"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ: Өңірдің дамуына Шәкәрім университеті де үлес қосуда

11.04.2022
Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ: ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ДЕ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ҮЛЕС ҚОСУДА
71
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі ғылыми дамуға және заманауи, инновациялық технологияларды игеруге тікелей байланысты болып отыр. Президентіміз Қ.К.Тоқаев тарапынан, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан ғылымды қолдау шаралары жылдан жылға артып келеді. Жедел технологиялық даму, ғылыми зерттеулердің жаңа әдістерін жасап, оларды ғылыми қызметтің әр алуан салаларына енгізу – елдің, оның ішінде өңіріміздің экономикасын тағы бір қадам алға жылжытары сөзсіз.

Өңірдің ғылыми әлеуеті – өңір экономикасының айнасы. Ғылыми әлеуетті анықтаудың негізгі индикаторы университеттегі ғылымның даму барысы екені сөзсіз. Шәкәрім шаңырағы өңірлік ғылымды дамытуда маңызды қадамдар жасап, ғылыми даму жолын анықтауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алға қойған басым бағыттарын негізге ала отырып, Шәкәрім университетінің 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірледі. Жоспардың басты стратегиялық даму бағыттарының бірі – ғылым мен инновацияны дамыту. Осы бағыт аясында университет алға қойылған мақсаттар мүддесінде кезең-кезеңмен және жүйелі түрде қызметтер атқаруда.

Университеттегі ғылым мен инновацияны дамыту стратегиясының басты міндеттерінің бірі – ғылыми қызметті дамытуға халықаралық қорлар мен ұйымдардан, республикалық және жергілікті бюджеттен, бизнес құрылымдары есебінен қаржы көздерін тарту. Соңғы жылдары еліміздің ғылыми әлеуетін өркендету жолында бастамашыл қадамдар жасалуда. Отандық білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемін жеті есе көбейтіп, ІЖӨ-нің 1 пайызына жеткізу басты меже ретінде қойылып отыр. Жылдан-жылға ұлғаятын мол қаржыны игеруге біздің ғалымдарымыз белсене атсалысуда. Бүгінгі таңда университетте жалпы көлемі 210,7 млн теңге болатын Ғылым комитетінен жеңіп алған ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. Қаржыландыру көлемін арттыру мақсатында ғылым департаменті тарапынан алдыңғы қатарлы ғылыми жобалар тізбесі әзірленді. Жобалар тізбесі университет ғалымдары ұсынған өңірдің экономикалық, геосаяси, технологиялық, әлеуметтік, әдеби-рухани және т.б. мәселелерін шешуге арналған тақырыптарды қамтып, жарияланып жатқан жобалар конкурстарына ұсынылуда. 2022 жылдың өзінде ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ғылымды қолдау мақсатында жалпы сомасы 19 млрд теңгені құрайтын 2022-2024 жылдардағы жас ғалымдарға арналған ғылыми жобалар конкурсы, жалпы сомасы 9 млрд теңге болатын «2022-2024 жылдардағы Жас ғалым» постдокторлық ғылыми жобалар конкурсы, жалпы сомасы 25,5 млрд теңгеге тең «2022-2024 жылдардағы гранттық қаржыландыру» ғылыми жобалар конкурсы ұйымдастырылып, нәтижелері шығарылуда. Аталған жобалар конкурсына университетіміздің жас ғалымдары, шаңырағымыздың белді ғалымдары мен докторантура түлектері өз жобаларын ұсынып, нәтижелерін күтуде.

Биылғы жылы университет ғалымдардың, жас зерттеушілердің қолданбалы зерттеулерін қолдап, ғылыми ізденістерін арттыру үшін бюджеттен тыс қаржы бөліп, стартап жобалар байқауларын ұйымдастыруда. Университет қаржыландырған стартап жобаларының нәтижесінде бөдене өсіру, су құбырының жабық жүйесінде балық өсіру, шағын биологиялық бокс әзірлеу, пластамасса бұйымдарын өндіретін 3D принтер құрастыру жобалары жүзеге асырылып, қазіргі таңда оң нәтижелерін бере бастады. Жобалардың қажеттілігі мен тәжірибе жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық процестің маңызды кезеңі оның нәтижелерін коммерцияландыру болып табылады. Яғни қосымша табыс табу мақсатында ұшқыр, нәтижелі білімді өнімге, қызметке түрлендіру процесін коммерцияландыру қаржыландырудың жаңа көздерін іздеуді талап етеді. Аталған межеде университет ұтымды, бастамашыл қадамдар жасай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісу және қаржыландыру мақсатында өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары, тағам өнеркәсібі және  ауылшаруашылық секторларымен келіссөздер жүргізіп, серіктестік меморандумдарға қол қойды. Қазіргі кезде университет «Qazaq Aqbas», «Qazaq Astyk Group», «Айша» сүт цехы, «Kondiz» ЖШС, «Приречное» Агрофирмасы, «Мамыр» АҚ, «Эйкос» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ және т.б. өңір экономикасы дамуының негізгі тетігі болып отырған стратегиялық әріптестерімізбен ғылыми қызмет аясында ортақ жобаларды жүзеге асыруда.

Әлемдік білім кеңістігінің жаһандануы университетте халықаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейту, ғылыми интеграцияны нығайту қажеттілігін туындатып отыр. Жаһандану және интернационализация жағдайында отандық ғылымның дамуы халықаралық интеграциямен тығыз байланысты екенін ескерсек, университет ғылымының заманауи дамуындағы атап өтетін маңызды индикаторларының бірі – ғылымды интернационалдандыру. Ғылым мен инновацияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында Шәкәрім университеті ұзақ жылдардан бері АҚШ, Польша, Венгрия, Түркия, Ресей, Украина, Корей, Қытай және тағы да басқа мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен ортақ ғылыми жобалар, академиялық ұтқырлық, ғылыми тағылымдамалар аясында ғылыми коллаборацияны жүзеге асырып келеді. Халықаралық ғылыми коллаборацияның айқын нышаны – университетіміз жалпы көлемі 100 мың евродан асатын «GeKaVoC» (ГФР жоғары білім беру министрлігі қаржыландыратын жоба), «ERASMUS+», «KazDual» халықаралық жобаларында шетелдік әріптестермен ортақ жұмыстар атқаруы. Аталған халықаралық жобалардың нәтижелері Шәкәрім шаңырағының академиялық дамуына оң әсерін тигізуде. Университетімізді интернационалдандыру бойынша 2022 — 2023 оқу жылында жақын және алыс шетелдердегі ТОР 500 QS WUR жоғары оқу орындарына ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар жасап, академиялық ұтқырлықты, ортақ білім беру бағдарламалары мен ортақ ғылыми-зерттеу жобаларды дамытатын ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ шетелдік серіктестеріміз Алтай мемлекеттік университеті (РФ), Новосибирск мемлекеттік университеті (РФ, QS WUR TOP 300), Томск политехникалық университеті (РФ, QS WUR TOP 400), Памуккале университеті (Түркия), Мугла Сытки Кочман универсиеті (Түркия), Анкара Хажы Байрам Вели университеті (Түркия), Быдгощи Экономика университеті (Польша), Лешнодағы Я.А.Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университеті. (Польша), Я.Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университеті (Венгрия) және т.б. ғылыми-интеграциялық зерттеулерді дамыту мақсатында коллаборациялық іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, тек 2021 жылдың соңында ғана унверситеттің 7 кафедрасынан 20 ұстаз шетелдік ғылыми тағылымдамаларға барып, кәсіби біліктілігін арттырды. 2021 — 2022 оқу жылында 13 кафедрадан 32 білім алушы сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатыр. 2022 — 2023 оқу жылында 10 кафедра 13 білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын жасауды жоспарлап отыр. Осы бағыттағы жұмыстар – университеттің инновациялық инфрақұрылымын жетілдіруде, ғылыми-зертханалық базамызды жаңғыртуда, профессор-оқытушылар құрамының шетелдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаларын ұйымдастыруда, олардың халықаралық рецензияланатын басылымдарда жариялануына қолдау көрсетуде, зерттеулердің сапасын арттыруда, ғалымдардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеріп, университеттің халықаралық беделді рейтингтерде орын алуына оң ықпал болары сөзсіз. Мұның бәрі, сайып келгенде, отандық, сондай-ақ шетелдік еңбек нарығында нақты сұранысқа ие түлектер даярлауға мүмкіндік туғызары анық.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтар оқиғасынан кейінгі Жолдауында ел экономикасын өркендету жолында өршіл қадамдар қажеттігін айта келе, еліміздің инженерлік технология бағытын дамыту үшін жоғары оқу орындарына «технарь-мамандар» даярлауға айрықша көңіл бөлуді тапсырған еді. Шәкәрім университеті өз тарихында педагогикалық, зоотехникалық-малдәрігерлік, қаржы-экономикалық және технологиялық институттарының бірігуімен құрылған көп бейінді оқу орны екенін ескерсек, бүгінгі таңда университетіміздің инженерлік-технологиялық бағытына аса үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Аталған сала бойынша университет агроөнеркәсіптік кешен, шикізатты қайта өңдеу технологиясы, цифрландыру, цифрлық білім беру, қоршаған орта экологиясы ғылыми бағыттарын дамыту үшін еліміздің белді ғылыми зерттеу институттарымен, атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық оталығы», «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты», «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» және т.б. отандық ғылыми ұйымдармен ғылыми коллаборация аясында ортақ қызметтер атқаруда. Сонымен қатар университет қабырғасында аянбай ғылыми қызмет атқарып келе жатқан «Радиоэкологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы мен «Агротехнопарк» ғылыми зерттеу орталығы да, өңіріміздің радиологиялық, экологиялық, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіптік мәселелерін шешуде ғылыми мұраттарға жетуде. Атап айтқанда, медицина, биотехнология, агроөнеркәсіп саласында қолданылатын макрокеуекті криогель жасау жобасы, жалпы сомасы 5 млн теңгені құрайды, тағамдық құндылығы жоғары, майлылығы төмен ет өнімдерін әзірлеу жобасы, жалпы жоба құны 4 млн 223 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ ауылшаруашылық хайуанаттарына биологиялық белсенді қоспалармен байытылған жем-шөп әзірлеу жобасы 5 млн теңгені құрайды және т.б.

Шәкәрім шаңырағы инженерлік-техникалық, технология саласында алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып, білім және ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінсе, университеттің әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық бағыты Семей өңірінің қоғамдық әлеуетіне рухани-мәдени, тарихи-әдеби, рухани білім мен тәрбие беру жолында жаңа ғылыми бастамалармен қадам басуда. Бұл ретте университет қабырғасында қызмет ететін «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының алатын орны ерекше. Орталық «Семей рухы: тұлғалар, тарихи орындар, оқиғалар, серпінді бастамалар» аясында ұлы Абай атамыз бен оның ақын шәкірттерінің рухани мұрасы аясында профессор Еспенбетов Арап Сләмұлы қалыптастырған ғылыми мектептің ғылыми жетістіктерімен мақтана алады.

Қазіргі таңда университет рухани даму жолында еліміздің белді әдеби-рухани ордаларымен, атап айтқанда, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Еуразия ұлттық университеті қабырғасында ашылған «Абай академиясы», Абайдың «Жидебай Бөрілі» қорық-музейі және т.б. мекемелермен ғылыми интеграцияны жүзеге асырып отыр.

Шәкәрім университеті бүгінде еліміздің, соның ішінде Семей өңірінің ғылым кеңістігінде өзіндік орнын нақтылады. Білім ордасы жоғары кәсіби білім беру саласындағы уақыт ағымына сай алға қойған міндеттерін табысты шешіп, білім және ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінді. ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің сөзімен айтқанда, ғылым кез келген елде келешектің кілті іспетті. Олай болса, ғылым үнемі даму үстінде болуы қажет. Тек қажырлы ғылыми ізденістер ғана оң нәтиже мен ғылыми жетістіктерге жетелейді.

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ,

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»

КеАҚ-ның Басқарма Төрағасы – Ректор

Мақалада: Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ: ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ДЕ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ҮЛЕС ҚОСУДА

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

05.05.2025
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының ІІ кезеңі өтті

22.03.2025
Абай облысында ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының ІІ кезеңі өтті

Наурыз айында еліміз бойынша IQanat олимпиадасының екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңге ауыл мектептерінен іріктелген 10 мыңға жуық 8-сынып оқушысы қатысуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде

20.02.2025
Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде

Ауқымды шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген еліміздің 23 жетекші жоғары оқу орны қатысып отыр....

Толығырақ...Details

20-21 ақпанда Семей қаласында алғаш рет «Vipusknik.kz — 2025» республикалық білім көрмесі өтеді

14.02.2025
20-21 ақпанда Семей қаласында алғаш рет «Vipusknik.kz — 2025» республикалық білім көрмесі өтеді

2025 жылдың 20-21 ақпанында Абай  облысы Семей қаласында облыста алғаш рет «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді, оған Астана,...

Толығырақ...Details

Жарма ауданының мектептеріне мониторинг жүргізілді

11.02.2025
Жарма ауданының мектептеріне мониторинг жүргізілді

Абай облысы Жарма ауданының Новотаубинка ауылындағы бастауыш мектебінде, сондай-ақ Георгиевская және Маяковский атындағы орта мектептерде білім беру сапасы, оқушыларды тегін...

Толығырақ...Details

Өңір басшысы талантты жастармен кездесті

23.12.2024
Өңір басшысы талантты жастармен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің дарынды оқушыларымен және студенттерімен кездесті. Кездесуге зияткерлік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, сондай-ақ спорттық және шығармашылық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

12 часов бұрын

Облыс әкімі өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспарын таныстырды

2 дня бұрын

Семейде «Инвесторлар үйі» ашылады

2 дня бұрын

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі әзірленді

2 дня бұрын

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

2 дня бұрын

Алакөл жағалауы абаттандырылады

2 дня бұрын

Семейде 1 мың гектардан астам аумақты қамтитын жаңа ықшам ауданы салынады

2 дня бұрын

Семейде жаңа мәдени нысандар салынады

2 дня бұрын

Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды

2 дня бұрын

Абай облысында соңғы қоңырау 23–24 мамырда өтеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС