"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

“Мемлекетке есеп бермей, тарифті өзі бекіткен”, Білікті экономист “Қазақтелекомның” былығын айтты

23.05.2022
“Мемлекетке есеп бермей, тарифті өзі бекіткен”, Білікті экономист “Қазақтелекомның” былығын айтты
382
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Белгілі экономист Айман Тұрсынхан Азаттық радиосына сұхбат беріп, 30 жылда қалыптасқан экономикалық саясаттың олқы тұстарын қолмен ұстағандай көрсетіп беріпті. Оның ойынша, Назарбаев билігі экономиканың барлық ірі саласын ұлттық компаниялар бақылауында ұстап келген. Экономикалық өндірістің 65 пайызы “Самрұқ-Қазына” қорымен және ұлттық компаниялармен тікелей немесе жанама байланысы бар компанияларға тиесілі болғанын алға тартыпты.

Осы тұста “Қазақтелеком” ұлттық байланыс операторын мысалға келтіруге болады. Бұл компанияға ешкімде жоқ жеңілдіктер берілген, мемлекет компанияға халыққа көрсеткен қызметі үшін қосымша құн салығын толықтай қайтарып келген.

“Қазақтелеком” мен еншілес кәсіпорындардың есебіне қарасақ, салық жүктемесінің коэффициенті 2,5 пайыздан төмен екенін көреміз.

Ал басқа жеке операторларда бұл көрсеткіш қосымша құн салығынсыз 10-17 пайызды құрайды. Яғни, нарықтағы ойын ережесі бірдей емес.

Қызмет көрсету саласы, клиенттер базасы бір, бірақ мемлекетке төлейтін салық көлемі әртүрлі. Осыдан телекоммуникация саласында бәсеке бар деген мәлімдемелерге қарамастан, нарықта бір компания басымдыққа ие болып шыға келеді.

Оператор бәсекені қорғау комитетінің алдында есеп бермейді, тарифтерді де өзі бекітеді. Бұл – көп мысалдың бірі ғана.

Тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, құрылыс саласында да осы жағдай. Қазақстанда еркін нарық жоқ, монополизация салдарынан бизнестің көзі жойылған. Мұны квазимемлекеттік сектордың кері әсері деп бағалауға болады.

Мемлекеттік қолдау шаралары көңілге қонбайды, олар тек олигархатты қолдауға бағытталған. Бұл шаралар шынайы экономикаға жұмыс істемейді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі деректерін талдап көрдік. Талдау нәтижесінде “билікке” жақын болған сайын, салық жүктемесі коэффициенті төмен болатынын анықтадық.

Ең аз салық төлейтін компаниялар арасында Қазақмыс пен Kaz Minerals көш бастап тұр. Олардың салық жүктемесі коэффициенті айналымның минус 7 пайызына тең. Яғни, олар металл экспорттаушы кәсіпорын ретінде бюджеттен ірі көлемде экспортқа арналған қосымша құн салығы бойынша өтемақы алып отыр.

2016 жылдан бастап ірі бизнеске өте көп жеңілдік берілді. Мұнай-газ секторынан түсетін салық бес есе төмендеді. Экспорттық өнім оффшорлық сауда үйлері арқылы жүреді. Салық жүктемесінің бәрі жеке бизнеске жүктелді.

Шағын және орта бизнес мемлекеттік қолдау шараларына ие бола алмайды. Өңдеуші кәсіпорындарға қарап, салық саясатының әділетсіз екенін түсінуге болады.

Оларда мемлекеттен қосымша құн салығын қайтарып алатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші немесе экспортқа тауар шығарушы компаниялар сияқты жеңілдіктер жоқ. Ал салық жүктемесінің коэффициенті жоғары (айналымның 12-24 пайызын құрайды). Бұл компаниялардың көлеңкелі экономикаға кетіп, салықтан жалтаруына әкеліп соғады. Өйткені мұндай салық жүктемесіне төтеп беру мүмкін емес.

Ірі бизнес өкілдері салық төлемегенімен қоймай, жеке кәсіпкерлер төлеген салықтан жеңілдетілген несие алады. Кәсіпкер алуы керек қосымша табысты банктер “жеп” қояды. Бұл үкіметтің қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. Үкімет елді шығынға батырып, республикалық экономиканың диверсия жасады.

Мақалада: “Мемлекетке есеп бермейБілікті экономист “Қазақтелекомның” былығын айттытарифті өзі бекіткен”

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

4 часа бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

4 часа бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС