"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Е.ҚОШАНОВ: Президенттің Жаңа Қазақстан туралы көзқарасы Абай философиясымен үндеседі

22.05.2022
Е.ҚОШАНОВ: Президенттің Жаңа Қазақстан туралы көзқарасы Абай философиясымен үндеседі
46
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов референдумның мән-маңызын түсіндіру мақсатында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Алдымен Семей қаласында болып, өңір жұртшылығымен кездесті.

Ерлан Қошанов жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды өзгерістер болып жатқанын айтып, Семей халқын Абай облысының құрылуымен құттықтады.

— Семей – Алаш арыстарының басын қосқан қазақ руханиятының қара шаңырағы. Сондықтан, тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, аумақтық жағынан, халық саны жағынан алсақ та, әділ шешім болды деп ойлаймын. Ендеше, сіздерді сол тарихи әділеттіліктің орнауымен шын жүректен құттықтаймын! – деді Палата спикері.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Президенттің Абай облысын құру туралы шешімі аймақтың одан әрі  өркендеуіне тың серпін береді.

– Абай өңірі, Семей жері тарихтың жаңа парағын ашты. Біз Абай облысының шаңырағын халқымызбен, Президентімізбен бірге көтереміз. Осы істе Парламент Мәжілісі, AMANAT партиясы да сіздермен бірге болады, – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов ел тағдырын айқындайтын үлкен мақсат-міндеттерге тоқталып, ол жалпыхалықтық референдумнан басталатынын атап өтті.

— Жаңа Қазақстан дегеніміз не? Қазір ең жиі қойылатын сұрақ осы. Президент жуырда бұған нақты жауап берді. «Ол – Әділетті Қазақстан» деп дөп басып айтты. Ал жаңа қазақстандық қандай болуы қажет? Мұны осы топырақта туған ұлы Абай 1 жарым ғасыр бұрын айтып кеткен. Ол бес нәрседен қашық боп, бес нәрсеге асық болуы керек. Қарап отырсаңыздар, Абай философиясы Президентіміздің Жаңа Қазақстан туралы көзқарасымен толық үндесіп тұр. Сондықтан жастарды білімге, еңбекке баулу, осы бес қасиетті бойына сіңіру маңызды, – деді Палата спикері.

Ерлан Қошанов Президент реформаларының жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып, алдағы уақытта Парламенттің рөлі күшейетініне, еліміздің сайлау жүйесіне де бірқатар өзгерістер болатынына мән берді.

– Әкімдер сайлауы ел арасында жиі айтылып жүр. Біз оған кезең-кезеңмен келе жатырмыз. Былтыр елімізде 1 мыңға жуық ауыл әкімін халықтың өзі сайлады. Келер жылы аудан әкімдерін сайлауға кірісеміз. Облыс басшыларын тағайындау мәселесіне келер болсақ, бұрын Президент ұсынған жалғыз кандидат 20-30 облыстық мәслихат депутатымен келісілетін. Енді Мемлекет басшысы тарапынан кем дегенде екі үміткер ұсынылады. Оны барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары таңдайтын болады, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Ерлан Қошанов сондай-ақ қалалық жедел жәрдем ауруханасының ұжымымен және өңірдегі құрылыс материалдарын шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі силикат зауытының жұмысшыларымен кездесті. Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысымен танысты.

Ерлан Қошанов Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылына барып, жұртшылықпен кездесті. Онда Президент бастамаларының мән-маңыздылығын түсіндіріп, ауыл зиялылары мен тұрғындарының пікірін тыңдады.

–   Елімізде Қарауылды білмейтін қазақ жоқ шығар. Бұл – адамзатқа ғұлама Абайды сыйлаған қасиетті топырақ. Осында сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Жаңа Қазақстан құруға бағытталған Мемлекет басшысының саяси реформалары төңірегінде өздеріңізбен әңгімелесу үшін арнайы келдім. Президент ел тағдырын қалың жұрттың өзі шешкенін қалап отыр. Осынау жауапты кезеңде халық пен билік біртұтас болуымыз керек. Осы жолда Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, референдумға бір кісідей атсалысуға, тарихи таңдау жасауға шақырамын, – деді Палата Төрағасы.

Зиялы қауым өкілдері Абай ауданы жұртшылығының реформаларды жақсы қабылдап жатқанын және алдағы референдумға атсалысатындарын айтты.

– Бұл реформалардың бәрі халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап береді. Біз оны жақсы түсінеміз. «Елдің иесі, жердің иесі – халық» деген сөз жүрегімізге жақын тиді. Президентіміз жұмысқа кіріскен күннен бастап осы демократиялық процестердің жүзеге асуын сөз етіп жүр. Біз оны толық қолдаймыз, – деді Абай ауданының Құрметті азаматы Амантай Мұқатаев.

Кездесу соңында жиналғандар Президентке Абай облысын құруға ұйытқы болғаны үшін күллі аудан атынан шынайы алғыс айтты.

– Облысымыз құрылып жатыр. Зор мақтанышпен, үлкен үмітпен қарап отырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына біздің сәлемімізді жеткізіңіз. Абайлықтар мен Абай ұрпақтары шексіз алғысын білдіреді. Өңіріміздің гүлденуіне бәріміз атсалысамыз, – деді Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиев.

Е.ҚОШАНОВ: Президенттің Жаңа Қазақстан туралы көзқарасы Абай философиясымен үндеседі

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақалада: Е.ҚОШАНОВ: Президенттің Жаңа Қазақстан туралы көзқарасы Абай философиясымен үндеседі

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

12 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

19 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

19 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

19 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС