"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ

27.09.2022
САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.

Талшын ҚАЛИАСҚАР,
«Семей таңы»

Тоқтала кетер болсақ, ағымдағы жылдың маусым айында Маралды тұрғындары өңірдің экологиясына теріс әсерін көрсете отырып, алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы шыққан еді. Бұл мәселені жергілікті тұрғындар экология министрі Серікқали Брекешевтің Өскемен қаласына жұмыс сапары кезінде көтерген. Ол кезде жергілікті жұртшылықпен бірлесіп проблемалық мәселелерді талқылау тапсырылған болатын.

Облыстық экология департаменті адамдардың алтын өндіру фабрикасын салу жобасына қарсылығын ескере отырып, алтын өндірудің балама әдісін қарастыру; құрылыс және пайдалану кезінде топырақтау; қосымша табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеу; құрылыс және өндіру кезінде уранның әсер ету мүмкіндігі; учаскелерге гидрогеологиялық зерттеу жүргізу туралы бірқатар ескертулер берген еді.

Министрліктің ақпараты бойынша, аталған ескертулерді «ВСАМ Продакшн» ЖШС компаниясы егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімінен кейін экологиялық рұқсат берілген екен.

Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институтының ғылыми зерттеулеріне сәйкес, «Маралиха» және «Маралиха тәжірибелік алқабы» кен орындарының байырғы кендерінен пайдалы қазбаларды реагенттерді қолдану арқылы ғана үймелеп сілтісіздендіру арқылы алу ең тиімді және қауіпсіз технология болып табылады. Басқа технологиялар қоршаған ортаға ықтимал қауіп төндіретін сұйық қалдықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

 

Жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып, экологиялық рұқсаттың қолданылуының ерекше жағдайларында келесі іс-шаралар көрсетілген. Яғни екі  ұстап қалатын апаттық тоғандардың құрылысын салу; үймелік сілтісіздендіру карталарын салу кезінде қышқылға төзімді және берік геомембрананы қолдану; іргелес аумақты 5 жастан 10 жасқа дейінгі ағаш-бұта өсімдіктерімен көгалдандыру; жер асты суларының мониторингтік желісін құру; датчиктерді үздіксіз бақылау баса назарға алынуы тиіс. Бұл шаралардың барлығы қатаң қадағалауда болады.

Жергілікті тұрғындардың наразылығын ескере отырып, «ВСАМ Продакшн» ЖШС фабрика құрылысының учаскесін Маралды ауылынан 10 шақырым қашықтыққа ауыстыруды ұсынып отыр.

Сонымен, қорыта келгенде, осы кездесудің нәтижесінде лицензиялық бақылау постын өткізу және оның шарттарының сақталуын егжей-тегжейлі зерделеу үшін «MARALICHA «ГРК» және «MARALICHA-Cold «ГРК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне  хабарлама жіберіп, өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда лицензияларды қайтарып алу (айыру) жөніндегі мәселелерді қарау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ «ВСАМ Продакшн» ЖШС Экология департаментінің ескертулеріне берген жауаптарын зерделеп, экологиялық рұқсатты қайтарып алу (айыру) бойынша нақты ұсыныстар енгізсін деген талап қойылды. Оған қоса, мүдделі жұртшылыққа жобалық құжаттама бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу ұсынылды.

Мақалада: САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 часа бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

3 часа бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС