"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

20.12.2013
«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұшар шыңы әппақ қар жамылған асқар алып. Оның Алатау екенін бірден аңғаруға болар. Жасыл желек. Шуағы шашылған күн. Табиғат аясында аспанмен таласа қалықтаған қыран мен тау бөктерінде жердің жүзін дүбірлете шапқан тұлпарлар. Арғымаққа мініп, атой сала сол үйірдің соңынан ілескен жалынды жігіт пен егде тартқан ер адам – бәрі—бәрі қаймағы бұзылмаған қазақылықтың нышанын білдіріп тұрғандай. Міне, «Елбасы жолы» киноэпо-пеясы осылай басталады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

Өзге қалалардағы сияқты бұл фильм Семейдің кинотеатрларында да көрсетілуде. Ал, өткен бейсенбі күні болған жаңа фильмнің премьерасын қала басшысы Айбек Кәрімов бастаған жергілікті билік өкілдері қаладағы «Дастан» кинотеатрына арнайы барып тамашалады.

 

Елімізге белгілі режиссер Рүстем Әбдіраштің бұл фильмі бұрынғы фильмдерінен өзгерек болған сыңайлы. Өйткені, басқасы басқа, ал ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы жайлы кино түсіру кез-келген режиссердің еншісіне бұйыра бермейтін бақыт. Бұл жағынан Рүстем Әбдіраш жарады. Оның осы фильмі көрер көздің қай-қайсысын болмасын тәнті етті. Ал, бұл киноның Семейдегі премьерасын тамашалауға «Дастан» кинотеатрына жергілікті жұртшылық көптеп жиналды. Сонымен фильм- де: әсем табиғат пен әдемі көріністерден соң әлгі арғымаққа мінген жалынды жігіт пен егде тарт- қан ер адам бір бұлақтың басына барып аялдайды. Олар жас Сұлтан мен оның әкесі Әбіш еді. Еңбек жолын енді ғана бастағалы тұрған ұлына сол қасиетті бастаудың суын ішкізіп, жақсыға ырымдаған әке тағылымды әңгімесін тарқатып, аталы сөз айтып, ақ батасын береді. Ауыр жүк көлігімен жолға шығып, одан кейін пойызға отырған ауыл баласының Теміртауға жеткенге дейінгі жол сапары, одан ары Домна пештің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан айдаладағы ауыр жұмыс пен жұмысшылар тұратын күркелердегі тұрмыс, осының бәріне көнген Сұлтанның еңбекқорлығы мен шыдамдылығына еріксіз риза боласың. Ал, Украинаның Днепродзержинск қаласында оқып жүргендегі қылықтарына, онда алғаш барғандағы бозкілем төрінде мықты палуанды алып ұрғанына, содан соң Украинадан оқып келіп, кейіннен Теміртауда Домна пеште жұмыс істеп жүргенінде жарылыс болып, сол жарылыста өз басын қатерге тігіп, досын құтқарғандағы ерлігіне, сонымен қатар, өзге де өрлігіне тәнті боласың, сүйсінесің. Украинаға аттанып бара жатқан жастарды отырғызып, Теміртаудан Қарағандыға жол тартқан автобус орта жолда бұзылып, рельстің қақ ортасында тұрғанда екінші жақтан пойыздың келе жатқаны, ал автобусты жан ұшыра итерген жастардың пойыз әбден жақын қалғанда барып әрең дегенде көлікті рельстен алып шығуы әр адамның бойын тоқ жүгіртердей әсерде қалдыратынына ешкім қарсы дау айта алмас. Одан соң фильмде бір топ жастың Украина жерінде талай қиындық пен қызықты бастан кешіргендері баяндалады. Сол жақта бозбала Сұлтанның жігіттік өмірі басталады. Люда есімді аруға деген алғашқы ғашықтық сезімі оянады. Бірде Днепродзержинск қаласына келген қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың концертіне Люда мен барлық достарын ертіп арнайы барады. Сол кездегі өзге ұлт өкілдерінің қазақ әншісіне деген құрметі ұлттық рухты ас-қақтатып жібергендей әсерде қалдырады екен. Тағы бір көріністе Сұлтан шетелдік журналистпен танысып отырады.  Сол уақытта журналистің қолындағы радиодан Теміртаудағы шағын қозғалыс жайлы ақпарат тарап, соны естіген Сұлтанның қарсыласы, Людаға көз салып жүрген жігіт «Кеңес Үкіметіне қарсы шыққан жерден келгендерді несіне  аяуымыз керек» деп төбелес басталып кетеді. Сол кезде әлгі журналистің қымбат құралы сынып қалған екен. Қазақ балалары оңай құтыл-ғанмен, ол журналист Сұлтанды таниды. Сондықтан, оның басына ала бұлт үйірілуі мүмкін еді. Осыны ескерген оның ұстазы «Еліңе қайт. Қаш» деп өтініш білдіреді Сұлтанға. Бірақ, бірбеткей Сұлтан олай етпейді. «Қашуды бір бастасаң, ешқашан тоқтамайсың. Оқуымды бітірмей, ешқайда кетпеймін» деп өз дегенінен қайтпайды. Ақыры оқуын аяқтағанда әлгі ұстазы «Мен сияқты ақыл айт-қыштарды тыңдама. Қай кез болсын өз дегеніңнен қайтпа» деп ағалық ниетін білдіріп, қимай қоштасады. Шығарып салуға кешігіп келген Люда нөсер боп құйған жаңбырмен жанарынан аққан жасын жарыстыра, пойыздың соңынан тоқтамай жүгіре береді. Ақыры жете алмай, амалсыз тоқтайды. Украинадан білім алып келген, қиындыққа мойымайтын жігіт Теміртауға қайтып келіп, Домна пештегі жұмысына кіріскен соң еселі еңбегінің арқасында талай жетіс-тікке жетеді. Жалақысының жартысын алыстағы әке-шешесіне жіберіп тұратындығы да көпке үлгі боларлық жағдай. Сонымен қатар, бұл фильмде Теміртауда жүргенінде Сара қызды (зайыбы Сара  Алпысқызы) қалай жолықтырғаны, олардың үйленгендері, одан кейін қыздары Дариға (Дариға Назарбаева) мен Динараның (Динара Назарбаева) дүние есігін ашқаны көрсетіледі. Үйлену тойларында әкесі Әбіштің бірнеше жыл бойы жалақысының жартысынан салып отырған ақшасын қайтарып берген сәттер, Сұлтанның анасын ойына алғандағы сәттер көрерменнің жанын тебірентпей қоймайды. Сонымен, 2  бөлімнен тұратын киноэпопея Елбасының Ақордаға кіріп келе жатқанымен аяқталды. Ал, Отанға, ата-анаға, аруға деген махаббат та, достыққа деген адалдық та, қайсарлық, жігерлік, еңбекқорлық, өрлік – барлығы баяндалған фильмде Елбасының жас кезіндегі рөлін елімізге белгілі жас актер Нұрлан Әлімжанов сомдаса, әкесі Әбіштің рөлін ҚР Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев сомдады. Олардың актерлік шеберліктеріне де қалың ел жоғары бағасын берді.

— Елбасының әкесінің рөлінде ойнау бір жағынан қиын, екінші жағынан қуаныш. Өйткені, Елбасыдай азаматты дүниеге келтіру қандай адамның қолынан келеді? Кімнің қолынан келеді? Оның мінезі қандай? Алғашқыда қорыққанмын, шынымды айтайын. Ол жай адам емес қой, арқалы адам. Сол кісінің аруағынан қорқыңқырадым. Кейін қалыпқа түскеннен кейін емін-еркін кете бердім, — деген еді Нұржұман Ықтымбаев республикалық телеарналардың біріне берген сұхбатында.

Алысты көздейтін қарапайым қазақтың қарадомалақ баласы туралы фильмді жұртшылық  жоғары бағалады. Фильм соңында қала әкімі Айбек Кәрімовтің пікірін білген едік:

— Біріншіден, көркем, екіншіден, шынайы фильмнен көргеніміздей, Елбасының қарапайым қазақ отбасынан шыққандығы, үлкен тәрбие алғандығы, ұлттың болмысын көрсететіндігі, салтымызды өте жақсы білетіндігінің барлығы кез-келген адамды таң қалдырмай қоймайды. Металлургия — ауыр өнеркәсібі — өмірлік үлкен мектеп екенін білеміз. Сол мектепте шыңдалған Елбасы бүгінде елімізді тек алға жетелеп келеді. Ал, фильмнің әр эпизоды қызықты. Ешқай жерін бөліп-жаруға болмайды. Біз осы кинодан 1960 жылдардағы жастардың өмірін көрдік. Өте жақсы әсер алдық, — дейді Айбек Мүталапханұлы журналистерге берген сұхбатында.

Шынында да түсірілімі де,  актерлердің шеберліктері де   сапалы әрі сәтті шыққан Елбасының өмірі жайлы жан тебірентер фильмнен көпшілік үлкен әсерге бөленіп тарқасты.

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

2 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

2 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

2 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

2 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

2 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

2 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

2 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС