"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Әкімді сайлаған халық орнынан да ала алады

21.07.2021
Әкімді сайлаған халық орнынан да ала алады
42
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде 25 шілде күні өтетін ауыл әкімдерінің сайлауы қарсаңында үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Осы сайлауда халық 730 ауылдың жаңа әкімін тағайындайды. Қалған 45 басшы ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімдері аяқталғаннан кейін жыл соңына дейін анықталмақ.

Бұл сайлауда Семей өңіріндегі Айнабұлақ, Алғабас, Достық, Жиенәлі ауылдық округтерінде де жаңа басшы тағайындалмақ. Сайлаудың өту барысы туралы Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаевтан сұрап білген едік.

Әкімді сайлаған халық орнынан да ала алады

 — Зейнолла Қалымбекұлы ауыл әкімдерін халықтың тікелей сайлауы елімізде алғаш рет енгізіліп отыр? Семей өңірі бойынша сайлауға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде?

 — Ауыл әкімдерін халықтың тікелей сайлауы еліміз бойынша ең алғаш 1999 жылы Алматы облысында тәжірибе ретінде өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу туралы айтты. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және «Саяси партиялар» туралы ҚР Заңына өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.

Бұрын қандай да бір сайлау болғанда біз Президенттің Жарлығын күтетінбіз. Бұл өзгеріс аумақтық сайлау комиссиясының құзыретін жоғарылатты. Аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастырып өткізумен қатар, процесті бақылайды. Мемлекет басшысы сайлауды әділ, ашық, еш кемшіліксіз өткізуді қатаң талап етіп отыр. Уаскелік сайлау комиссия мүшелері өз жұмыстарын мүлтіксіз орындауы қажет. Біз соны бақылаймыз.

Ауыл әкімдерінің өкілеттілігінің аяқталуына 10 күн қалғанға дейін 30 күн бұрын, яғни 40 күн бұрын сайлау өтетін округ айқындалып, сайлау жарияланады.

Семей өңірінде 14 ауылдық және кенттік округ бар. Соның ішінде биыл 4 ауылдық округте – Айнабұлақ, Алғабас, Достық, Жиенәлі ауылдық округтерінде ауыл әкімін сайлау процесі өтеді. Үміткерлерді ұсыну сайлау айқындалған күннің ертеңінде басталды. Елімізде ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді ұсынудың 3 жолы белгіленген: өзін-өзі ұсыну тәртібі (тиісті қалада немесе ауылдық округте тұратын сайлаушылардың кемінде бір пайызынан қол жинау арқылы); саяси партиялар өз мүшелері арасынан; егер ұсыну мерзімінің соңында екіден кем үміткер ұсынылған жағдайда, аудан немесе облыстық маңызы бар қала әкімі үміткер ұсынады.

14 шілде күні Семей өңірі бойынша аталған төрт ауылдық округ әкіміне 12 үміткерді тіркедік. «Nur Otan» партиясы 3 ауылдық округке бір үміткерден және «Ауыл» партиясы бір үміткер, қалған 8 үміткер өзін-өзі ұсынды.

14 шілде күні сағат 18.00-ден кейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы, өмірбаяны мен еңбек жолы «Семей таңы» газеті бетінде жарияланды. Үгіт-насихат жұмыстары 23 шілде күні сағат 00.00-де аяқталады. 24 шілде – тыныштық күні. Сайлау 25 шілде күні өтеді. Қорытындысы 3 күн ішінде шығарылады.

Айта кететін жайт, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан бөлінген қаражат негізінде барлық сайлау учаскелері қажетті санитарлық құралдармен жабдықталып, комиссия мүшелері мен бақылаушылар вакцинациядан өтті.

— Мүмкіндігі шектеулі жандар сайлауға қалай қатысады? Қандай жағдайлар жасалған?

 — Орталық сайлау комиссиясы мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуына, оларға жағдай жасауға баса көңіл бөледі. Айнабұлақ, Алғабас, Достық, Жиенәлі ауылдық округтеріндегі сайлау учаскелері әлеуметтік қызметкерлердің тексерісінен өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық қажетті жағдай жасалды. Сайлауға баруға мүмкіндігі жоқ жандар 25 шілде күні сағат 12.00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына өтініш берулері керек. Өтініш бермеген жағдайда, өздері келіп дауыс береді.

— Ауылдық округ әкіміне үміткерлерге қандай талаптар қойылады?

— Әлбетте, үміткерлерге қойылатын талаптар бар. Үміткерді тіркегеннен кейін 5 күн ішінде арнайы тексеру жүргізіледі. Қазақстан халқының 41 пайызы ауылда тұратындықтан, ауыл әкімдерінің білікті әрі жан-жақты білімді болуы айтарлықтай маңызды. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округі әкімдігіне сайлауға 25 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Сондай-ақ сотталмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасау фактісі болмауы, мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл, мемлекеттік органға жатпайтын ұйымдарда кемінде екі жыл қызмет атқаруы тиіс.

Байқасаңыздар уақыт пен заманның өзгерісін өте тиімді пайдаланып, шынайы елге жұмыс істеудің жолдарына ұмтылып, нақты практикалық тәжірибе қалыптастырып жатқан жастар мен қоғам белсенділері дұрыс бағытта келеді. Бұл сайладың артықшылықтары — әкімді халық сайлайды,сайлаған әкімді халық орнынан да ала алады. Әкімге сол ауылдағы жер салығынан, көлік салығынан, жеке бас салығынан, туризм саласынан түскен салықтар мен жеке кәсіпкерлердің жарналарынан бөлек 11 салықтың түрі беріледі. Оны әкім ауыл кеңесімен ақылдаса отырып жұмсайды. Ауыл кеңесі әкімнің жұмысын бақылайды. Бір әкім 4 жыл мерзімге сайланады әрі 2 реттен артық сол ауылға әкім сайлауына түсе алмайды. Бұл сайлауда халық дұрыс таңдау жасап, адал әрі еңбекқор басшыны әкімдікке сайлайды деген үміттемін.

 — Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Мақалада: ауыл әкімдерін сайлауЗейнолла Тоқаевсайлау 2021

Ұқсас жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

10.08.2026

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

10.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!   Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл...

Толығырақ...Details

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10.08.2026
Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы және қоғам ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына...

Толығырақ...Details

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

10.08.2026
eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Gov.kz порталында азаматтарға алдағы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын...

Толығырақ...Details

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

10.08.2026
Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штаб мүшелері Абай облысына келді. Жұмыс бағдарламасы Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

22 часа бұрын

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

22 часа бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

1 день бұрын

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

1 день бұрын

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

1 день бұрын

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

1 день бұрын

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

2 недели бұрын

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

2 недели бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

2 недели бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС