"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

10.02.2023
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Alikhan Bokeikhan университетінде студенттерге жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелерін түсіндіруге арналған жиын өтті. Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі Абай облысының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырған кездесуге университеттің жоғары курс студенттері қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Жиында Абай облысының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Мерхат Қабдешов Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жайлы жан-жақты айтып берді.

— Өңірлерде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру бойынша жұмыс істейтін мобильдік топтар құрылды. Мобильдік топтың негізгі мақсаты – халық арасында жұмысқа тұрудың негізгі шарттары мен қандай мүмкіндіктер бар екенін түсіндіру, — деді Мерхат Берікқалиұлы.

Халықты жұмыспен қамту мақсатында Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба іске асырылуда. Аталған жоба бойынша бірнеше міндеттерді іске асыру көзделген. Бұл, біріншіден, жұмыссыз адамдарды субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру. Осыған орай, елімізде «Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем дипломы жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетіледі. Сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылуда.

Бөлім басшысының айтуынша, биыл «Жастар «іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойыншы 799 адамды, ал әлеуметтік жұмыс орындарына 379 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ осы жылы қоғамдық жұмыстарға 2448 адам, Семей қаласы бойынша 819 адам жұмысқа орналастырылмақ.

Қазір кез келген мекемеге жұмысқа тұру үшін маманның еңбек өтілі үш жылдан кем болмауы тиіс. Университет өкілдері мұндай талап оқу орнын енді ғана тамамдаған жастар үшін тиімсіз екенін атап өтті.  Бұл ретте жас мамандар «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыс таба алады. Биыл аталған жоба бойынша 239 адам, оның ішінде облыс орталығынан 103 адам жұмысқа тұрғызылады.

— Университет студенттері оқуын аяқтаған кезде «жұмысқа қалай орналасамын?» деген сауал туындары сөзсіз. Қазір мемлекет тарапынан қаншама бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте біздің міндетіміз – мемлекеттік бағдарламаларды студенттерге түсіндіріп, жұмысқа орналасудың оңтайлы жолдарын көрсету. Сол бағдарламалар арқылы ертеңгі күні түлектеріміз жұмысқа орналасып, ары қарай өздерінің өмірдегі орындарын табады, — дейді Alikhan Bokeikhan университетінің мониторинг және стратегиялық жоспарлау департаментінің басшысы Гүлжан Алтынбекова.

Ұлттық жоба аясында оқу ұйымдарында да, тікелей жұмыс орындарында да жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқыту, кейіннен, жұмысқа орналасқан соң, сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқыту міндеті қойылған. Ағымдағы жылы қысқа мерзімді оқытумен 276 адам қамтылмақ. Сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу және мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына 204 грант берілетін болады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Абай облысы бойынша филиалының өкілі Лиана Вартагава қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандырудың ұғымдары, «МӘСҚ» АҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеу және әлеуметтік тәуекелдердің бес түрі бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу механизмдерін жүзеге асыру туралы хабардар етті. Сикердің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 441 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдер алынды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық.

Мониторинг және стратегиялық жоспарлау департаменті басшысының айтуынша, университет қазір 200-ге жуық жұмыс берушімен келісімшартқа отырған. Кездесу соңында спикерлер студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мақалада: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС