"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚАЗАҚСТАН НАНЫ» ФЕСТИВАЛІ — ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

21.04.2014
«ҚАЗАҚСТАН НАНЫ» ФЕСТИВАЛІ — ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде жергілікті этномәдени бірлестіктер өкілдерінің басын қосқан «Қазақстан наны» атты ерекше фестиваль өтті. Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХХІ сессиясына орай қалалық Достық үйінде ұйымдастырылған шараға шаһардағы 16 ұлттың мәдени орталығы қатысты.

Бүгінгі күні Семей өңірінде 80 ұлттың өкілі тату өмір сүріп жатыр. Бұл жолғы мәдени шараға  солардың ең белсенділері қатысты. Қалалық  Достық үйінің директоры Шолпан Балғозинаның айтуынша, фестивальді ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстанды мекен етуші ұлттар арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайту. Сонымен қатар, әр ұлттың ұлттық тағамдарын насихаттау,  мәдениетімен жақын танысу. Сондай – ақ, бұ-рынғы жылдары жиі өткізілетін дәстүрлі “Нан”  фестивалін жаңғырту екен.

Іргелі шараның беташарын қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Смаилова алғысөзбен ашты. Қасиетті Семей жеріндегі сан ұлттың өкілдері ішкі тұрақтылық пен тұтастықты қолдай отырып, ауызбіршілікте өмір сүріп жат-қанын айтып өткен Ғ.Жақыпқызы аталмыш    шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Қатысушылардың барлығына да ақ жол тілеп, фестивальге қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Ұлттар татулығының айқын көрінісі саналатын байқауға әрбір этномәдени бірлестік жоғары   даярлықпен келіпті. Сайыстың бірінші кезеңі  бойынша ұлттық орталықтар өздерінің наннан әзірленген тағамдарының көрмесін ұйымдастырды. Ал келесі кезекте, орталық мүшелері сол ұлттық ас түрлерін әнмен, салт-дәстүр көріністерімен, өлеңмен  таныстырды. Ал байқау соңынан ұлттық орталық өкілдері  өнерлерін ортаға салды.

Дастархан мәдениеті бойынша татар мен корей этномәдени бірлестіктеріне ешкім жетпеді. Бұл күні олар даярлаған дастарханнан ас атасының түр-түрі орын алды. Ал ән мен биден орыс,  неміс ұлтының өкілдері белсенділік танытты.

 

{jcomments on}- Фестивальдің «Қазақстан наны» аталуының өзі зор мағына береді. Себебі, ас атасы нанның барлық ұлттардың түсінігінде ынтымақтың, қонақжайлық пен молшылықтың символы. Біз бүгінгі байқауға мыңдаған ғасырлар бойғы тарихы бар, Мұса     Пайғамбар дәуірінен бастау алатын манна мен маца тағамын әкеліп отырмыз, — дейді Семейдегі Еврей мәдени орталығының мүшесі Илья. Аталмыш шараға көрімдік ретінде Еуразиялық еврей қоры маца қытырлақ нандарын жолдап жіберіпті.

 

Ал, корей қызы Ольга балық пен көкөніс түрлерінен әзірленген ұлттық тағамдарын әзірлеп әкелгендіктерін айтады. Оның ішінде нан өнімдерімен қатар корей ұлтының дәстүрлі салаттары мен салқын тағамдарының бірнеше түрлері де орын алыпты.

Достық үйіндегі осы шараға кездейсоқ келгендер де дәм ауыз тиіп жатты. Әрқайсысына учпучмак, қалаш, шелпек пен бауырсақ үлестірілді.

— Әр түрлі ұлтпен көрші тұрамыз. Біріміздің тағамдарымыздан біріміз дәм татып, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған фестивальден де көп нәрсе түюге болады екен, — дейді Татар мәдени орталығының өкілі Гүлфия Бапанова.

Фестивальдің соңы әуелете салған ән мен ұлттық нақыштағы билерге ұласты.

 

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

16 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

17 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

17 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

17 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

17 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС