"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАРЖАН СӨЗДЕН МОНШАҚ ТІЗГЕН АҚЫН

28.04.2022
МАРЖАН СӨЗДЕН МОНШАҚ ТІЗГЕН АҚЫН
83
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

МАРЖАН СӨЗДЕН МОНШАҚ ТІЗГЕН АҚЫН

Шәкәрім университетінде ақын, «Абай» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратбек Қабиденұлы Оспановтың 60 жас мерейтойына және ұлт руханиятының ұстыны «Абай» журналының 30 жылдығына орай, «Алаштың алтын қазығы» атты әдеби-танымдық кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда мен Абай елінен ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, нақтырақ айтсақ мерейтой иесінің курстастары, достары, қызметтес болған әріптестері арнайы келді. Сондай-ақ шараға қала басшылығы, университет ұжымы, студент жастар қатысты.

Тағылымы мол шара Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – ректор  Бауыржан Ердембековтің алғы сөзімен ашылды. Бұл тек Мұратбек Қабиденұлының ғана емес, «Абай» журналының, поэзияның тойы екендігін айта келе Бауыржан Аманкелдіұлы қазақы дәстүрмен кеш иесінің иығына шапан жапты.

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары журнал редакциясы тұрақты ғимарат таппай, әр жылдары әр түрлі нысанды жалға алып отырған. Бұл мәселе хакім шығармаларын насихаттап жүрген шығармашыл топ — редакцияның шымбайына батып жүргені де рас. Бұл орайда Б.Ердембеков:

— Шәкәрім университетінен «Абай» журналына арнайы кабинет ашамыз. Тарихын тереңге тартқан журналдың кабинетінде тек журнал тарихы ғана емес, сонымен бірге Семей өңірінің мәдени, тарихи, әлеуметтік-тұрмыстық және әдеби-өлкетану өмірінің шежіресі сыр шертетін болады,- дей келе білім алушылардың дипломдық, магистрлік тақырыптары «Абай» журналымен байланыстырылатынын жеткізді.

Кеш барысында алыстан ақ тілегін арқалап келген зиялы қауым өкілдері, әдебиет сүйер қауым мен белгілі журналистер сөз алып, ақынның шығармашылығы жайлы ой өрбітіп, тамаша естеліктерін бөлісті. Журнал тарихы мен болмысы жайлы да аз айтылмады. Филология факультетінің деканы, ф.ғ.к. А.Қадыров ақынның шығармашылығы жайлы баяндама жасады.

Есепте емес, есте қалар бұл кеш бұрынғыдан өзгерек болды. Жүрекжарды тілектер,  қызықты естеліктер айтылды, арнау өлеңдер оқылды, құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй де болды. Марапат пен мадақ, көрсетілген құрмет Мұратбек Қабиденұлының қазақ руханиятына, Абай әлеміне сіңірген еңбегін айқындап бергендей.

Шара аясында ақынның жазушылық, редакторлық, ақындық өнерімен бірге, ұстаздық қызметі де дәріптелді. Шәкірттері арнау өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Айта кетейік, Мұратбек Оспанов — Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі. Әдебиет сүйер қауымға «Сандықтас», «Дүние дидар», «Сүмбіле», «Жырұйық» сынды жыр жинақтарын сыйлаған ақынның шығармашылығы, негізінен, азаматтық лирикадан тұрады.

Жансая ТӨЛЕУҒАЗЫ

Мақалада: МАРЖАН СӨЗДЕН МОНШАҚ ТІЗГЕН АҚЫН

Ұқсас жаңалықтар

«Ақ жауын» өнерімен тәнті етті

08.08.2025
«Ақ жауын» өнерімен тәнті етті

Кеш барысында күй өнерінің дарабозы Секен Тұрысбековтің сырлы сазға, терең философиялық мазмұнға құрылған шығармалары орындалып, көрермен жүрегінен орын алды. Оның...

Толығырақ...Details

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

04.07.2025
Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

Мәдениет Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

28.05.2025
Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

Семей таңы – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай облысында ерекше форматтағы маңызды жиын өтті. «Бала әл-ауқаты...

Толығырақ...Details

Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

28.05.2025
Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

Семей таңы – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарихи мәні терең, жүректі толқытатын тың жинақтың...

Толығырақ...Details

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

29.08.2024
Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті. «5-ші...

Толығырақ...Details

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

28.08.2024
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рәсімі өтті. Бұл оқиға көшпенді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды

13 часов бұрын

«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

1 день бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

2 дня бұрын

Абай облысында жылыту маусымында өрт оқиғалары 44%-ға артты

3 дня бұрын

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін қандай жаза қауіпі бар?

3 дня бұрын

Танымал волейболшыны жаттығу кезінде тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

3 дня бұрын

Семейде әлеуметтік қорғау саласының үздіктері құрметталды

3 дня бұрын

Бесқарағайдағы Ерназар ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды

3 дня бұрын

Облыс әкімі Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

3 дня бұрын

Абай облысында 400-ден астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС