"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК БАР?

19.01.2023
БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК БАР?
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дүйсенбі, 16 қаңтар күні Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Ұлан Бакиров «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңның жүзеге асу барысын түсіндірді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

22 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды. Банкроттыққа өтініштер 2023 жылдың наурызынан бастап қабылданады.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Ұлан Бакировтің айтуынша, банкроттық туралы заң рәсімдерінің үш түрі бар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды. Өтініш ЕGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі.

— Егер борышкердің екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің алдындағы қарызы 1600 айлық есептік көрсеткіштен (2023 жылы бұл — 5 млн 520 мың теңге) аспайтын болса, онда ол соттан тыс банкроттық рәсімін қарастыра алады. Бірақ қарыз алушының атына тіркелген, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлкі болмауы және 12 ай қатарынан төлем жасалмауы, банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжат болуы, 7 жыл бойы банкроттықты қолданбаған болуы тиіс,- деді  Ұлан Бакиров.

Айта кетерлігі, егер борышкер өтініш берген күннің алдындағы алты ай ішінде мемлекеттен АЕК алушы болса, кешіктірілген мерзімді ескерусіз аталған рәсімді қолдана алады.

Ал сот банкроттығын азаматтар барлық кредиторлар алдындағы қарыздар бойынша қолдана алады. Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Сот арқылы банкроттық барысында борышкердің мүлкі сауда-саттық кезінде сатылады. Егер борышкер атындағы жалғыз тұрғын үй кепіл нысаны болып табылса, кредитор оны алып қоюға құқылы. Банкроттықты жүргізу мерзімі — алты айға, тағы осындай мерзімге ұзарту мүмкіндігі бар. Ресімді қолдану барысында мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау бойынша мәмілелер жасауға, шетелге шығуға тыйым салынады. Тұрақты кірісі бар азаматтар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдана алады. Бұл рәсім борышты сот арқылы 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге өтініш беруді жоспарлап отырған борышкер үшін жалғыз шарт – борыш мөлшері қарыз алушыға тиесілі мүліктің құнынан аспауы керек. Аталған рәсімнің артықшылығы несие алуға шекетулер қойылмайды.

— Банкроттыққа өтініш берген азаматтар оның салдарын да ойлануы керек. Банкроттықтан кейін банктерден және микроқаржы ұйымдардан бес жылға дейін қарыз алуға тыйым салынады. Қайта банкроттыққа 7 жылдан кейін ғана өтініш бере алады. Банкроттықтан кейін үш жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау жүзеге асырылады. Егер осы аралықта жылжымайтын мүлік сатып алса, сұрақтар туындап, іс қайта қаралуы мүмкін,- деді Ұлан Бакиров.

Мақалада: БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК БАР?

Ұқсас жаңалықтар

ҮРЖАРДА ҮЛГІЛІ ІСТЕР КӨП

23.02.2023
ҮРЖАРДА ҮЛГІЛІ ІСТЕР КӨП

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітовтің қатысуымен аудандағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы...

Толығырақ...

КӨКПЕКТІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

23.02.2023
КӨКПЕКТІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Көкпекті – облысымыздағы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі.  Бұл орайда ауданды басқарып отырған тәжірибелі әкім Ділдәбек Оразбаевтың іскерлігін де...

Толығырақ...

ЖАРМАДА ЖАҢАШЫЛ ЖОБАЛАР КӨП

21.02.2023
ЖАРМАДА ЖАҢАШЫЛ ЖОБАЛАР КӨП

20 ақпан күні Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық...

Толығырақ...

МЕКТЕПТЕР МЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНАДЫ

10.02.2023
МЕКТЕПТЕР МЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНАДЫ

МЕКТЕПТЕР МЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНАДЫ Биыл Ақсуат, Жарма, Бесқарағай, Үржар аудандарында жиыны алты шағын жинақты мектеп бой көтереді....

Толығырақ...

СПОРТ НЫСАНДАРЫ – ЖАСТАР ИГІЛІГІНЕ

07.02.2023
СПОРТ НЫСАНДАРЫ – ЖАСТАР ИГІЛІГІНЕ

Абай аймақтық коммуникациялар қызметінде Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ержан Әбілқасымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,...

Толығырақ...

БІЛІМ ОРДАЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ 500 МЛН БӨЛІНДІ

26.05.2022
БІЛІМ ОРДАЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ 500 МЛН БӨЛІНДІ

Ағымдағы жылы Семейдегі білім ордаларын жөндеуге 500 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 111 млн теңге...

Толығырақ...

Жаңалықтар

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСУ ТӘРТІБІН БІЛЕСІЗ БЕ?

5 дней бұрын

«БОЛАШАҚ ЖАСТАР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ»

6 дней бұрын

Семей қаласында көмір қоры жеткілікті

1 неделя бұрын

Орталық саябақтағы көгалдар автоматты суару жүйесіне қосылды

1 неделя бұрын

Хабарландыру

1 неделя бұрын

Абай облысында «Еңбек жолы» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 неделя бұрын

Жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауда

1 неделя бұрын

Бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықтады

1 неделя бұрын

Абай облысы әкімі «Елімай» командасын Премьер-лигаға өтуімен құттықтады

1 неделя бұрын

Абай облысында пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС