"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚЫЗЫЛ СЫЗЫҚТАҒЫ» СУҒА ҚОЛ ЖЕТПЕЙ ТҰР

07.06.2022
«ҚЫЗЫЛ СЫЗЫҚТАҒЫ» СУҒА ҚОЛ ЖЕТПЕЙ ТҰР
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халықты сапалы ауыз сумен қамту — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген тапсырмалардың ең негізгілерінің бірі. Бұл тапсырма мүлтіксіз орындалуы қажет. «Денсаулық — зор байлық» дейміз. Денсаулық — әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес құндылығы. Денсаулығымыздың мықты болуы тұтынатын азық-түлігіміздің   апасына да тікелей байланысты десек, соның ішінде таза ауыз судың да маңызы зор. Міне, сондықтан да халықты сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызы зор.

Тарбағатай ауданында да сумен қамту мәселесіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі таңда Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда таза ауыз сумен ауылдық округтерді ғана емес, шалғайдағы шағын елді мекендер мен қыстақтарды да қамтамасыз ету шаралары жүйелі іске асырылуда. Осы бағыттағы оңды істердің арқасында қазірдің өзінде аудан бойынша 60 елді мекеннің 54-і ауыз сумен қамтылды. Бұл — 90,0 пайыздық көрсеткіш. Елді мекендердегі 36 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізіп отыр.

Аудан орталығынан ең шалғайда жатқан Жаңаауыл, Құйған ауылдарындағы су құбыры желілері күрделі жөндеуден өткізілді. Жаңаталап, Жаңалық, Ақжар, Бозша, Жамбыл, Жалаңаш, Қабанбай, Жетіарал, Маңырақ, Ақмектеп, Тұғыл, Байтоғас, Көкжыра, Жәнтікей, Ойшілік, Кіндікті, Қарғыба, Үштөбе, Қызылкесік, Сәтбаев, Құмкөл, Екпін ауылдарында су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту жобасы толығымен іске асырылды. 12 елді мекенге, атап айтқанда Қарой, Тәуке, Асусай, Сарыөлең, Шорға, Шеңгелді, Көкбастау, Тана мырза, Серіктес, Сұлутал, Көктүбек, Қожакелді ауылдарына ұңғыма үстіндегі павильон құрылыстары салынды. Ал Айнабастау, Алғабас, Ақжал, Жолқұрылыс елді мекендеріне блок-модульді станциялар орнатылды.

Аудан орталығы Ақсуат ауылында ауыз су жүйесін орнату жұмыстары былтыр басталған болатын. Бүгінгі күні құрылыс бригадасы көше-көшеге су құбыры желілерін тартуды аяқтады. Енді тұрғын үй иелері «қызыл сызықтан» суды ішке өздері кіргізуге тиіс.

— Халықты ауыз сумен қамту — ең күрделі жұмыстардың бірі. Соған қарамастан, Ақсуаттағы су құбырларына су жіберу қазір рет-ретімен жүргізіліп келеді,- дейді Тарбағатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серік Сабырбаев.

Бөлім басшысының «рет-ретімен» дегеніне қарап, су құбырларына су жіберу жұмыстары Ақсуатта ойдағыдай жүргізіліп жатыр деуге келмейді. Неге дейсіз ғой? Ақсуат тұрғындары ауласына («қызыл сызыққа») келіп тұрған су құбырын үйлеріне жеткізіп алуға асығар емес. Мысалы, ауылда жоба бойынша көше-көшеге су құбыры тартылды. Енді құбырды үй ішіне дейін жеткізу жұмысы қалды. Ауылдағы 1448 тұрғын үйге су берілу керек. Осы жоба аясында бар-жоғы 10 үй ғана су құбырын үй ішіне дейін жеткізіпті. Көп пе, аз ба? Бұл, әрине, ойландыратын мәселе. Мемлекет миллиондаған теңге қаржы жұмсап, жаңа су құбырын тартып берсе, оны өз игілігіне пайдалануға асықпаған тірлікті түсіну қиын. Уақыт оздырмай, таза суды өз күшімен қосып алуға ниетті тұрғындар жоқ емес, бар. Ондайларға аз да болса қолдау, көмек қажет сияқты. Көмек дегенде, ұйымдастыру шараларын айтып отырмыз. Ауылдық округтер  басшылары тұрғындардың өтініш-тілектеріне қолдау көрсетіп, ақылы болса да құбыр қазуды білетін, техникасы бар мамандарды жұмылдыруы қажет. Өйткені «қызыл сызыққа» дейін келген суға ақсуаттықтардың қолы жетпей тұр.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Мақалада: «ҚЫЗЫЛ СЫЗЫҚТАҒЫ» СУҒА ҚОЛ ЖЕТПЕЙ ТҰР

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

06.02.2025
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

18 часов бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

18 часов бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

18 часов бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

18 часов бұрын

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

18 часов бұрын

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

2 дня бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

2 дня бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

2 дня бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС