"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ләйлә МАУСЫНБАЕВА: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ДЕП ҚАРАЙМЫН

05.03.2022
Ләйлә МАУСЫНБАЕВА
76
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сіз қайда жүрсіз?

Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Ұрпақ өсіруімен қатар, тәуелсіз еліміздің еңсесін тіктеуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері аз емес. Солардың бірі — Семей қаласының Құрметті азаматы, Семей медицина университетінің академик Т.К.Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының  профессоры, Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, аяулы ана, бір әулеттің  алтын қазығына айналған қазақтың ардақты қызы Ләйлә Маусынбаева. Мереке қарсаңында  біз Ләйлә Насырқызымен сұхбаттасқан  едік.

— Ләйлә  Насырқызы! Сіздің есіміңіз Семей жұртына ғана емес, республика  халқына жақсы таныс. Өзіңізді еліміздің ғылым саласына үлкен үлес қосқан ғалым ретінде құрмет тұтамыз. Соңғы кездері көрінбей кеттіңіз… Қазір Сіз қайда жүрсіз?

—  Мен  ең бірінші ғалыммын. Бүкіл саналы ғұмырымды  білім беру, білгенімді  жастарға үйрету, өскелең ұрпақты тәрбиелеу  жолына арнаған адаммын. Қазіргі таңда білім беру саласында қызмет атқарамын, бұл — менің өмірлік жолым.

—   Сіздің ғалымнан жоғары тұратын «лауазымыңыз» ана  ғой. Ендеше, ардақты ананың ұрпақтары жайлы біле отырсақ…

—  Біздің үйдегі Серікбай ағаларыңыз да  ғалым екенін білесіздер. Айнұр және Айгүл атты екі қызымыздың бірі — ғалым, екіншісі  заң саласында қызмет істейді. Екі қызымыздан тараған ұрпақтарымыздың алды   бұл күндері  жоғары оқу орындарын бітіріп, мамандықтары бойынша әр салада қызмет атқарып жатыр. Бірі  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ал екіншісі КИМЭП-ті  бітірген. Олардан кейінгілері    әлі студент, бірі шет елде — Оңтүстік Кореядағы Пуссан Ұлттық университетінде білімін шыңдауда, екіншісі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс алып жатыр. Ал  жиендеріміздің кенжесі  2-сыныпта оқиды.

—  Жиендеріңіз қай тілде сөйлейді? Ана тілін жақсы біле ме?

— Әрбір халық өзінің ана тілімен ғана бақытты деп ойлаймын, жиендерім ана  тілінде сөйлейді. Сонымен қатар қазіргі заманның талабына сай үш тілді де жетік меңгерген.

— Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма?

—  Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөзін жастарға қатысты ой айтқанда жиі қайталаймын. Жастарды тәрбиелеу, оларға дұрыс бағыт беру — біздің  борышымыз. Адам капиталына  құйылып жатқан  басты инвестиция — жастар. Олардың  білімді, қабілетті,  үздіксіз білім алу мен үйренуге ынталы болып өсуіне бүкіл қоғам жауапты.  Мықты мемлекет жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне ерекше көңіл бөліп,  жастардың саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салуы керек. Қазіргі таңда біздің елімізде  осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жастардың кадрлық резерві» жобасын ел болашағына жасалған қамқорлық деп түсінемін. Өкілетті билік құрамынан жастар  мен  әйел адамдарға квота бөлінуін  де дұрыс қадам деп есептеймін.  Өз ойын ашық айта алатын өжет, заман ағымына сай  өсіп келе жатқан қазіргі білімді  жастарды көргенде қуанамын.

Өзіме келер болсам, «Баладан немере ыстық» деген рас екен, қазір уақытымның көбін жиендеріме арнаймын. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды саналарына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, елін, жерін сүйетін азаматтар болып ержетсе арманым жоқ.

— Отбасының берекесі, бақыты әйелге байланысты ғой.  Сізді жұрт Серікбай ағаны ерекше құрметтейді, бабын таба біледі деседі. Тіпті ағамыз түннің қай мезгілінде кімді үйге алып келсе де, ол ғалым бола ма, қарапайым жұмысшы бола ма — бәрібір, дастарқанын жайып, құрметтеп күтеді екенсіз. Осы қасиет Сізге ана сүтімен берілді деп ойлайсыз ба?

— «Ұяда не көрсең – ұшқанда соңы ілерсің» дейді ғой.. Әкем Кенбаев Насыр Ахметуалиұлы — ұлағатты ұстаз, соғыс ардагері. Мектеп бітіре салысымен, 1939 жылы әскерге аттанды, Фин, Ұлы Отан соғыстарына қатысты. Көптеген ордендермен, медальдармен марапатталып, капитан шенінде аман-есен елге оралды. ҚазМУ-ді тарих мамандығы бойынша бітіріп, Шар қаласындағы мектепте мұғалім, кейін директор болып қызмет атқарды. Әкем мен анам Әтина Қыздарбекқызы 69 жыл бірге өмір сүріп, бақытты ғұмыр кешті. Анамыз соғыстан кейін судья болып қызмет атқарды. «Ана» десем, көзіме жас келеді, ер-азаматты сыйлау, адамдарға мейірімді, қайырымды болу сияқты қасиеттер әлемнің жарығын сыйлаған анамның ақ сүтімен бойыма дарыған. «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» демекші, ата-анамнан алған тәлім-тәрбиенің арқасында отбасымды бақытты ете алдым деп ойлаймын.

Отбасы — бақыттың тірегі. Иә, отағасы қонақжай болғандықтан, үйден қонақ үзілмейді. Отағасы Серікбай Сәлімбекұлы Маусымбаев – ғылым докторы, ҚР және РФ-ның физика профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Семей және Курчатов қалаларындағы Академия филиалының төрағасы, Аягөз ауданының Құрметті азаматы. Шәкәрім атындағы университетте қызмет етіп келе жатқанына 51 жылдан асты. 31 жыл кафедра меңгерушісі, 10 жыл проректор болды. Отау құрғанымызға биыл 53 жыл толып отыр.

Біз жар мен ар алдындағы парыздарына адал болған, сол міндеттеріне мүлтіксіз қызмет еткен аналардың ақ сүтін емген  ұрпақпыз. Бала тәрбиесіне ұлт болашағы деп қараған ұрпақтың өкіліміз. Алдыңғы буынның осындай асыл қасиеттерін  үлгі етіп өскен біздер  үшін  артымыздан еріп келе жатқан кейінгі буынға өнеге болу   маңызды.

— Қазіргі жас келіндердің бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

— Қыздарға болашақ ана ретінде отбасында тәрбие берілу керек. Қазақтың келіндері инабатты, иманды болса деймін.

— Қазір әжелер мен аталарымыз да ғаламторды, әлеуметтік желіні қолданады. Сіз әлеуметтік желіні пайдаланасыз ба?

— Заман ағымына сай әлеуметтік желіде жұмыс бабымен көп отырамын.

— Аналарға, қыздарға мереке қарсаңында қандай тілек айтар едіңіз?

— Ардақты аналарды, аяулы келіндер мен қыздарымызды шуақты көктеммен бірге келген 8 Наурыз — халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Еңбектеріне шығармашылық табыс, отбасыларына амандық, бақ-береке, денсаулық тілеймін.

— Ләйлә Насырқызы, Сізді де мерекеңізбен құттықтаймыз! Мереке қарсаңындағы  мағыналы әңгімеңізге  рақмет!

 

Сұхбаттасқан Роза МАУЫЛХАНҚЫЗЫ

Мақалада: Ләйлә МАУСЫНБАЕВАҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

28.05.2025
Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

Семей таңы – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай облысында ерекше форматтағы маңызды жиын өтті. «Бала әл-ауқаты...

Толығырақ...Details

Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

28.05.2025
Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

Семей таңы – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарихи мәні терең, жүректі толқытатын тың жинақтың...

Толығырақ...Details

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

29.08.2024
Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті. «5-ші...

Толығырақ...Details

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

28.08.2024
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рәсімі өтті. Бұл оқиға көшпенді...

Толығырақ...Details

«Батыс Африка елдерінің ойыны – овариден алтын медаль алуға үміттіміз»

23.08.2024
«Батыс Африка елдерінің ойыны – овариден алтын медаль алуға үміттіміз»

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бұл ойындарда бірнеше елден келген спортшылар ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан бөлек, түріктің...

Толығырақ...Details

Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

22.08.2024
Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында құсбегілер Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құсбегілік (саятшылық) федерациясының атқарушы директоры Базарбек Күнтуғанның айтуынша...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 226 нысан пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Президент кеңесшісі Абай облысына жұмыс сапарымен келді

3 дня бұрын

Айдар Садырбаев «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

3 дня бұрын

Абай облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді

3 дня бұрын

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

3 дня бұрын

Семейде чип пен электроника өндіретін зауыттың құрылысы басталды

3 дня бұрын

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

3 дня бұрын

Семейде балалардың қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениеті талқыланған форум өтті

3 дня бұрын

Үржарға алғаш рет SCAT әуе рейстері қатынауды бастады

4 дня бұрын

Облыс әкімі Саржал ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС