"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 

11.04.2023
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 
108
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда біздің облыста ерекше балаларға арналған бірқатар түзету орталықтары жұмыс істейді, алайда олардың көпшілігі — жекеменшік мекемелер. Сондықтан ерекше қажеттілігі бар балаларды осындай орталықтарда оқытуға барлық ата-ананың мүмкіндігі бола бермейді. Дегенмен бұл мәселені шешу мақсатында облыста әлеуметтік тапсырысқа қол қойылды, оған сәйкес, балалар түзету орталықтарына тегін баратын болады. Бұл туралы Семей қаласындағы Политехникалық колледждің ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру: тәжірибе, проблемалар, шешу перспективалары» тақырыбында өткен облыстық семинарда  айтылды.

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

Семинардың Политехникалық колледжде өтуі кездейсоқтық емес. Бұл — қазіргі күні инклюзивті білім беру саласында жетекші саналатын оқу орындарының бірі.

Семинардың ашылу салтанатына Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова, инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Тілек Алтайұлы, Облыстық әдістемелік орталықтың оқу үрдісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Сейлғазы Бласбаев қатысты.

— «Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және колледжде оқу орны өміріне және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға мүмкіндік береді. Біздің колледжде инклюзивті оқыту сонау 2012 жылдан бастап қолға алынды. Содан бері 11 жыл өтті, бүгін біздің оқытушылар өзге оқу орындарындағы әріптестерін жеткен жетістіктерімен таныстырып, құнды тәжірибелерін бөліседі. Мемлекет пен қоғам қазіргі жағдайда білім берудегі барлық тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Егер бұрын ерекше балалармен тек арнайы мектептер мен арнайы интернаттар айналысса, бүгінде колледждер де инклюзивті білім беруде, бұл жас ұрпақ үшін өте маңызды.

Колледжде мүгедектігі бар студенттермен бір педагог-психолог, екі сурдоаудармашы жұмыс істейді. Оларға сабақ беретін оқытушылардың барлығы дерлік арнайы курстардан өтіп, білімдерін көтеріп отырады. Оқытушылардың көпшілігі құлағының мүкісі бар студенттермен сурдоаудармашысыз тікелей жұмыс жүргізе алады. Колледжде мүгедектігі бар жастарды оқытуға толық мүмкіндік жаслған. Бүгінгі балалар — ертеңгі болашағымыз. Өкінішке қарай, олардың ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Ендеше, оларды бөле-жармай, бәріне бірдей қарап, өмірден лайықты орын табуларына көмектесейік,- деді семинардың ашылуында колледж директоры А.Нұрғожин.

— Бізде ерекше балаларға көмек көрсететін жекеменшік ұйымдар мен орталықтар аз емес, алайда олар ақылы болғандықтан, онда балаларды апаруға барлық ата-аналардың бірдей мүмкіндігі жоқ. Сондықтан бүгінде біз осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, біз қаулыға қол қойдық, оған сәйкес, осындай жекеменшік орталықтар үшін мемлекеттік тапсырыс бөлінетін болады. Яғни балаларды оқыту ақысы бюджеттен төленетін болады. Балалар түзету орталықтарына тегін бара алады, — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова.

Семинар барысында колледждің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Т.Замятинаның «Инклюзивті оқыту топтарында орыс тілін оқытудың ерекшеліктері», дене тәрбиесі пәні оқытушысы В.Куршевтің  «Инклюзивті білім беру топтарында дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру», өндірістік оқыту шебері К.Искаковтың «Инклюзивті топтарда технологиялық тәжірибеден өту мәселелері мен перспективалары» тақырыптарындағы баяндамалары қатысушылар арасында қызу талқыланды.

Талқылаудан кейін семинарға қатысушылар колледж оқытушыларының іс қағаздары бойынша ұйымдастырылған әдістемелік көрмені тамашалап, аспаз мамандығында оқитын студенттер дайындаған «Кофе — брейк» дастарқанынан дәм татты.

Үзілістен кейін колледждің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Т.Замятина «Біздің өміріміздегі цифрлық технологиялар » тақырыбында ашық сабақ, химия және биология пәні оқытушысы А.Ташметова  сыныптан тыс іс-шара, арнайы пән оқытушылары М.Бахиева мен Г.Ахметова  «Ақпараттық қамтамасыз ету» және «КТ пайдалану мен қызмет көрсету» пәндері бойынша,  арнайы пән оқытушысы  А.Байлауова мен өндірістік оқыту шебері Д.Көрпебаева «Шашты модельдеу және көркемдік безендіру» пәні бойынша бинарлы ашық сабақтар, ағылшын тілі пәні оқытушысы Н.Ребус «Мейірімділік» тақырыбында сынып сағатын,  арнайы пән оқытушысы Ж.Маулитова мен өндірістік оқыту шебері Ш.Қалиева «Менің мамандығым – менің таңдауым» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара, педагог-психолог Д.Нұржанова «Ерекше бала әлемі» тақырыбында тренинг өткізіп, өз іс-тәжірбиелерін бөлісті.

Семинар барысында қатысушылар мүгедектігі бар студенттердің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын да тамашалады. Қонақтар олардың өнерлеріне тәнті болғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Семинарда айтылғандай, инклюзивті білім беру саласында шешімін күткен проблемалар аз емес. Мысалы, түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші өте төмен және мемлекеттік тілдегі инклюзивті білім беруге арналған әдебиеттер жеткіліксіз.

— Қазіргі уақытта оқу орындарын бітірген ерекше қажеттілігі бар жастардың жұмысқа орналасу көрсеткіші өте төмен, өйткені кәсіпорындар оларды жұмысқа алғысы келмейді. Бірақ біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта бейіндеу, дуальды оқыту және қамқорлық бағдарламалары енгізілетін болады. Біз түлектердің өз мамандықтары бойынша еңбекпен қамтылуы үшін жұмыс жүргізетін боламыз. Қаламыз облыс орталығы болды, алдағы уақытта бизнес және қызмет көрсету саласы сұранысқа ие болады. Сондықтан біз ұйымдардың ерекше балаларды жеңіл жұмыстарға қабылдауын келісімшарттарда мақсатты түрде көрсететін боламыз, — деп түйіндеді сөзін облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова.

Семинардың қорытындысында Абай облысы Білім басқармасының әдістемелік орталығының оқу үрдісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Сейлғазы Бласбаев осындай үлкен іс-шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырған Политехника колледжі ұжымы мен әкімшілігіне, семинарға қатысушыларға алғыс білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

06.02.2025
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қандай мәселелер көтерілді?

12 часов бұрын

Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

12 часов бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

12 часов бұрын

Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

2 дня бұрын

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

2 дня бұрын

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

3 дня бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

3 дня бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

3 дня бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС