"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕГІН НАУҚАНЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

18.11.2022
ЕГІН НАУҚАНЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев журналистермен баспасөз конференциясын өткізіп, егін жинау науқанының қорытындылары туралы баяндады.

Зарина КӘП

«Семей таңы»

Жиын барысында облысымыздағы биылғы жиын-теріннің нәтижесі туралы айтылды. Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаевтың мәлімдеуінше, биыл 742,6 мың гектар алаңнан егін жиналған. Бүгінгі күні дәнді-бұршақты дақылдар, көкөніс-бақша, картоп алқаптарының 100 пайызы және зәйтүн дақылдарының 99 пайызы жиналған.

— Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы арқылы несиелеу бағдарламалары аясында егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 904,7 млн теңгеден астам несиелік қаражат берілді. 2021 — 2025 жылдарға арналған АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді, оған жалпы көлемі 52,6 млрд теңгеге 28 жоба енгізілді. Жобалар түрлі салалар бойынша 5 негізгі бағыт бойынша, соның ішінде суармалы жерлерді ұлғайту; ет және сүт өндіру; қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және малдың гендік қорын жақсарту бойынша іске асырылуда,- деді басқарма басшысы.

ЕГІН НАУҚАНЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Басқарма басшысы мал шаруашылығына да тоқталды, айтуынша,  өткен тоғыз айда мал мен құстың барлық түрінен 54,7 мың тонна ет, 402,8 мың тонна сүт және 46,8 млн жұмыртқа өндірілген. Ірі қара мал саны 6,6 пайызға артып, 830 095 мың басты құраған. Облыс бойынша 9 айда жалпы көлемі 365,3 мың тонна сүт өндірілген.

БАҚ өкілдері сүт өнімдерін шығаратын зауыт салу мәселесі туралы сұрады. Қазір облыстың сүт өндірушілері сүтті Шығыс Қазақстан облысындағы зауытқа тасымалдайды. Анзор Абаев Көкпекті ауданында сүт өнімдерін өндіретін зауыт салу жоспарланып отырғанын айтты.

— Жоспарда жүзеге асыратын екі жоба бар. Бүгінде барлық сүт өнімдері «Восток Молоко» компаниясына жіберілуде. Сондықтан алдағы уақытта зауыт салып, сүт тағамдарын өзіміз өндірсек, сатушыға да, сатып алушыға да тиімді болары сөзсіз. Бірақ бұл әзірге жоспар ғана,- деді Анзор Абаев.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, алдағы егіс маусымында қант қызылшасы өсіру  де қолға алынуы мүмкін. Қазірдің өзінде бірқатар шаруа қожалығы ниет білдіріп отырған көрінеді.

— Қызылша өсіру тиімділігін анықтау үшін талдау-сараптау жұмыстары жүргізілді. Үржар өңірінде қант қызылшасын өсіруге ниет білдіріп отырған бірнеше шаруашылықтар да бар.  Бүгінде қызылша өсіруге берілетін субсидиялар көбейгендіктен, жақсы нәтиже береді деген үміттемін, – деді А.Абаев.

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 день бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС