"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАР ТАРТУ ЕТТІ

05.07.2022
ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАР ТАРТУ ЕТТІ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстанның ең ірі компаниясының бірі «Қазцинк» кәсіпорны облыс орталығында орналасқан Ислам мәдениеті музейіне ондағы діни құнды жәдігерлерді цифрлық жүйеге көшіретін арнаулы жабдықтар тарту етті.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық Халифа Алтай мешітінің жанындағы Ислам мәдениеті музейі 2019 жылы құрылған болатын. Мұнда Қазақстандағы ислам дінінің пайда болу және даму тарихы барынша айқын көрініс тапқан. Дінге, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты жәдігерлер еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден жиналған. Жинаққа қасиетті орындардың түрлі макеттері, инсталляциялар, тарих және мәдениетпен байланысты көптеген заттар енгізілген. Музей қорларындағы бірегей әдебиеттер саны бір жарым мың кітаптан асады.

Ерекшелігі — аталмыш мұражай форматының елімізде баламасы жоқ. «Халифа Алтай» мешіті мәдени мұраны замандастарымызға, әсіресе жас буынға қолжетімді етіп, келешек ұрпақ үшін сақтау мақсатында мұндағы жинақты электронды форматқа көшіруді жөн деп тапқан. Бұл идеяға «Қазцинк» ЖШС қолдау көрсетіп, арнаулы техника, оның ішінде қуатты заманауи сканерлер, кәсіби фото және кеңсе техникасын сыйға тартты.

– Біздің мұражайда келушілердің қызығушылығын тудыратын көптеген қызықты жәдігерлер бар. Дегенмен мұндағы ең құнды дүниелер – діни кітаптар. Олардың ең көнелеріне 600 жыл болса, салыстырмалы түрде жаңаларының өзінің 200 жылдық тарихы бар. Біздің міндетіміз – осы баға жетпес жәдігерлерді сақтап қана қоймай, келешек ұрпаққа жеткізу. Өздеріңіз білесіздер, қазір 21-ші ғасыр, жастардың бәрі мұнда келіп, кітаптарды көріп, оқи бермейді. Бәрінің қолында заманауи мықты гаджеттер. Жастарымызға мұражайдың құндылықтарын насихаттау, жақын таныстыру үшін цифрлық технологияларды қолдану өте қолайлы. Сондықтан осы ауқымды жобаны іске асыруды бастадық, қазірдің өзінде 23 кітапты сканерден өткізіп, электронды нұсқасын дайындадық, – деді ҚМДБ Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай.

Айта кетейік, «Қазцинк» ШҚО-ның бас мешітіне көптен бері белсенді қаржылай қолдау көрсетіп келеді.

— Бүгінгі таңда мешіт тек діни рәсімдер өткізетін орын ғана емес, сонымен бірге мәдениет пен білімнің, руханияттың іргелі ошағына айналып отырғаны өте заңды құбылыс. Музей жәдігерлерін суреттен ғана емес, мұнда келіп, өз көзіңмен көрудің әсері мүлде бөлек. Ал Өскемен қаласында тұрмайтын, түрлі себептермен мұнда келу қиынға соғатын облыстың басқа да тұрғындары үшін тиімді шешім – жәдігерлерді ғаламтор кеңістігінде тамашалау. Өйткені әлемді тану үдерісінің ешқандай шекарасы болмауы керек. Металлургтер ұсынған жабдықтар ондаған мың адамды шынайы ислам дінімен, оның өркендеу тарихымен, қазақстандық мәдениетпен таныстырады деп сенемін, – деді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Облыстық мешіт пен іргелі кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бірегей кітаптардың бір бөлігімен қазірдің өзінде қазақстандық электрондық ұлттық кітапхананың https://kazneb.kz/ сайтынан және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының электронды кітапханасының https://kitap.muftyat.kz/. порталы арқылы танысуға болады.

Дана ТАЛҒАТБЕК

Мақалада: ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАР ТАРТУ ЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

23 часа бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

24 часа бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

1 день бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

2 дня бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

2 дня бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

2 дня бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС