университетін басқарады) 1993 жылы диплом табыстау сәтінде «Енді өздеріңді сақтап қалғыларың келсе, қытай тілін меңгеріп алыңдар» деп айтқан еді. Біз қытай тіліне әлі көп мән бере қойған жоқпыз. Бірақ орыс тілінен алшақ кете алмаймыз. Ресеймен 7 мың шақырымнан астам ортақ шекарамыз бар. Мексика мен АҚШ, Канада мен АҚШ сияқты Қазақстан да Ресеймен экономикалық-саяси жағынан етене жақын. Орыс халқынан мәртебеміз биік болуы үшін олардың тілімен сөйлеп, Лермонтов, Пушкин, Крылов, Толстой, Достоевскийді сол тілде оқуымыз керек. Абай атамыз айтпақшы, адам баласы адам баласынан білім мен ғылым арқылы ғана озады. Сондықтан мен орыс тілінен ат тонын ала қашып, біржола безіп кетуге қарсымын. Біз орыс тілін орыс халқынан жақсы меңгеруіміз керек. Ағылшын тілінде емін-еркін сөйлейтін, көп тіл білетін ұрпақ тәрбиелегім келеді.

— Соңғы кезде ауызға жиі алып жүрген мәселелердің бірі мектеп қабырғасына жыныстық тәрбие деп аталатын пән енгізу жасөспірімдер тәрбиесінің оңалып кетуінің кепілі бола ала ма?

— Иә, бұл мәселе көтеріліп жүр. Қазір жастарды көше емес, интернет тәрбиелейтін заман ғой. Бірақ білімді жастарды тәрбиелеу мақсатында жыныстық тәрбиені де қорықпай оқыту керек деп ойлаймын. Ол үшін қазақтың салт-дәстүрін, қызға қырық үйден тыюды жақсы білетін, ұлдар мен қыздарға бөлек түсіндіретін мықты педагогика мамандары керек. Оқушы бейберекет қатынастың салдары қандай пәле-жалаға, жұқпалы ауруларға әкелетінін білгені дұрыс. Мұны жасырып, қазақтың баласын қараңғы қылып өсіретін болсақ, көштен қалып қоямыз. Ұрпақтар сабақтастығы деген бар ғой. Ата-бабаларымыздың қыз алып, қыз беру дәстүрін, жеті атаға дейін некелеспеу, қан тазалығын сақтау тек қазақ халқына тән екенін үйрету керек деп ойлаймын. Мен бұл мәселеге қарсы емеспін.

— Рухани жаңғыру үшін, ұлттық кодты сақтау үшін не істеуіміз керек?

 — Рухани жаңғыру үшін, ұлттық кодты сақтау үшін қазаққа көп ізденудің керегі жоқ. Ұлтымыздың тілін, аңыз-әңгімелерін, дәстүрлерін көздің қарашығындай сақтап, батырларымен, әйгілі тұлғаларымен мақтануымыз керек. Осылардың бәрін ұрпақ санасына жастайынан сіңіре білсек, ұлттық кодты сақтау дегеніміз — осы.

Кеңес Одағы кезінде қазақтардың санын көбейтпеу үшін небір қитұрқы саясаттар жасалды. Қолдан жасалған ашаршылық 1918 жылы билік басында большевиктердің келуімен басталды. Халқымыз 1920, 1925-1926 жылдары екінші, үшінші-төртінші ашаршылыққа ұшырағанын қазір тарихшылар дәлелдеп, айтып та жүр. Әлихан Бөкейханов бастаған қазақтың зиялыларын, ғалымдарын, ақын-жазушыларын ұрпақтарымен қоса қырып-жойғаннан кейін халқымызда құлдық психология қалыптасты. «Үндемеңдер, қарсы шықпаңдар» деген үлкен буын ағаларымыздың тәрбиесі бізге сіңіп қалды. Әрине, жуастық деген жаман қасиет емес. Бірақ бүгінгі күні бізге өз пікірін ашық айтатын, ешкімнен қорықпайтын батыр ұрпақ керек. Жастарымыз 4-5 тілді меңгеріп, білім деңгейін көтерсе, сұранысқа ие мықты мамандықтарды игерсе Қазақстанның болашағы жарқын болатына сенемін. Рухани жаңғыру үшін бізге білімнен өзге ештеңе керек емес. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» немесе «Әр қазақ менің жалғызым» демекші, әр қазақ әр қазақтың жеңісіне, жетістігіне қуануы керек. Бүкіл әлемді өнерімен мойындатқан Димаш Құдайбергенді барлық қазақ мақтауы қажет. Қандай да бір қазақтың ерлігін дастан етіп жазуға болады. Қызғанышпен қарамай, әр қазақтың азғантай болсын жеткен биігіне қуана білгенде ғана өсеміз, өркендейміз. Содан кейін ұлттық кодты сақтау үшін рушылдықтан аулақ болуымыз керек. Рушылдық, жүзге бөліну дегенді қазақ мүлде ұмытып кетсе екен деймін. Қазаққа жеті атасын білсе жеткілікті.

— «Алдар көсе» мөлтекфильмінің қайбір бөлімінде бәйбішесі байды үйінен қуып шығып, «қақбастың» астына алуы қазақы тәрбиемізге қалай әсер етеді?

 — Қазақ мультипликациясына баға беретіндей кинокритик емеспін. Бірақ бұл сөздерді мен де естідім. Әрине, қазақы тәрбиеге жатпайды. Қателеспейтін тұяқ жоқ. Болашақта қазақ мультипликациясы мұндай қателіктерден арылады деп ойлаймын. Осыған бола азаматтарымыздың идеологиялық тұрғыдағы атқарып жатқан жұмыстарына теріс баға беру орынсыз болар.

— Думанғазы Семейғазыұлы, сіз қалалық қазақ тілі қоғамының төрағасысыз. Ұйымның бастамасымен осы уақытқа дейін қандай жұмыстар атқарылды?

— Қазақ тілі қоғамы бұрыннан бар коммерциялық емес ұйым. Төрағасы ретінде мен 2016 жылы сайландым. Алғашқы күннен астап біреуге есеп беру мақсатым болған жоқ. Тілді қорғаймын деп те асыра сілтеген жоқпын. Өзге ұлт өкілдерін қоя тұрып, алдымен «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұранды ұстандым. Қазір таңда қазақ тілі қоғамының он мыңнан астам мүшесі бар. Қаладағы көше атауларын қазақ тілінде атау, қоғамдық көліктерде аялдама атауларын екі тілде хабарлау секілді жұмыстармен ақырындап айналысып жатырмыз. «Арық айтып семіз шық» деген қазақтың мақалы бар ғой. Атқарған істерімізге білетін адамдар өз бағасын бере жатар.

Меніңше болашақта Қазақстанда мемлекеттік тілді қорғайтын қазақ тілі секілді қоғамдар болмауы керек. Қазақша сөйлей алатын, ойлай алатын, билік айта алатын мемлекет қалыптастырсақ, мұндай ұйымдардың да керегі болмай қалады. Бұл уақытша құрылған ұйым деп ойлаймын.

— Думанғазы Семейғазыұлы, уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге көп рақмет! Қызметіңізге жеміс тілеймін!

 Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Мақалада: Думанғазы АрғынғазинҚР Тәуелсіздігіне 30 жылұлттық идеология

Ұқсас жаңалықтар

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

36 минут бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

38 минут бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

39 минут бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

4 часа бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

4 часа бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

4 часа бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

5 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС