"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР РЕТІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

01.04.2022
КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР РЕТІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімінің есептік кездесуі

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР РЕТІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Семей қаласы әкімінің есеп беру кездесуі Водный, Восход және Шығыс кенттерінде де өтті. Бақытжан Байахметов ауыл тұрғындарын қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімін таныстырды.

Мысалы, 2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 315,6 млрд  теңгені құрап, 20,2 пайызға өсті, ал өңдеу өнеркәсібінің көлемі 261,4 млрд теңгені құрап, 24,2 пайызға өсті.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2021 жылы 6,8 пайыз өсіммен 22,8 мың бірлікке дейін, ал қала бюджеті кірістері бойынша 25,1 пайыз өсіммен 32,5 млрд. теңгеге өсті.

Есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың көпшілігі аталған үш кенттің абаттандырылуы мен ауыз су, балабақша, отбасылық дәрігерлік амбулатория және басқа да әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі, қоғамдық көліктің жұмысы сынды өзекті мәселелеріне қатысты болды.

Айта кету керек, соңғы уақытта қала билігі шеткі аймақтарды абаттандыру мәселелерін шешуге ерекше назар аударуда. Мысалы, Шығыс кентінің сол жағында саяжай массивін электрмен жабдықтау үшін трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды. Су құбыры желілерін қайта жаңартуға және кеңейтуге жобалық сметалық құжаттама әзірленді. 1200 орындық мектеп салынды, 320 орындық балабақша мен мектепке арналған қазандық салынды. Усть – Каменогорская көшесіндегі жер асты өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 10 көшенің сыртқы жарықтандыруы қайта жаңартылды.

Восход кентінде Карьерная көшесін жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленді, мультикультураларды қайта өңдеу бойынша автоматтандырылған кешеннің құрылысы аяқталды, № 9 тіректен № 176 тірекке дейін ВЛ-110 кв жоғары вольтты желі (май зауытына) жүргізілді, Восход кентіндегі май экстракциялық зауыттың ағынды суларын тазалау құрылыстарымен су бұру жүйесі салынды.

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР РЕТІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Водный кентінде Республиканская және Семипалатинская көшелерінің көше жарығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленді.

Ағымдағы жылы Восход кентіндегі 320 орындық балабақшаға және № 34 орта мектепке инженерлік желілер мен қатты отынмен жеке қазандық салуға және «Смычка» су тартқышынан Восход кентіне дейін су құбыры құрылысына, саябақ аймағын орнатуға жобалық сметалық құжаттамалар әзірленеді. Сонымен қатар кенттерде балалар алаңын орнату, жолдарды тегістеу, жөндеу; Шығыс кентіндегі 1200 орындық мектепке және 320 орындық балабақшаға инженерлік желілер, қазандық салу; аталған кенттегі су құбыры желілерін қайта жаңарту және кеңейту; кенттердегі бірқатар көшелерді жарықтандыру бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын іске асыру жоспарланып отыр.

— 11 наурызда Шығыс кентінде су құбырының құрылысына келісімшарт жасалды. Оның ұзындығы — 36 шақырым, орталық сумен жабдықтауға шамамен 26 көше қосылатын болады. Биыл 9 көше жарықтандырылады, тағы 8 көше 2023 жылы жарықтандырылады. Сондай-ақ жолдарды жөндеу жолдары бойынша жұмыстар жоспарланған. Кент бойынша кварталішілік су құбыры желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама сараптамадан өтуде, оны сәуір айының соңында аламыз деп күтілуде.

Сіздер көтерген әрбір мәселе рет-ретімен шешілетін болады. Әр жобаны жүзеге асыру үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Бірақ бұл үшін ауызша тілектер ғана емес, сонымен қатар дәлелденген есептері бар нақты әзірленген құжаттар да болуы тиіс, — деді қала басшысы.

Қала әкімі сонымен қатар қоғамдық көлік жұмысын жақсарту үшін шаралар қабылданып, мәселе бақылауға алынғанын да жеткізді.

Бақытжан Байахметов тұрғындардан түскен барлық сұрақтар талданып, жауаптар берілетін, мүмкіндік болса, әкімдік тұрғындардың өтініштері мен тілектерін орындауға әрқашан дайын екенін айтты.

Жиыннан соң қала басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Әзірлеген Анар АХМЕТҚАЛИҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ТЕЛЕГРАМНАН ОҚЫҢЫЗ!«Отбасы банк» депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты

Мақалада: КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР РЕТІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

12.07.2026
Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров жұмыс сапарымен Алакөл көлінің жағалауына барып, кәсіпкерлермен кездесті және туристік инфрақұрылым...

Толығырақ...Details

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

12.07.2026
Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

Абай облысында құқықтық реформалар аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету сапасын арттыруға және оны алу мүмкіндігін кеңейтуге басымдық беріліп отыр. Бұл...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

12.07.2026
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің делегаттары Сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқылап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

12.07.2026
«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі маңызды саяси шешімдер қабылданған алаң ғана емес, сонымен қатар азаматтармен байланыстың заманауи тетіктерін дамытуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

6 часов бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

7 часов бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

7 часов бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

7 часов бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

7 часов бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

7 часов бұрын

Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді

7 часов бұрын

Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

7 часов бұрын

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

7 часов бұрын

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС