"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕН ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН!

24.05.2022
МЕН ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН!
51
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Біз жанбасақ…

МЕН ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН!

   Жөңкіле көшкен бұлттарды жұлмалап, аласұра соққан дауыл іспетті, бұл Семейдің аспанын  талай бұлт торлаған, халқының  көз жасындай болып талай нөсер сіркіреп жауып, бұрқ-сарқ соққан дауыл да, саясат майданында  шығыстың қатал қысындай жанды қаритын  талай  аяз да  өткен… Көк аспанда  найзағай  болып жарқ еткен  талай тұлғалар шыққан бұл өңірден.  Алаш сынды алып елдің ақ ордасы,  қазақ  деген ұлы халықтың тәуелсіздігінің  туы да алғаш  осы жерде  тігілген.

  Міне, Семей шаһары — сондай қасиетті өлке.

Тарихтағы Семей алыс-жақын елдерден келетін сауданың орталығы ғана емес, ғылым мен мәдениеттің рухани ордасы болған.  Бұл Семейде ұлтымыздың  тарих атты соқтықпалы-соқпақты  жолында небір  талайлы тағдырлар мен  елдігіміз үшін әзіз жанын пида еткен ірі тұлғалар  өмір сүрген.

Тарихқа бір сәт шегініс жасасақ, бүгінгі Семей  1928 жылға дейін  губерниялық қала, кейін округтік болды. Республика облыстарға бөлінген 1932 жылы алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы, ал 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды.

Бұрынғы Семейді Одақ тұсындағы тарихтан жеңіл өнеркәсіп орталығы ретінде білеміз. Ол кезде Семей облысы  ірі мал шаруашылығы аймағы болды. Семей ет-консерві комбинаты,  Одаққа танымал қуатты өнеркәсіптердің бірі болған ет комбинатымен бірге, мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін  тері зауыты да  ел экономикасын еселеуге өз үлесін қосқаны белгілі. Семейге 1941 жылы Украинадан көшіріліп әкелінген ерлер мен балалар көйлегін тігуге маманданған  «Большевичка» тігін бірлестігі болған. Донецк қаласының Володарский атындағы және Харьков қаласының «Большевичка» жеңіл өнеркәсіп бірлестігінің негізінде құрылған бұл кәсіпорын Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға арналған өнімдер шығарып тұрғанын білеміз. Сондай-ақ аяқ киім, тоқыма, қолғап, галантерея фабрикалары, кабель зауыты, сүт комбинаты,  арматура зауыты,  машина жасау кешені,  құс фабрикасы, тағы да басқа кәсіпорындар жұмыс істеген. Ресми деректер бойынша, 1998 жылға дейін жеке меншікке негізделген қала өнеркәсібі 87 ірі кәсіпорынды құраған, бірақ көптеген өндіріс орындары Семей облыс орталығы мәртебесінен айырылғаннан кейін өз жұмысын тоқтатып, қала экономикасында тоқырау етек алған. Айталық, машина жасау, ұн тарту, тамақ өндіретін, ағаш өңдеуші және металл өңдеуші кәсіпорындар, сол сияқты фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығаратын  кәсіпорындар жабылған. Өнеркәсіп орындарының түгелдей дерлік жабылуы қаланы депрессияға ұшыратқаны да  ақиқат.

Еліміз тәуелсіздігін алған 1997 жылы Қазақстанда оңтайландыру саясаты жүргізіліп, ШҚО мен Семей облысы қосылды. Семей емес, Өскеменнің облыс орталығы болуын семейліктер азаттық аңсаған алаш ардақтыларының рухына, Абай сияқты дананың рухына жасалған қиянат сияқты қабылдады.

Тура 25 жыл! Ширек ғасыр бойы семейліктер дербестігін алатын күнді асыға күтті… Бұл күннің, әйтеуір, бір болатынын білді. Қаланың болашағына сенгендер  жақсылықтан үміт  үзбей елде қалды. Жайлы жер іздегендердің бірқатары  астаналық немесе өскемендік болып кетті.

Бұрынғы жеңіл өнеркәсіп орталығы болған Семей  осы жылдар ішінде тек орта және шағын кәсіпкерлік орталығына айналып қалды. Дәмі тіл үйірер өнімдерімен Одақты тамсандырған ет комбинаты жоқ. Семей бүгін жейде де тікпейді, қолғап та, шұлық та тоқымайды… Тек дайын затты алып сатумен айналысатын қалаға айналды.

Семейде өлмейтін, өшпейтін бір ғана құндылық қалды. Ол — рухани байлық. Тек Шығыс Қазақстандағы ғана емес, республикадағы мәдени, тарихи орталық болып қалды. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский, тарихи-өлкетану музейлері, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, Абай атындағы кітапхана бар. Қазақтың Абай атындағы музыкалық-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары да  облыс жабылса да өр рухын сақтап тұрған мәдениет ошақтары.

Алаштың  Ақ ордасы Алтын Семей.  Бөркімізді аспанға атып,  жанарға еріксіз қуаныш жасын ұялатар жаңалықты ел болып 16  наурыз күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  халыққа  Жолдауынан естідік. «Халықтың қалауын ескеріп, бүгін бірқатар бастама көтермекпін. Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын» деген сөз тек семейліктер үшін ғана емес, тамырында қазақтың қаны бар барша бауырларымыз үшін көзге жас әкелеген, қуаныш жасын әкелген жаңалық болды.

Семей қаласы жаңа Абай облысының орталығы болады. Әрине, бұл жақта шешімін күткен түйткілдер жоқ емес.  Мемлекет басшысының өзі: «Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз», — деді.

Бұл күнді көпшілік тарихи әділдік салтанат құрған күн деп қабылдады.   Азаттықты аңсаған алаштың  ақ армандарына қанат байлаған  қасиетті мекен — Семей! Ұлылар туған киелі топырақ – Семей!  Хакім Абайдың, шындықтың  шарайнасы Шәкәрімнің,  мұхит  ойлы Мұхтардың  туған жері — Семей! Ұлт болашағы үшін қан мен тер  төккен талай ұлыларды туған – Семей!

16  наурыз күні  ұмытылмастай мына  көрініс есімде қалыпты. Құжат жұмыстарыммен  қала орталығындағы нотариусқа  барған едім,  ішке кіре бергенде  бір әжейді   қаумлап қалың  нөпір тұрғанын көрдім.  Әжей  жылап отыр,  жай жылап отырған жоқ, еңірегенде етегі жасқа толған,  алғашында бірдеңе болды ма деп абдырап қалып, маңайдағылардан  сұрасам, жоқ, әжейге ештеңе болмапты. Ол кісі  Семей қаласының Абай облысы орталығы  болатынын   естігенде жылаған екен. Қуаныш жасын ақ  шытымен  сүртіп отырып: «Біз осыны  97-ші  жылдан  бері  күттік  қой,  содан бері Семей өгей баланың күйін кешіп келді, халық жұмыс іздеп, жан-жаққа сабылып кетті, қаншама жұмыс орындары, зауыттар  жабылып қалды, жөндеу  көрмеген көшелер, жаңартылмаған  үйлер қаншама. Енді жақсы болды,  сендер, жастар,  жұмыс іздеп  сыртқа  қаңғырмайсыңдар,-  деді бізді нұсқап… Қуанышы мен  өкпесін  қатар  жеткізген әжейдің  айтқаны — бір адамның  көкейіндегі  сөз  емес, бүкіл  қарапайым  халықтың  жүрек  түкпіріндегі  сөз. Жаңа Қазақстанның  құрылуы халықтың  көкейіндегі  пікірін  ескерумен басталатынына  еш күмәнім жоқ. Қасым — Жомарт Кемелұлы   биліктің  халыққа жақын болуы қажеттігін талап етуде. Бұл татулығы жарасқан елдің болашағы жолында жасалған қадамдардың бірі деп ойлаймын.

Семей қаласының Абай обылысының орталығы болып жариялануы, көңілге қуаныш ұялатқанымен қатар, үлкен жауапкершілікті қажет етеді.  Жоғарыда айтып өткеніміздей,  осыдан  ширек ғасыр бұрын Семей қаласы  облыс дәрежесінен айырылғаннан бері өндіріс ошақтары түгелдей дерлік жекенің қолына өтіп, жабылып,  жұмыссыздық белең алды.

Абай облысына қарасты қала, аудан, ауыл бюджетін өзін-өзі ақтай алатын жағдайға қол жеткізе ала ма? Шығыс Қазақстан облысы металлургия отаны, кенді Алтайдың орталығы болғандықтан, аймақ бюджетіне қосқан үлесі аз емес. Ал Абай облысының бюджеті қалай болады? Абайдың рухы деп республикаға алақан жайып отыра береміз бе? Жаңа облыстың ішкі  инфрақұрылымын, өндірістік ошақтарын  қалай дамытуға болады? Абай облысының өз еңсесін тіктеп, жаңа аймақ әлеуетін қалыптастыруы үшін қанша  уақыт қажет?

2022 жылғы жалпы санақ бойынша, Семей халқының саны 313 012 адамды құрайды екен. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Семей қаласы Қазақстандағы халық саны бойынша 87 қаланың ішінде 9-шы орында тұр екен. Жаңадан құрылатын  Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды, халқының саны 638 мың адам.  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, өнеркәсіптердің 68 пайызы ШҚО үлесінде, ал 32 пайызы Абай облысының үлесінде қалмақ. Бұл ескіріп, тозған  қаланың  ішкі инфрақұрылымы мен алыс аудан-ауылға қатынайтын, сапасы сын көтермес қырық жамалған  жолдарын жөндеуге мүкіндік бере ме? Қазіргі таңда Семей қаласында  бірқатар өндірістік орындар жұмыс атқаруда. Мысалы, силикат зауыты 1958 жылдан бастап  іске қосыған. Шығаратын өнімдері — силикат кірпіш, қаптамалы түсті кірпіш, сәндік бетон плитка, тағы да басқа құрлыс материалдары.   Соңғы он жылдың әр жылында 100 млн дана кірпіш шығарған зауыт 400 адамды  жұмыспен қамтамасыз етуде.

Семей қаласындағы цемент зауыты. 1958 жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Семей цемент зауытының өнімдері қазақстандық нарықта, сондай-ақ РФ Батыс-Сібір федералды округінің нарығында сатылады, сонымен қоса  бұл зауыттта 1200 адам жұмыс атқарады. Қаражыра кен орны 1967 жылы ашылған.  Семей қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 135 шақырым жерде орналасқан. Жалпы, кең орнында 1200 шамасындағы адам жұмыс істейді.

Әлқисса. Әуелгі тақырыбымызға қайта оралсақ. Абай облысы Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шыққаннан кейін  экономикалық құлдырауға ұшырамай ма деген сауал да ел ішінде жүргенін естіп жатырмыз.  Менің ойымша, мемлекет тарпынан қолдау болса, Семей қаласының кәсіпорындары  қайта жанданатына еш күмән келтіруге болмайды. Семей қаласының кәсіпкерлік кешендерін дамыту арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу,  құрылыс материалдарын, тоқыма кәсібі  салаларын жоғары деңгейге көтеруге өз мүмкіншілігі жетеді.

Сондай-ақ мал шаруашылығын өркендете  отырып, сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал басын көбейтіп, жылқы шаруашылығын жандандырып, қой мен құс өнімдерін экспортқа шығаруға әлеуетті аймақ болатыны сөзсіз.

Семейдің стратегиялық  тұрғыдан қолайлы орналасуы да бұл орайда маңызды. Темір жол, автомобиль, су және әуе қатынасына да қолайлы  тоғыз жолдың торабында орналасуы экономикалық  сауда қарым-қатынасын арттыруда айрықша рөл атқара алады. Қаланың тарихи-мәдени мұрасы, ғылыми потенциалы бай. Сондай-ақ туризм саласын өркендетуге мүмкіндігі мол.

Ал бізге қажеті — болашаққа деген сенім және  Абай облысының дамуы үшін бірлесе  еңбек ету.

Өмірұзақ ЖҰМАҚАНҰЛЫ

Мақалада: МЕН ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН!

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

15.07.2025
Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

Semeytany.kz – Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

15.07.2025
(Еске сала кетейік, жарияланған фотосуреттер биылғы 8 мамырда түсірілген.)

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли «Халық қаһарманы» атағының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің қайтыс болуына байланысты...

Толығырақ...Details

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

15.07.2025
Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

Әлеумет | Қауіпсіздік Semeytany.kz – Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында өңірдегі орман...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

15.07.2025
Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

Әлеумет | Агросектор Semeytany.kz – Абай облысында 2025 жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағына дайындық басталды. Бұл туралы өңірлік кеңейтілген аппарат...

Толығырақ...Details

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

15.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

Semeytany.kz – Беларусь Республикасындағы «Зубренок» ұлттық балалар білім беру орталығында өткен «Достастық балалары» атты X халықаралық форумға Абай облысының оқушылары...

Толығырақ...Details

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

14.07.2025
Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

Semeytany.kz – Абай облысындағы Геологиялық барлау колледжінде өткен ІІ Республикалық жас геологтардың далалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Апталық білім бәйгесіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үкімет Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетпек

11 часов бұрын

Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

11 часов бұрын

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

1 день бұрын

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

1 день бұрын

Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

1 день бұрын

Облыс әкімі Чехия Парламенті депутаттар палатасының вице-спикері Ян Бартошекпен кездесті

1 день бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

1 день бұрын

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

1 день бұрын

Семейде Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік басталады

1 день бұрын

Абай ауданында Абайдың 180 жылдығына орай этно-қалашық құрылады

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС