"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ӨЗ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛДЫ

04.06.2022
ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ӨЗ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛДЫ
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы белгілі кәсіпкер Әсемхан Досқұжанов жас жүзушілерді өз қамқорлығына алды.

Мамыр айының соңында Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында жүзуден облыстық чемпионат аяқталған болатын. Аталған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 40-тан астам спортшы қатысты. Осы сайыста Семей қаласының намысын сегіз жас жүзуші қорғады. Семейлік спортшылар жақсы өнер көрсетіп қана қоймай, сурдо (есту қабілеттері бұзылған спортшылар) және пода (жоғарғы аяқ-қолдары бұзылған; төменгі аяқ-қолдары бұзылған; аралас бұзылулары бар спортшылар) номинациялары бойынша да жүлделі орындарды жеңіп алды.

— Жарыс Өскемен қаласында өтті. Семей қаласынан сегіз адам қатысты. Спортшыларымыз төрт жүлделі орынды жеңіп алды. Жарысқа бір айға жуық дайындалдық. Жаттығулар «Арена» көп салалы спорттық кешенінде өтті. Қарсыластарымыз мықты болды, біз жоспардағының бәрін қолдандық. Жарты жыл жаттығып жүргенімізді ескерсек, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш және спортшыларымызды одан ары дамуға ынталандырады. Біраз демалып, келесі жарыстарға дайындықты бастаймыз, – дейді «Семей-Номад» командасының бапкері Ернұр Қайыров.

Спода санатында І орынды Ерік Жанғаскин (дельфин стилінде) жеңіп алды. Ол еркін жүзуден де екінші орынды иеленді. Тағы бір жерлесіміз — Темірлан Айдабол сурдо санатында (арқамен жүзу) қола жүлдені жеңіп алды. Рахат Ардақұлы да сурдо санатында еркін жүзуден қола жүлдені қанжығасына байлады.

Жас жүзушілерді Семей қаласының бизнесмені, AMANAT партиясынан ұсынылған облыстық депутат Әсемхан Досқұжанов өз қамқорлығына алып отыр.

— Мен өзім бизнесмен ретінде осы балаларды қамқорлығыма алдым. Олар физикалық тұрғыда жақсы дамыған, спортпен айналысып, жарыстарға қатысулары керек. Спортшыларымыз чемпионатта лайықты өнер көрсетіп, жеңіске жетті, енді  одан ары өздерін дамытады деп ойлаймын. Бұл үшін перспектива бар, облыстық және республикалық деңгейлердегі көптеген жарыстар өтеді. Біз алдағы уақыттарда да балаларға  спорттық киімдер сатып алуларына, жарыстарға баруларына  қаржылай көмек көрсететін боламыз, — дейді Әсемхан Досқұжанов.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ӨЗ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Спорт әр адам үшін қолжетімді болуы тиіс»: Абай облысында бұқаралық спортқа қызығушылық артуда

15.04.2025
Спорт әр адам үшін қолжетімді болуы тиіс»: Абай облысында бұқаралық спортқа қызығушылық артуда

«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт...

Толығырақ...Details

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің қазақ күресінен ашық чемпионаты өтті

07.04.2025
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің қазақ күресінен ашық чемпионаты өтті

Абай облысында ұлттық спортты дәріптеу мақсатында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған қазақ күресінен ашық чемпионат жоғары...

Толығырақ...Details

Көшпенділер Парижде: Ойынның амбассадоры көлікпен Францияға жетті

02.08.2024
Көшпенділер Парижде: Ойынның амбассадоры көлікпен Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық қоғам...

Толығырақ...Details

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

01.08.2024
Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

Биылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 3 тамызда Павлодарда бәйге жарысынан қатысушалардың бірінші іріктеуі өтеді. Жүлде қоры...

Толығырақ...Details

«Qazaq Marathon Abay»: Семейде ауқымды марафон өтті

22.07.2024
«Qazaq Marathon Abay»: Семейде ауқымды марафон өтті

21 шілде күні Семейдегі Абай алаңында «Qazaq Marathon Abay» марафоны өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші мемлекеттерден келген 1000-нан астам...

Толығырақ...Details

Керемет камбэк: Қазақстан өз алаңында Дания құрамасын жеңіп кетті

27.03.2023
Керемет камбэк: Қазақстан өз алаңында Дания құрамасын жеңіп кетті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 226 нысан пайдалануға берілді

9 часов бұрын

Президент кеңесшісі Абай облысына жұмыс сапарымен келді

1 день бұрын

Айдар Садырбаев «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

1 день бұрын

Абай облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді

1 день бұрын

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

2 дня бұрын

Семейде чип пен электроника өндіретін зауыттың құрылысы басталды

2 дня бұрын

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

2 дня бұрын

Семейде балалардың қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениеті талқыланған форум өтті

2 дня бұрын

Үржарға алғаш рет SCAT әуе рейстері қатынауды бастады

3 дня бұрын

Облыс әкімі Саржал ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС