"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨТКЕНГЕ — САЛАУАТ, КЕЛЕШЕККЕ — АМАНАТ

02.06.2022
ӨТКЕНГЕ — САЛАУАТ, КЕЛЕШЕККЕ — АМАНАТ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақ тарихының ақтаңдақ беттері — саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдары ұрпақ жадынан өшпеуі тиіс. Бүгінгі күндері зұлмат жылдары жазықсыз жазаланып, атылған, қолдан жасалған аштықтан қырылған сан мыңдаған азаматтардың рухына тағзым етіп, дұға жасау — адамдық парызымыз. Көнекөз қариялар мен тарихшы, әдебиетші қауымның қасіретті күндер жайлы, ұлтымыздың еркіндігін аңсаған асыл азаматтар туралы естеліктеріне ден қою – тағылымы мол іс.  

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Семей өңірінің дін қызметкерлері 30 пара Құранды бастан-аяқ оқып, хатым еткен болатын. Ал 31 мамыр күні Семейдегі тарихи орын Тінібай мешітінде нақақтан қаза болғандардың, аштық құрбандарының рухына бағышталып Құран хатым оқылып, ас берілді. Асқа жергілікті зиялы қауым, ақсақалдар, БАҚ және қалалық әкімдік пен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, дін қызметкерлері жиналды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған бұл шараның бастамашысы ҚМДБ-ның Абай облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Мұқанов хатым дұғасын қайырған соң көпшілік алдында сөз сөйледі.

Асқар Әбітайұлы бұл шараның Абай, Шәкәрімдер ат шалдырған, ұлт қаймағы саналған алаш зиялылары мінәжат еткен, Алашорда үкіметінің бас имандылық үйі болған Тінібай мешітінде өтуінің өзіндік мәні бар екенін айтты.

— Өткен ғасырдағы жаппай саяси қуғын-сүргін — мыңдаған жазықсыз жанның өмірін қиған  тарихымыздың шерлі беттерінің бірі. Ал сол қасіретті жылдарды есте сақтау, өткенге салауат айту, қуғын-сүргін құрбаны болған жандардың рухына дұға ету — бүгінгі және келер ұрпақтың парызы. Осы басқосуды ұйымдастырудағы бір мақсатымыз сол, — деді бас имам.

Ал Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев атқарушы билік атынан алғыс білдіріп, тәуелсіздіктің арқасында тарихи сананы жаңғыртуға жол ашылғанын әрі осындай рухани іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.

Тарихтың қасіретті парақтары жайында аға буын өкілдері де лебіз білдірді. Ғылым докторы, ардагер Зейнолла Тоқаев осындай басқосулардың тағылымы мол екенін жеткізіп, ұйымдастырушыларға шаһар ақсақалдары атынан алғыс айтты.

Сондай-ақ халықаралық «Абай Құнанбаев» қорының президенті Отантай Кәріпжанов, бір мұнаралы Тас мешіттің бас имамы Нұрбек қажы Нәзірұлы да тұшымды пікірлерін айтты.

Елорда төрінен келген айтыскер ақын, Л.Гумилев университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Серікзат Дүйсенғазы да сөз алды.

— Рухани діңгектеріміз төл әдебиетіміз, ұлт тарихы, дәстүрлі дініміз десек, осы үш құндылықты қастерлеп сақтау — ұлттық бірлігімізді нығайтып, ұйыстыратын үлкен күш. Осы жолда атадан мирас болып жеткен төл дінімізді насихаттап, келімсек діни идеялардан сақтандыруда әрі ұлт руханиятын жандандыруда зиялы қауыммен етене іске кіріскен Абай елінің имамдарына ризашылығым зор, — деді мейман.

Жергілікті өлкетанушылар да сөз алып, қала аумағындағы қуғын-сүргін құрбандары жазаланған тарихи маңызы бар орындарды анықтап, ескерткіш белгі орнату жайлы ұсыныс-пікірлерін білдіріп жатты.

Еске алу рәсімінің соңында облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі Кеңес Райымбеков бата беріп, ел іргесінің амандығын тіледі.

Осы күні Семейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті. Семей қаласының жұртшылығы ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан мен Алаш арыстарының  соңғы тұяғы Қайым Мұхамедхановтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым жасады.

Бұл күні сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы құжаттарының негізінде тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Ал Әлихан Бөкейхан университетінде «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Семей өңірі: тәркілеу, ашаршылық, қуғын-сүргін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ғылыми басқосуға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, мәдени мекеме қызметкерлері, ғалымдар мен оқытушылар, студенттер қатысты.

Тарихымыздағы қасіретті жылдарды, жазықсыз құрбан болған азаматтарды ұмытпай, еске алу – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: КЕЛЕШЕККЕ - АМАНАТӨТКЕНГЕ - САЛАУАТ

Ұқсас жаңалықтар

“Қазақтарды атып өлтіріп, қандарын ішкен”: Ашаршылық құрбандарының ұрпақтары естеліктерімен бөлісті

31.05.2022
“Қазақтарды атып өлтіріп, қандарын ішкен”: Ашаршылық құрбандарының ұрпақтары естеліктерімен бөлісті

“Өлген адамдарды жейтін хәлге түскен” Күлән Уәшова 1935 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Бала кезінде әкесі ашаршылық тұсындағы қиындықтар мен...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Семей тұрғыны қысы-жазы өзі салған сақ шатырында тұрады

13 часов бұрын

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

15 часов бұрын

Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

16 часов бұрын

Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

17 часов бұрын

Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

17 часов бұрын

Тоқаев пен Қатар әмірі бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

18 часов бұрын

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

4 дня бұрын

Айнұр Тұрсынбаева гендер пати жасады

5 дней бұрын

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

5 дней бұрын

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС