"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

OMICRON: ЖАҢА МУТАЦИЯНЫҢ БЕЛГІСІ ҚАНДАЙ?

17.01.2022
OMICRON
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Африканың оңтүстігінен коронавирустың «omicron» атты тағы бір мутацияланған түрі пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл штамды оңтүстік Азияны есеңгіретіп кеткен «дельта» штамынан да қауіпті деп атады. Қазір ғалымдар аталған вирус жайлы барынша көбірек білу үшін күндіз-түні сараптау жүргізіп жатыр.

Жаңа мутацияны алғаш анықтаған Оңтүстік Африка Республикасының ғалымдары. B.1.1.529 штамы Оңтүстік Африка республикасынан 9 қараша күні алынған сынамадан анықталған. 24 қарашада ел үкіметі ДДСҰ-ға жаңа штамм жөнінде баяндаған. Ұйым жанындағы арнайы кеңес екі күн ішінде бар ақпаратты саралап, ДДСҰ-ға мутацияны «алаң тудырған штамм» деп атауды ұсынған. Бұл штамның қауіпті екенін және оның жылдам тарап жатқанын білдіреді. «Оmicron» коронавирус вакцинасына төзімді болып, індетті ушықтыруы мүмкін деген алаңды күшейтті. Жаңа штамм 25 қараша күні Гонконг пен Ботсван тұрғындарынан, кейін Израиль мен Бельгиядан табылды. Аталған вирус қазір әлемнің көптеген елдеріне тарап үлгерді.

Дүние жүзімен бірге біздің еліміз де коронавирустың жаңа толқынымен бетпе-бет келуде. Бүгінде Қазақстанның барлық облыстары мен өңірлерінде ауру санының артуы байқалып отыр. Республика бойынша күніне 10 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 16 қаңтар күнгі ақпарат бойынша елімізде індеттің 11 524, ШҚО-да 213 жаңа ошағы тіркелген. Біздің облысымыз 17 қаңтардан бастап «қызыл» аймаққа өтті.

Ғалымдардың айтуынша, омикрон штамы жайлы мәлімет өте аз. Сондықтан оның қауіп-қатері мен қандай зардап әкелуге қауқарлы екенін дәл айту қиын. Бірақ Оңтүстік Африка Республикасы ғалымдарының айтуынша, аталмыш мутацияның қауіптілігі – тез тарағыш, тез жұққыш келетіні. Вирус жұқтырудың нақты белгілерінің бірі – қатты шаршау, дене қызуының көтеріліп, жүрек соғысының жиілеуі, жалпы әлсіздік, тамақтың ашуы, дененің қақсап ауыруы мен құрғақ жөтел. Иіс сезу мен дәм сезу жоғалмайды. Егер осы белгілерді байқасаңыз, бірден дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Өздігіңізден диагноз қойып, ем қабылдауға болмайды. Сондай-ақ жаңа мутацияның тағы бір қауіпті тұсы – иммунитетті алдай алатыны. Ондай жағдайда вакцинаның көмегі аз болатынын айтып отыр ғалымдар.

Дәрігерлер вакцина салдырмаған азаматтарда, сондай-ақ қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарда ауруды өткеру ауыр болатынын айтуда. Жаңа штамм сондай-ақ әлем бойынша жастар арасында қарқынды тарап жатыр.

ДДҰ мәліметінше, қазір жаңа штамм төңірегіндегі үш сұрақтың жауабы анық болмай тұр: штамм қаншалық жұқпалы, әлде аурудың тез тарауы штамның имундық реакцияны алдай алуына байланысты ма, әлде екі фактор да бар ма? Қазіргі вакциналар аурудың жұқтырудан, таратудан, ауыр халге түсуден, өлімнен қаншалықты қорғайды? Штамм ауыр халдің жаңа түріне әкеле ме?

ДДСҰ-ның мәлімдеуінше, вирустың жаңа штамына төтенше шара қолдану үшін алдымен осы сұрақтардың жауабы белгілі болуы тиіс. Ұйым омикронның қаншалық ауыр вирус екеніне көз жеткізу үшін бірнеше апта қажет дейді.

ПТР — тестер жаңа штамды коронавирус ретінде анықтай береді, бірақ оның дәл осы омикрон екеніне көз жеткізу үшін қосымша зертханалық талдау қажет. Мамандардың айтуынша, омикронның жағдайында ПТР-тесті көздейтін үш геннің бірі (S гені) көрінбейді, осыны маркер ретінде қарастыруға болады.

Отандық инфекционист дәрігерлер жаңа штамды, сонымен қатар коронавирустың басқа да штамдарынан профилактикалық іс-шараларды сақтау мен вакциналау ғана көмектесетінін айтуда. «Омикрон» штамы ушығып тұрған әлемнің басқа елдерінде коронавирустың бұл түріне шалдыққандардың дені вакцина салдырмағаны анықталып жатыр. Сондықтан дәрігерлер ел тұрғындарын вакцина алуға, ревакцинациядан өтуге шақырады.

Елімізде 2022 жылғы 16 қаңтардағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 9 059 198 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырған. Ал коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 8 616 985 адам салдырды. Сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы 15 қаңтардағы деректер бойынша, «Pfizer» вакцинасының I дозасын 436 344 адам, ІІ дозасын 224 074 адам салдырды. Оның ішінде: І-ші компонентімен 350 852 жасөспірім, 24 192 жүкті әйел, 61 260 бала емізетін әйел егілген. Ал ІІ компаненті 180 724 жасөспірімдер, 11 808 жүкті әйел, 31 530 бала емізетін әйелге салынған.

Аймағымыз вакцинация бойынша көш бастап тұр. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ересек тұрғындардың 100 пайызы, балалар мен жасөспірімдердің 98,3%-ы, жүкті және бала емізетін әйелдердің 24,2%-ы вакцина алған.  Қазіргі уақытта облыста балалар мен жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған Pfizer вакцинасының 57 563 дозасы бар. Ағымдағы жылдың 14 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстың ересек тұрғындарының 100 мыңға жуығы (99 942)  ревакцинациядан өткен.  Айдың соңына дейін облыстың тағы 138 мың (138 837) тұрғыны ревакцинациямен қамтылады деп жоспарлануда.

«Ересек контингентті ревакцинациялау үшін 18,5 мың (18532) доза вакцина резерві бар. Сонымен қатар келесі аптада қосымша 65 000 вакцинаны (44 000 доза Sinopharm және 21 000 доза Sputnik Light) жеткізу жоспарлануда»,- дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Вакцинация мен сақтық шаралары арқылы ғана өзімізді және жақындарымызды індеттен қоғай алатынымызды есте ұстайық.

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: OMICRONЖАҢА МУТАЦИЯНЫҢ БЕЛГІСІ ҚАНДАЙ?

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

23 часа бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

2 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС