"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗИЯТКЕР ҚЫЗДАР РЕСЕЙДІ МОЙЫНДАТТЫ

14.05.2022
ЗИЯТКЕР ҚЫЗДАР РЕСЕЙДІ МОЙЫНДАТТЫ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЗИЯТКЕР ҚЫЗДАР РЕСЕЙДІ МОЙЫНДАТТЫ

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қос шәкіртінің жобасы Ресей Федерациясының Мәскеу облысы Королев қаласында өткен бүкілресейлік «Человек-Земля-Космос» ғылыми-зерттеу жобалар олимпиадасында ІІ орынға ие болды.

10 сынып оқушылары Қымбат Байсапина мен Нұрай Жанатбекқызының «Жаңбыр суын жинайтын дренаж жүйесі және заманауи қаладағы жолдық экоинфраструктура» атты жобасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Жалпы, жас зерттеушілер бұл тақырыптағы еңбектерін 2 жыл бұрын қолға алған.

— Бұл жобаны қолға алуымызға қаламыздың көшелеріндегі жағдай себеп болды. Жасыратыны жоқ, жауын жауса, Семей көшелеріне су жиналатынын көзіміз көріп жүр. Біз бақылаған Ә.Тәңірбергенов, Глинка, Селевин, Қабанбай батыр, Абай, Ш.Қаржаубайұлы  сынды негізгі көшелердің өзінде осы мәселемен жиі бетпе-бет келеміз. Бұл өз кезегінде асфальттың бүлініп, ылғалдың әсерінен қопарылуынан бөлек, жаяу жүргінші мен көлік кептелісіне алып келеді. Осыған орай, қала іші жол бойында жаңбыр мен еріген қар суының жиналуын болдырмайтын, асфальт бұзылуының алдын алып, жол жиегін көгалдандыруға мүмкіндік беретін дренаж жүйесі мен экологиялық инфрақұрылым моделін әзірлеуді жүзеге асырмақпыз, — дейді Нұрай Жанатбекқызы.

Сонымен қатар заманауи қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз жол қозғалысы жоспарын жасап шығаруды көздеп отырған Қымбат пен Нұрайдың зерттеу обьектілері жол, дренаж, топырақ, жаңбыр суы, көгалдандыру, жел энергиясы. Дренаж жүйесінің макетін жасауға және  математикалық есептеулерді жүргізуге қаламыздағы Қарағайлы ауданы зерттеу объектісі ретінде алынды. Бұл аймақта жаңбырдың жиі жаууы  мен жаңбыр суының жиі тұрып қалуы байқалады. 3D схемасы SketchUp бағдарламасының көмегімен жасалды.

— Дренаж жүйесінің жұмысына назар аударсақ, ең алдымен жолдың 70 көлбеулігі арқылы жаңбыр суы бордюрдегі саңылаулар арқылы өтеді. Саңылаудан өткен су байланыстырғыш құбыр арқылы арыққа төгіледі. Арыққа жаңбыр суы байланыстырғыш құбырдан құйылып, ары қарай арықтан өтіп, горизонтальдіы резервуарға жиналады. Жел генераторы өндіретін энергия есебінен осы резервуардың ішінде жиналған жаңбыр суын сорғы көмегімен вертикальды резервуарға жеткізеді. Вертикальды резервуардағы жаңбыр суын тамшылатып суғару әдісімен қаланы көгалдандыруға қолдана аламыз. Қауіпсіздікті ойластыру мақсатында жаяу жүргіншілер жүретін жолда қозғалыс датчигін орналастыру, жолды екі жақтан жарықтандыру қарастырылды – дейді Қымбат Байсапина.

Зерттеу сұрақтарына жауап бере отыра, дренаж жүйесі мен қаладағы жол инфраструктурасының ерекше моделі жасап шығарылды. Ол өзінің тиімділігімен, экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ оқушылар бұл жобаны кез келген қалада іске қосуға болатындығын айтып отыр.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Мақалада: ЗИЯТКЕР ҚЫЗДАР РЕСЕЙДІ МОЙЫНДАТТЫ

Ұқсас жаңалықтар

«NIS CUP-2022»  ДЕБАТ ТУРНИРІ

08.11.2022
«NIS CUP-2022»  ДЕБАТ ТУРНИРІ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл  толуына орай өткізілетін Семей қаласындағы орта мектеп оқушылары арасындағы «NIS CUP-2022»  қалалық пікір-сайыс...

Толығырақ...

NIS IQANAT -ҚА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ

01.11.2022
NIS IQANAT -ҚА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған IQanat hackathon воркшоптары өтуде. 4 күнге жоспарланған шараға...

Толығырақ...

Қазақстанда 2023 жылғы ҰБТ уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды

31.10.2022
Қазақстанда 2023 жылғы ҰБТ уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сулеймен Демирель университетінде өткен Ашық есік күнінде айтты  2023 жылы негізгі ҰБТ сәуір және...

Толығырақ...

Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

17.10.2022
Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен елде сырттай немесе кешке оқу форматында оқуға болатын мамандықтар тізімі өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Тізімнен физика және...

Толығырақ...

ҚАЗАҚСТАНДА 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚ УАҚЫТЫ ҚЫСҚАРАДЫ

26.08.2022
ҚАЗАҚСТАНДА 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚ УАҚЫТЫ ҚЫСҚАРАДЫ

Оқу-ағарту министрлігі бірінші сынып оқушыларының сабақтары қанша уақытқа созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Бірінші сыныптарда оқу сабақтары “сатылы" режимде жүзеге асырылады....

Толығырақ...

«ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» NIS-ТЕН БАСТАЛАДЫ

25.08.2022
«ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» NIS-ТЕН БАСТАЛАДЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты І Республикалық жас мұғалімдер форумы өз жұмысын...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

2 дня бұрын

АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

2 дня бұрын

Балалардың гаджетті пайдалану уақыты қандай – Мамандар жауап берді

2 дня бұрын

«1,5-2 миллион теңге үнемдедім»: Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатыр

2 дня бұрын

Тоқаев Ғылым мен технологиялар жөнінде ұлттық кеңес құрды: Кеңес құрамында Нобель сыйлығының лауреаты бар

2 дня бұрын

Абай облысында түрмедегі қызымен байланысы үзілген ана өлі күйінде табылды

2 дня бұрын

Санжар Тәшкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

3 дня бұрын

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

3 дня бұрын

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС