"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖИТС-ПЕН КҮРЕС ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

02.12.2022
ЖИТС-ПЕН КҮРЕС ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

1 желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осы күні Alikhan Bokeikhan университетінде дөңгелек үстел өтіп, оған Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі Нэйля Мамырбекова және басқалары қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»  

Бүгінгі күні әлем бойынша 52 млн. адам ЖИТС дертіне шалдыққан. Ал елімізде бұл көрсеткіш 49 987 мың адамды құрайды. Жұқпалы сырқат алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та анықталды. 1996 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күресуге бағытталған іс-әрекеттерді үйлестіру және жоспарлау мақсатында  біріккен бағдарламасын ұйымдастырды. Қазақстанда да аталған ұйымның өкілдігі бар. ЮНЭЙДС бағалауы бойынша Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде АИТВ-ға тестілеудің тиімділігі бойынша көшбасшы болып табылады.

Абай облысында 2022 жылдың 10 айы ішінде тұрғындардың 12,5 %-ы тексеріліп, АИТВ жұқтырған 45 адам анықталса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде халықтың 11,7 %-ы тест тапсырып, 34 адамнан АИТВ инфекциясы табылған.

— Бүгінгі жиын 1 желтоқсан дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне тұрғындардың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылып отыр. Биылғы жылдың ұраны: «Теңдік уақыты». Әрбір адам, әрбір мекеме мен ұжым ЖИТС-ке қарсы күреске өзіндік үлесін қоса алады. Өткен жылдары елімізде коронавируспен күреске көп күш жұмылдырылып, ЖИТС-ке қарсы күрес шаралары бәсеңдеп қалды. Сол себепті де болар, биыл өткен жылға қарағанда ауру жұқтырғандар саны артып отыр. Науқастар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында тіркеуге алынып, бірден антиретровирустық терапия алады. Егер терапиядан жақсы нәтиже көрсетсе, ол адам қоғам үшін қауіпсіз болып саналады,- дейді облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі Нэйля Мамырбекова. Оның айтуынша, ЮНЭЙДС біріккен бағдарламасының

мақсаты – АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 95%-ы өз сырқаты жайлы біліп, антиретровирустық терапияны тұрақты түрде алуы тиіс.  Ал антиретровирустық ем алатын адамдардың 95%-ында вирустық супрессия байқалуы керек. Ол дегеніміз науқас адамның қан құрамындағы вирус нөлдік көрсеткішке жетіп, қоғам үшін қауіпсіз болуы қажет. Яғни, вирус анықталмайтын деңгейге дейін төмендеген адамдар инфекцияны басқаларға жұқтыра алмайды.

Статистика деректеріне сүйенсек, Қазақстанда ЖИТС жұқтырғандар негізінен 30-49 жас аралығында.

— Бей-берекет жыныстық қатынас және иньекциялық есірткі өнімдерін қолдану ЖИТС/АИТВ инфекциясын жұқтыруға әкеп соғады. Сонымен қатар анасынан жатыр іші немесе босану кезінде балаға берілуі мүмкін. Қазақстанда бірнеше алдын алу шаралары ұйымдастырылған. Қазір дәріханаларда ЖИТС/АИТВ инфекциясын анықтауға арналған тесттер сатылымда бар немесе ЖИТС орталығына барып, қан талдауын тапсыруға болады. Егер тест оң нәтже көрсетсе, азаматтар ЖИТС орталығына тіркеуге тұрып, тиісті ем-шара ала алады,- дейді Нэйля Мамырбекова.

Жиында айтылғандай, елімізде, соның ішінде Абай облысында АИТВ-ның таралуын тоқтатудың бір бағыты — жанасуға дейінгі профилактика қолданылады. Бұл дегеніміз АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдауы. Ал зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға жанасудан кейінгі профилактика қолданылады. Сонымен қатар осы салада істейтін мамандар төтенше жағдай немесе апат кезінде инфекция жұқтыру қаупі бар. Олар да осы алдын-алу шарасымен қамтылады.

Наркологиялық диспансерде профилактиканың тағы бір түрі — алмастырғыш терапия қолданылады. Есірткіні тұрақты түрде қолданатындарға оның қоғамға төндіретін қаупін азайту мақсатында фармацевтикалық-синтетикалық есірткі беріледі.

Дөңгелек үстел барасында мамандар ЖИТС/АИТВ жұқтырған адамдар да қоғамның толыққанды мүшесі екенін, оларды бөлектеудің дұрыс еместігін жеткізді. Себебі жоғарыда атап өткеніміздей, инфекция тек үш түрлі жолмен беріледі.

Отырыс барысында, мамандар БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

23 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС