"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚТЫҢ «ҚАЛАМҚАСЫ»

20.10.2022
ХАЛЫҚТЫҢ «ҚАЛАМҚАСЫ»
425
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кемел ойлы кемеңгерлер мен озық ойлы даналардың ізі қалған ежелгі Шыңғыстау жерінің өнердегі тарихы әріден бастау алады. Сонау Абай дәуірінен бүгінге дейінгі кезеңнің өзі үлкен зерделі зерттеуге, байыпты ғылыми тұжырымдарға арқау болатын тақырып. Әрине, бұл өнертанушы, мәдениеттанушы ғалымдардың еншісінде.

Әйтсе де кешегі Әлмағамбет, Ағашаяқ, Әмірелердің сарқытындай болған өнер дүлдүлдері Ә.Өмірзақова, Б.Досымжанов, Ә.Әсімжанов, С.Қыдыралин, Б.Имаханов Б.Жамақаев, М.Ешекеев, Б.Сыбанов, Ж.Кәрменовтердің ел мерейі мен мақтанышы екені ақиқат.

Кремльдің сарайын,

Думандатқан ағайын,

Мұхтар туған ел осы! —

деп ақиық ақын Қ.Алтынбаев толғағандай, өнер дарыған өңір үлкен мерейтой қарсаңында тұр. Ол – заманымыздың заңғар жазушысы, ғұлама ғалым М. Әуезовтің 125 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған Абай халық театрының 55 жылдық, қасиетті өлкенің өнердегі бойтұмары «Қаламқас» халық ансамблінің 50 жылдық мерейтойлары.

Қырық жылдан астам уақыт ауданның рухани, қоғамдық-саяси салаларында қызмет жасағандықтан мерейтой кезеңінде осы салада өзімнің көзім көріп, көңіліме түйген, тікелей араласқан сәттерім жөнінде естелік жазуды жөн көрдім.

1917 жылы шілдеде Ойқұдықта Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Еңлік — Кебек» пьесасы қойылып, қазақ театрының шымылдығы ашылған еді. Елу жылдан кейін Мәскеудегі Кремль сахнасында Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасын қойған Абай халық театрының өнерпаздары Бүкілодақтық фестивальдың лауреаты атанды. Алты өнерпаз І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы Мәскеу сахнасында 16 жастағы Баян Сағымбаевадай өнердің жаңа жарық жұлдызы көрінді.

Аудан өнерпаздарының Мәскеуде табысты өнер көрсетуі ел өнеріне тың тыныс берді. Жылдар өте келе Қайнар, Құндызды, Көкбай, Саржал ауылдарының өнерпаздар ұжымы халық театры атағына ие болды.

1972 жылдың көктемінде алғашқы болып «Қаламқас» вокалды-инструменталды ансамблі құрылды. Кейіннен Қайнарда «Мейзек», Қасқабұлақта «Қаракөз», Саржалда «Шынар-ай», Көкбайда «Әдемі-ау», Тоқтамыста «Сарғалдақтар», Би атада «Шыңғыстау» ансамбльдері шыға бастады.

Ауданда мәдениет пен өнерді дамытуға түбегейлі бетбұрыс жасалып, Қайнар, Тоқтамыс, Қасқабұлақ, Көкбай, Саржал, Құндызды, Би ата ауылдарында мәдениет үйлері салынды. Аудан орталығында, ауылдарда музыка мектептері ашылды. Мәдениет ошақтарының материалдық базасы нығайып, музыка мамандарымен қамтамасыз етілді. Ауыл, мекеме күндері, өнер байқауларын өткізу дәстүрге айналды.

Кезінде ауданның комсомол, кәсіподақ ұйымдарын, мәдениет бөлімдерін басқарған Абай ауданының Құрметті азаматы Әлімқұл Ысқақұлы былай деп ой түйіндейді: «Сол кездегі аудан мәдениетінің көтерілуіне, «Қаламқас» ансамблінің жарқырап шығуына ұйытқы әрі қамқоршы болған аудан басшыларын атамай кетуге болмайды. Ауданның партия, кеңес органдары, оның бірінші басшылары К.Нұрбаев, Х.Матаев, Н.Сембаев, Н.Уәлиев, Р.Ғабдуллиндердің аудан мәдениетін көтеру үшін еткен еңбек, төккен терлер ұшан-теңіз». (Ә.Ысқақұлы. Айттым сәлем, Қаламқас. Семей, 2012 жыл, 35-бет). Әлекеңнің пікірін толықтай құптай отырып, Абай елінің мәдениеті мен өнерінің өрістеуіне осы саланы басқарған облатком төрағасының орынбасарлары А.Қайсақанов пен М.Орынбаевтың мәдениет бөлімінің меңгерушілері М.Ағзамов, М.Масалимовтердің де үлкен қамқорлық жасағандығын айта кеткеніміз орынды.

Сондай-ақ әр жылдарда рухани салаға басшылық жасаған Б.Сыдықов, С.Мейірханов, М.Жанболатов, О.Садуақасов, М.Жанболатов, Т.Жанғалиев, Ш.Искакова, Ә.Әбдина, Е.Имаханов, С.Махметовтердің, мәдениет бөлімінің меңгерушілері К.Құмаров, С.Маралбаев, М.Мырзақасымов. М.Алин, М.Ерденбеков, Ә.Әкішев, Ж.Дәрібаев, Ә.Мырзақасымов, Г.Боранжанова, М.Төлепқазин, Е.Оразалиндердің есімдерін үлкен ризашылықпен атаймыз.

Енді 1970-1976 жылдары аудандық мәдениет бөлімін басқарған белгілі қаламгер, Абай облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алиннің пікіріне жүгінейік: «Алматыдағы «Досмұқасан», «Гүлдер», Жамбылдағы «Алатау», Оралдағы «Жайық қызы» ансамбльдері сияқты ансамбль құрғымыз келді… Сөйтіп, 1972 жылдың мамыр мерекесінде мәдениет үйінде «Қаламқас» вокалды-инструменталды ансамблінің алғашқы концерті аудан жұртшылығына ұсынылды. Залға халық сыймай кетті. Жеңіс күніне дейін концертті қайталай бердік. Ауылдарда, көрші Шұбартау, Аягөз аудандарында өнер көрсеттік. Ансамбльдің атағы облыс, республика көлеміне тез жайылды. Республика мәдениет министрлігінен 1973 жылы шілде айында Чехословакияда өтетін халықаралық фольклор фестиваліне қатысу үшін жолдаманы жеңіп алды».  М.Алин. Айттым сәлем, Қаламқас, Семей, 2012 жыл. 28-29-беттер).

Міне, осыдан жарты ғасыр бұрын өмірге келген «Қаламқас» ансамблі үлкен өнер жолынан өтті. Мұның өзі бір тарих. Әр буын, әр толқын өкілдері, өнерпаздар, мәдениет саласының басшылары өнер ұжымының шығармашылық дамуына өз үлестерін қосты.

Мерейлі мезетте «Қаламқастың» алғашқы бастауында болған Абай елі өнерпаздарының ұстазы Болат Баймұратовтың, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықовтың, абайлық азаматтар Ж.Бекқожин,  Б. Матаев, Р.Қожахмтеов, Е.Мүсілиев, М.Орынбаев, Б.Бекмұханбетовтің есімдерін ерекше құрметпен атаймыз.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген қайраткерлері Б.Сағымбаева, Б.Шағатаева, өнерпаздар Т.Сәкенов, Р.Сәкенова, Ж.Бекқожин, Ғ.Қасымов, Н.Бұламбаева, Ш.Жұмалиева, Т.Көзбаева, З.Қабышева, Р.Қайранова, М.Ғайсин Б.Кеншінбаева, С.Қалыбеков, Б.Ниязбекова, Ж.Ғайсина, А.Нұрахметов, С.Аманбаев, Ү.Биғозиналар ансамбльдің атағы шығып, шет елдерге танылуында айтарлықтай із қалдырды.

Келесі кезекте «Қаламқас» ансамблінің 1984 жылғы өзім тікелей араласқан бір белесті кезеңіне тоқталайын. 1983 жылдың тамыз айында аудандық партия комитетінің хатшысы қызметіне сайландым. Жұмыс та, алдағы міндеттер де ауқымды. Талап, талғам, жауапкершілік те жоғары. Ауданның бірінші басшысы Х.Матаевтың басты мақсаттарының бірі аудан өнерін жаңа деңгейге көтеру, нақтылап айтқанда «Қаламқас» ансамблін жаңа концерттік бағдарламамен республика сахнасына шығару, Абай елінің өнерін астанамыз Алматыға, шет елдерге таныту еді.

Осыған орай, Алматыдан республикалық ұйғыр театрының бас режиссері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қ.Жетпісбаев, балетмейстер Ж.Байдаралин, музыкалық жағынан басқаруға В. Питерцев шақырылды. Осындай республикаға танылған өнер адамдарының, айлар бойы «Қаламқасты» дайындықтан өткізуге ат салысқан сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі М.Шәйжүнісовтің, Қазақконцерттің директоры А.Бекбаевтың айтарлықтай қамқорлығы, ықпалы  болды.

Аупарткомның бірінші хатшысы, Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесінің депутаты Хафиз Матаев өзекті мәселелерді жедел шешіп, дайындыққа қатысып, ақыл-кеңес беретін. Шаруашылықтардан заңдылық негізінде тиісті қаржы көздерін тауып, ансамбльге музыкалық аспаптар алынып, жаңа сахналық костюмдер тігілді. Өнертанушы профессор Б.Сарыбаевтың көмегімен шаңқобыз, сазсырнай, шертер, асатаяқ сияқты ұлттық музыкалық аспаптармен толықты. Осы жұмыстардың жүзеге асуын мәдениет бөлімінің меңгерушісі Ә.Әкішев тиянақтап отырды.

Алты айға жуық дайындықтан соң жаңа концерттік бағдарлама аудан орталығы мен Семей жұртшылығына көрсетілді. Көрермен қауым, аудан, облыс басшылары, мәдениет саласының мамандары жақсы баға беріп, ризашылық пен сәттілік тіледі.

1984 жылдың тамыз айының басында аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары С.Мейірханов екеуіміздің басқаруымызбен аудан өнерпаздары Алматыға барды. 3-4 тамыз күндері астананың М.Лермонтов атындағы театрында «Қаламқас» ансамблінің концерті қойылды. Екі күнде де залға көрермендер лық толды. Концертті көруге Орталық партия Комитетінің хатшысы К.Қазыбаев, жауапты қызметкерлері М.Шайжүнісов, С.Оразалин Алматы қаласы партия комитетінің бөлім меңгерушісі Ш.Омаров, КСРО халық әртісі Роза Бағланова, композитор М.Маңғытаев, ақын-жазушылар Т.Молдағалиев, М.Шаханов, Б.Тілегенов, Р.Сейсенбаев, өнертанушылар Ж.Шәкәрімов, Ө.Боранбаев, Б.Мекішев, М.Жүнісовтер және басқа да танымал тұлғалар келді. Өнер дүлдүлі Р.Бағланова сахнаға шығып, өз әсерін үлкен тебіреніспен «Молодцы!» деген бір сөзбен жеткізіп, ескерткіш суретке түсті. Ақиық ақын Мұхтар Шаханов: «Қаламқас» бүкіл Алматыны өз өнерімен тәнтті етті, жасай беріңдер»,- деп өз кітабын сыйға тартты. Екі күнгі концертте Алматы жұртшылығы Ғ.Қасымов, Р.Сәкенова, Б.Шағатаева, Н.Бұланбаева, Т.Көзбаева, Ж.Қабышева, А.Нұрахметов, домбырашы Б.Ниязбекова, бишілер С.Жұмаділов, Т.Ботажанова, Б.Жанболатов, С.Омаров, Б.Әкімалова, Р.Сүлейменов, К Төлеңгітова, Қ.Дүйсенбаев, Ә.Оспанова, Н.Баймұхаметов, Г.Жақиянова, Г.Садырбаева, Г.Асылбекова, Қ.Ахметжановтардың өнеріне қол соғып қошемет көрсетті. Әншілердің орындаған ән, күйлері мен «Балбырауын», «Аққу», «Достық» билеріне көрермен тәнті болды. «Қаламқас» өнерпаздарын гүлге орады.

Ансамбльдің ұстазы — халық театрының режиссері Б.Баймұратовқа, ансамбльдің көркемдік жетекшісі М.Тұраровқа, музыка мектебінің директоры М.Сәрсембековке, осы мектептің оқытушылары Р.Темірова, Н.Әбдіуахитова, Қ.Тәтенов, Б.Қырықбаева, Б.Ниязбекова, А.Оспановтарға, ансамбль мүшелері Р.Асхатов, А.Қошубаев, С.Аманбаев, Б.Сатмұханбетовтерге ел алғысы ерекше болды.

Осы жолы Алматының көрікті жерлері мен Қапшағайда белгілі режиссер Т.Ыбыраевтың басшылығымен «Қаламқас» туралы телефильм түсірілді. Ансамбль мүшелері орындаған әндер Қазақ радиосына жазылды. Қазір мемлекеттік қорда болуы тиіс. Телефильмнің бір данасы ауданға табыс етілген болатын.

1984 жылдың қараша айында «Қаламқас» ансамбліне Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Бұл аудан өнері үшін үлкен мәртебе, ірі табыс еді. Ақын М.Оспанов осы мерейлі сәтті өлеңмен өрнектеді:

Қуанышты еліме қарсы алдырған «Қаламқас»,

Өнегелі өнерге тамсандырған «Қаламқас»,

Шабыттанып бұл күнде шыңға өрлеген «Қаламқас»,

Бас жүлдені басқаға бір бермеген «Қаламқас».

 

Биші, күйші, әншімен биік кеткен «Қаламқас»,

Өз өнерін өзгеге сүйікті еткен «Қаламқас»,

Мен өзіңе қашанда құмартамын Қаламқас,

Биік болсын әрдайым шығар тауың Қаламқас.

(М.Оспанов,  Совхоз туы. 3 қараша, 1984 жыл).

Содан бері талай жылдар өтті. «Қаламқас» өз өнерімен мыңдардың жан жүрегін жаулап, халықтың сүйікті өнер ұжымына айналды. Мемлекеттік сыйлықтың иегері Т.Молдағалиев бастаған қаншама ақындар «Қаламқастың» табысты қадамына жырдан шашу шашты. М.Ибраевтың сөзіне жазылған Т.Рахимовтың «Қаламқастың қыздар-ай» әні халықтың шексіз құрметі мен өнерге деген сүйіспеншіліктің символы іспеттес.

«Қаламқастың» Чехословакия, Венгрия, Қытай, Түркия сияқты шетелдерде табысты өнер көрсеткені баршаға белгілі. Тәуелсіздік жылдарында жаңа толқын игі дәстүрді лайықты жалғастырып келеді. 2012 жылы, Әсет Медеуханұлы мәдениет бөлімін басқарып тұрған кезде белгілі қаламгер Д.Сейсеновтің редакторлығымен «Айттым сәлем, Қаламқас» атты кітаптың шығуы игілікті іс болды.

Бүгінгі заман тынысына орай тарихи өңірдің өнері қайта жаңғыру, толысу, кемелдену үстінде. Иә, өнерің өрістей берсін, «Қаламқас»!

Жақсыбек ЕКІБАЕВ.

Абай ауданының Құрметті азаматы

Мақалада: ХАЛЫҚТЫҢ «ҚАЛАМҚАСЫ»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

2 часа бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

3 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

5 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

5 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

5 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

5 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС