"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САХНА ТӨРІНДЕ АРДАГЕРЛЕР

21.04.2014
САХНА ТӨРІНДЕ АРДАГЕРЛЕР
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Республикалық ардагерлер кеңесінің шешімі бойынша еліміздің әр аймағында «Қайран ерлер – қаһарман ардагерлер» атты фестиваль өтуде. Осыған орай қалалық Достық үйінде Семей қалалық ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен фестивальде Семейдегі түрлі ұлттық ұйымдар өкілдері, әр саланың ардагерлері ән, би, мүшайра және аспапта орындау аталымдары бойынша өнерлерін көрсетіп, өзара сайысқа түсті.

Ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттап, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне  құрмет көрсету мақсатында өткен  фестивальге қалалық ардагерлер  кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақовтың төрағалық етуімен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Ардақ Қабышева, қалалық өнер ардагерлері        кеңесінің төрағасы, композитор Қадыр Досымжанов және Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің хор дирижері Зухра Ғабитова сынды өнер, мәдениет саласының мамандары қазылық етті. Шара барысында тілшілерге сұхбат берген қазылар алқасының төрағасы Амантай Доғалақов:

— Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай арнайы өткізіліп отыр-ған республикалық фестиваль 3 кезеңнен тұрады. Жалпы, шарада 55 жастан асқан ардагерлерге бақтарын сынауға мүмкіндік бар. Қалалық фестивальде 45 нөмір болады деп күтілуде. Соның ішінен ең үздік деп танылғандар алдағы мамыр айында Өскеменде өтетін облыстық фес- тивальге қатысады. Ал, облыстық фестиваль жеңімпаздары Елордасы Астана қаласының орталық алаңында келер жылдың 9 мамыры күні өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шеруде өнер көрсететін болады, — дейді.

Фестивальге қатысушылардың бірі -«Айша бибі» ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Айман Боқбасарова ардагерлер үшін мемлекет   тарапынан үнемі көңіл бөлініп, өздерінің өнерлерін көрсетуге осындай үлкен мүмкіндік беріліп отырғанына өз басы өте қуанышты екендігін жеткізді. Сонымен қатар, аталмыш ұлттық-мәдени орталық мүшелері егде жастағы адамдар болса да, сахнаға шығып, өнер көрсетуде алдарына жан салмайтынын тілге тиек      еткен Айман Боқбасарова фестивальде жеңімпаз атану үшін аянып қалмауды да айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

{jcomments on}Амантай Айтмырзаұлының кіріспе сөзінен соң «Қазына» өнер ардагерлерінің қазақ фольклорлық ансамблі сахна шымылдығын ашты. Одан кейін күміс көмей, жезтаңдай әншілер мен мың бұралған бишілер өнерлерін ортаға салды.

 

Үзіліс арасында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор, дәстүрлі әнші Тұрсын-ғазы Рахимов сынды өнер майталмандары әннен шашу шашып, көрермендердің көңілін тасытты.

Түрлі ұлттық киімдерді киген ардагерлер қауымы шат — шадыман күй кешіп, осындай шараға қатысуға мүмкіндік алғандары үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

08.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

Semeytany.kz – Беларусь елінің Минск облысында өтіп жатқан «Достастықтың балалары» атты халықаралық мәдени-танымдық форумға Абай облысының оқушылары қатысуда. Шара 7–16...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

08.07.2025
Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd корпорациясының басшысы Ли Цзюнь бастаған делегациямен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

08.07.2025
Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу,...

Толығырақ...Details

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

08.07.2025
Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысында өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы...

Толығырақ...Details

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

08.07.2025
Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

Semeytany.kz – Абай облысында мүлік пен жер салығының мөлшері артты. 2024 жылға арналған төлем мерзімі 1 қазанға дейін белгіленген. Бұл...

Толығырақ...Details

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

08.07.2025
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

35 жылдан кейінгі жаңару: Семейдегі жылу желісіне жаңа дем берілді

40 минут бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

19 часов бұрын

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

19 часов бұрын

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

19 часов бұрын

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

19 часов бұрын

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

20 часов бұрын

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

20 часов бұрын

Шекарадан жанармай мен ірі көлемдегі ақша алып өтпек болғандар ұсталды

20 часов бұрын

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

3 дня бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС