"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІ БЕС ЕСЕГЕ АРТТЫ

31.12.2021
БЮДЖЕТ
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінде өткен жиында қала ішіндегі коммерциялық жер телімдеріне жер пайдалану құқығын конкурс арқылы беру мәселесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының және 48-бабының негізінде сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға беру құқығын сату бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электронды түрде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген.

Семей қаласының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер учаскелерін жалға беру құқығын сату бойынша 5 электрондық аукцион өткізілді. 5 аукционға 119 жер телімі қойылып, оның 76-сы сатылды. Бастапқы баға 16,4 млн теңге болса, бұл жер учаскелері 220,1 млн теңгеге сатылды.

Жерге орналастыру жобаларын өндіру бойынша конкурстарды ұйымдастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Семей қаласы бойынша филиалының ШҚО бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімімен жалпы сомасы 5,4 млн теңгеге 4 келісімшарт жасалды. Жер телімдерін сату бойынша тендерлер өткізілді.

Жалдау құқығын сатудан түскен жалпы түсім бүгінгі күні 232,9 млн теңгені, ал жоспар 113,2 млн теңгені құрады. 2021 жылдың 10 желтоқсанында өткен аукционнан жыл соңына дейін тағы 9,0 миллион теңге түседі деп күтілуде.

2021 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша 8 конкурс өткізілді.

Бірінші конкурсқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15 жер учаскесі шығарылды, жалпы ауданы — 17,8 мың гектар, конкурс нәтижелері бойынша агроқұрылымдарға 10 жер учаскесі берілді, жалпы ауданы — 11,0 мың гектар.

Екінші конкурсқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы 16 жер учаскесі шығарылды, жалпы алаңы — 17,3 мың гектар, конкурс нәтижелері бойынша агроқұрылымдарға 12 жер учаскесі берілді, жалпы алаңы – 13,5 мың гектар.

Үшінші конкурсқа жалпы алаңы 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4 жер учаскесі қойылды, конкурс нәтижелері бойынша шаруа қожалығына жалпы алаңы  0,7 мың гектар 1 жер учаскесі берілді.

Төртінші конкурсқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы 16 жер учаскесі шығарылды, жалпы ауданы – 18,7 мың гектар, конкурс нәтижелері бойынша агроқұрылымдарға 14 жер учаскесі берілді, жалпы ауданы – 15,4 мың гектар.

Бесінші конкурсқа жалпы алаңы 1,3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2 жер учаскесі қойылды, конкурс нәтижелері бойынша жалпы алаңы 1,3 мың гектар 2 жер учаскесі агроқұрылымдарға берілді.

Алтыншы конкурсқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15 жер учаскесі қойылды, жалпы ауданы – 32,5 мың гектар. конкурс нәтижелері бойынша 8 жер учаскесі агроқұрылымдарға берілді, жалпы ауданы – 7,0 мың гектар.

Жетінші конкурсқа жалпы ауданы 14,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 17 жер учаскесі қойылды, конкурс нәтижелері бойынша 14 жер учаскесі агроқұрылымдарға берілді, жалпы ауданы – 12,7 мың гектар.

Сегізінші конкурсқа жалпы ауданы 22,7 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 14 жер учаскесі шығарылды, конкурс нәтижелері бойынша жалпы ауданы 20,0 мың га 13 жер учаскесі агроқұрылымдарға берілді.

Конкурс қорытындысы бойынша жалпы ауданы 81,6 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 74 жер учаскесі агроқұрылымдарға берілді.

Веб-портал арқылы электрондық сауда-саттық сатушы мен әлеуетті сатып алушылардың байланысын толығымен болдырмауға мүмкіндік береді, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алады, сауда-саттықтың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді және қатысушыларды кең ауқыммен тартуға мүмкіндік береді, соның арқасында бәсекелестік деңгейі артады.

Осы мәселені талқылау қорытындысы бойынша, Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов келесі жылға жеке тұрғын үй құрылысы үшін 400-ге жуық жер телімін бөлуді қарастыруды тапсырды.

— Біз қалада тұрғын үй құрылысына сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз. Бұл учаскелердің инфрақұрылымы жүргізілген болуы тиіс. Электрмен, сумен жабдықтау және басқа коммуникация мәселелерін шешуге мұқият қарау керек. Бұл әсіресе қарқынды дамып келе жатқан Комсомол және Ұшақтар аудандарына қатысты, — деді Бақытжан Байахметов.

 Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: БЮДЖЕТ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

10 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

10 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС