"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

28.03.2022
ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қоғамның рухани, әлеуметтік, өркениетті дамуына серпін беретін  білім екендігі мәлім. Адамзат тарихында білім беру жүйесінің түрлері көп болған.  Бүгінде Ата Заңын зайырлы қағидаттарға негіздеп құрылған демократиялық тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі зайырлы және діни сипатта екі бөлек жүйеде қарастырылады. Осы ретте білім беру жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты − ұлттық білім моделін жасау. Қоғам мен діннің өзара ықпалдастығының тиімді моделін табу қажеттігіне назар аудара отырып, еліміздің тарихи таңдауы зайырлы білім мен зайырлы мемлекет болып саналатынын айтуымызға болады. Біз зайырлы мемлекеттің негізіне ар-ождан бостандығы, діни нанымдардың теңдігі, діни конфессияларға қатысты саяси биліктің бейтараптығын жатқызамыз.

Қазіргі  кезеңде заманауи білім беру жүйесіндегі зайырлылық мәселесі өзекті мәселе екендігіне ешкімнің таласы жоқ. «Зайырлылық» термині еліміздің конституциясында айқындалған болса, білім беру жүйесінде осы сипатта екені еліміздің заңнамаларымен кепілдендірілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген. Осындағы «зайырлы» ұғымы діннің мемлекеттік саясаттан бөлінгендігін білдіреді. Сондай-ақ, «зайырлы» ұғымы мемлекет ұстанымының дінге деген демократиялық сипатын танытады. Аталмыш заңның зайырлылық туралы нормасы елдегі діни қатынастарды реттеудің конституциялық негізін құрайды. Сонымен қатар, 2011 жылы қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының (29.12.202ж. толықтырылды) преамбуласында «Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады» деп жазылуы Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігін дәйектейді.

Өкінішке орай, бүгінде діни сауатсыздық проблемасы қоғамдағы радикалды идеялар мен жат көзқарастардың таралуына жол беретін басты себепке айналып отыр. Азаматтардың санасында радикалды идеяларға қарсы иммунитет қалыптастырып, оларға мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын дұрыс жеткізе білу әрі халықтың дәстүрлі құндылықтарына қызығушылығын арттыру үшін діни және дінтанулық білімнің барлық деңгейлерін жете дамыту заман талабына айналған аса маңызды мәселелердің бірі саналады. Ал зайырлы қоғам дамуының басты талабы – зайырлы білімнің дамуына көңіл бөлу. Десек те, «білім берудің зайырлылық сипаты» ұғымы аталған құжаттарда анық көрініс таппағандықтан, біздің қоғамда өскелең ұрпаққа дәстүрлі адамгершілік және рухани тәрбие беру желісінде осы мәселе жиі көтеріліп отыратынын мойындауымыз керек. Ең бастысы, мемлекет зайырлы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, қоғамда қызмет атқарып отырған барлық діндердің заң шеңберінде еркін қызмет атқаруларын және олардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етеді. Осы қатарда білім беру жүйесіндегі зайырлы ұстанымды қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Білім берудің зайырлылығы – ол білім беру жүйесінің діннің нұсқауы, талабы мен қысымынан тәуелсіз екенін және білім беру қызметінің діни бірлестіктерге бағынбайтынын білдіретін сипат. Бұл – мемлекеттің білім беру бағдарламасында діни рәсімдерді жүргізуге және дінді насихаттау мен таңуға жол берілмейді деген сөз.

Зайырлылық қағидаттары заңнамалық нормалар арқылы бекітілетіндіктен, бұл орайда алдымен заң тілімен сөйлеуге тура келеді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 3-бабының 4-тармағы бойынша діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады. Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сəйкес білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты болып табылады. Сонымен қатар аталмыш заңға сәйкес білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың, бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметін жүргізуге, білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, педагог қызметкерлердің білім беру үдерісін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында пайдалануына тыйым салынады. Аталған ұстанымдар біріге отырып, еліміздегі білім беру жүйесінің зайырлылық қағидаттарын құрайды. Бұл қағидаттар білім алушылардың бостандықтары мен құқықтарын, қауіпсіздігі мен заң аясында әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында жасақталған. Бұл орайда ең басты назарда ұстайтын нәрсе – зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес, ол – гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және діни сенім бостандығын жүзеге асыруды қолдайтын, дүниетанымдық еркіндікті, рухани саладағы ой-сананың көптүрлілігін мойындайтын, адамгершілік-өнегелілік және құқықтық құндылықтарға негізделген әмбебап жүйе. Сондықтан діни таным да зайырлы дүниетанымның бір бөлігі болып табылады. Зайырлы жүйеде діни білімге де, дінтанулық білімге де тыйым салынбайды. Керісінше, еліміздің заңнамалары аясында діни және дінтанулық білім беруге жағдай жасалған. Білім жүйесінің зайырлы сипатына сәйкес орта мектепте діни білім емес, дінтанулық білім беріледі. Ал діни білімді мектеп оқушысы өз қалауына сәйкес және ата-анасының келісімі бойынша діни бірлестіктер жанындағы сауат ашу курстарынан ала алады.

Зайырлы мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеу саласы жекелеген топтардың немесе діни бірлестіктердің ұстанымдарына емес, жалпы қоғамның мүддесіне негізделеді. ҚР Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Бірақ дәл осы бапта жазылғандай, ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабының 5-тармағына назар салсақ, ешкімнің өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ. Сондықтан осы аталған конституциялық және өзге де заңнамалық нормаларға сүйене отырып құрастырылған ҚР «Білім туралы» заңының білім мекемесінің ішкі тәртібін сақтау туралы талаптары азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандықтарын бұзбайды, керісінше олардың заңнамалық нормаларға кең түсінікпен, ашық азаматтық тұрғыдан қарауын міндеттейді. Яғни дәл сол бостандыққа қатысты құқықтық нормаларда оның шет-шегі де айқын көрсетілгенін түсіну керек. Сол секілді ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабының 8-тармағында ата-аналардың балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне мемлекеттің араласпайтыны айтылған нормада да ескерту ретінде: «мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда» деген қағидаттың тұрғанын да естен шығармау қажет. Бұл жерде де араласпау әрекетінің заңдық шектері айқын көрсетілген. Сонымен қатар ата-аналар ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70-бабына сәйкес баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екенін және ҚР «Білім туралы» Заңының 49-бабының нормалары бойынша білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті екендіктерін ұмытпауға тиіс. Қорыта айтқанда, заң қағидалары азаматтарға ар-ождан және діни сенім бостандығын берумен қатар мемлекет алдындағы міндеттер мен  жауапкершіліктерді қоса жүктейтінін есте тұтқан абзал.

 

Назигул Газизова

Шәкәрім университеті

«Тарих және құқық» кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының кандидаты

 

 

Мақалада: ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

05.05.2025
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының ІІ кезеңі өтті

22.03.2025
Абай облысында ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының ІІ кезеңі өтті

Наурыз айында еліміз бойынша IQanat олимпиадасының екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңге ауыл мектептерінен іріктелген 10 мыңға жуық 8-сынып оқушысы қатысуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде

20.02.2025
Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде

Ауқымды шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген еліміздің 23 жетекші жоғары оқу орны қатысып отыр....

Толығырақ...Details

20-21 ақпанда Семей қаласында алғаш рет «Vipusknik.kz — 2025» республикалық білім көрмесі өтеді

14.02.2025
20-21 ақпанда Семей қаласында алғаш рет «Vipusknik.kz — 2025» республикалық білім көрмесі өтеді

2025 жылдың 20-21 ақпанында Абай  облысы Семей қаласында облыста алғаш рет «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді, оған Астана,...

Толығырақ...Details

Жарма ауданының мектептеріне мониторинг жүргізілді

11.02.2025
Жарма ауданының мектептеріне мониторинг жүргізілді

Абай облысы Жарма ауданының Новотаубинка ауылындағы бастауыш мектебінде, сондай-ақ Георгиевская және Маяковский атындағы орта мектептерде білім беру сапасы, оқушыларды тегін...

Толығырақ...Details

Өңір басшысы талантты жастармен кездесті

23.12.2024
Өңір басшысы талантты жастармен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің дарынды оқушыларымен және студенттерімен кездесті. Кездесуге зияткерлік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, сондай-ақ спорттық және шығармашылық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

3 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

4 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

4 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

4 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

5 дней бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

5 дней бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

5 дней бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

5 дней бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС