"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

11.06.2022
АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Жол қадірін жүрген біледі» демекші, жол сапасы нашар болса, барар жеріне жеткенше жүргізушінің де, жолаушының да мазасы кететіні анық. Семей қаласында жолдардың сапасына шағымданып, билік басындағыларға арыз-шағымдарын айтып жататын тұрғындар аз емес. Дегенмен соңғы жылдары қажетті қаражат бөлініп, мәселе кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, жақында жергілікті маңызы бар Семей – Талица автожолының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Автомобиль жолының ашылуына орай, Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Талица ауылының тұрғындарымен кездесті.

Аталған жол бөлігінің жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Автомобиль жолы салынғаннан бері ондаған жылдар бойы мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Жол жөндеу қызметкерлерінің айтуынша, құрылыс кезінде белгілі бір қиындықтар болған. Су тасқыны кезеңі мен жол учаскесінің сортаң болуына байланысты, еріген қар топыраққа терең еніп, онда асфальт негізін сапалы дайындауға мүмкіндік бермейтін, суы бар терең шұңқырлар пайда болды. Бұл мәселені шешу үшін мұндай жерлер терең қазылып, кесек тас араласқан топырақпен толтырылды. Содан соң жол жөндеушілерге негіз толығымен құрғағанша және нығайғанша күтуге тура келді. Қазіргі күні құрылыстың барлық кезеңдері аяқталды, жолға қалыңдығы 5 см және ені 6 метр асфальт төселді.

Автожолдың лентасын ардагер Виктор Дранкин мен жергілікті мектептің белсенді оқушысы Әрсен Мейрамбаев қиды.

— Біз жол жөндеу жұмыстарын көптен бері күттік. Бұл жол біз үшін үлкен маңызға ие. Біз қалаға жиі барамыз, базарға ет немесе көкөністерді сатуға апарамыз. Құрылыстың аяқталуын асыға күттік, — дейді ауыл тұрғыны Әсел Абдибекова.

Кездесуде Семей қаласының әкімі тұрғындарды ауылды абаттандыруға қатысты жоспарлармен таныстырды. Қала басшысының айтуынша, биылғы жылы «Воркаут» элементтері бар балалар ойын алаңын салу жоспарланған. Сондай-ақ жыл соңына дейін Талица ауылының көшелері жарықтандырылатын болады.

— Өмір бір орында тұрмайды. Біз Семейдің шет аймақтарын қолдау үшін кез келген мүмкіндікті қарастырудамыз. Сәуір айында мектептеріңізге физика кабинетіне арналған жабдық сатып алдық. Енді, міне, жақсы жол салынды. Бұл жерлерде көптеген туристік нысандар, шаруа қожалықтары бар. Енді автобустардың қозғалысы жеңілдейді  ады, жол жүру уақыты да қысқарады.

Өткен жылдың жазындағы біздің алғашқы кездесуімізде сіздер жолды жөндеп беруді өтіндіңіздер. Сіздердің өтініштеріңіз бен тілектеріңізді орындай алғанымызға қуаныштымын, — деді Бақытжан Байахметов.

Қала әкімі екі жылдан кейін Талица ауылында су құбыры салынатынын айтты. Оның айтуынша, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарт жасалған. Сараптама ағымдағы жылдың тамыз айында дайын болады деп күтілуде.

 

Анар АХМЕТҚАЛИҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

11 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

20 часов бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

20 часов бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

20 часов бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС