"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰЛТ АҚЫНЫ – ШӘКӘРІМ»

22.04.2023
«ҰЛТ АҚЫНЫ – ШӘКӘРІМ»
77
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Абай облыстық филиалы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай,  «Ұлт ақыны – Шәкәрім» атты қоғамдық дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті Шәкәрім университетінің Абай және ұлттық руханият ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Смағұлова жүргізді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Қоғамдық дәріс түрінде өткен шараға «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин, филиал қызметкерлері, Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин, зиялы қауым өкілдері, қала колледждерінің студенттері қатысты.

— Шәкәрім — қазақ әдебиетіндегі дара тұлға, оқшау құбылыс. Сөзіміздің арнасын алдымен тектілік ұғымынан бастайық.  Қазақ халқында тектілік деген — киелі ұғым. Қасиетті Шыңғыстау бауырында дүниеге келген хакім Абай, ғұлама Шәкәрім, кемеңгер Мұхтардың әлемдік руханияттың биік шыңына көтерілуі де кездейсоқ құбылыс емес. Бұл — ата-бабадан берілген парасаттылық пен тектілік,- деді Ақмарал Смағұлова.

«ҰЛТ АҚЫНЫ – ШӘКӘРІМ»

Шәкәрім заманында аға сұлтандыққа тағайындалған, ел билеген Құнанбай сұлтанның немересі. Құнанбай туралы айтқанда поляк саяхатшысы Адольф Янушкевичтің пікірін ауыз толтырып айта аламыз.  Шәкәрімнің арғы атасы Өскенбай Кеңгірбайдан кейін Тобықтыға би болған. Халық арасында «Ісің ақ болса, Өскенбайға бар» деген аңыз бар. Осы бір ауыз сөз Өскенбай бабамыздың болмысы мен бітімін айқындайтындай.

— Шәкәрімнің әжесі Күңке — Құнанбайдың үлкен бәйбішесі, Ағанас бидің қызы. Ағанас би ел аузында әділ, ақылды, әулие адам ретінде айтылады. Ал Шәкәрімнің анасы Төлебике — Алдабергеннің қызы. Алдаберген де орта дәулетті, өте адал, елге сыйлы адам болған. Шәкәрімнің атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйекке біткен асыл қасиетін қазақ халқы алыстан аңғарған, — деді Ақмарал Смағұлова.

Жеті жасында жетім қалған Шәкәрім Құдайбердіұлының тұлға болып қалыптасуына Абайдың сіңірген еңбегі зор. Ұлы ақынның бауырында болып, оның барлық нәрін бойына дарытып, ресми жоғары оқу орындарын тамамдамаса да, өз бетімен ізденіп, тума дарындылығының арқасында ұшы-қиыры жоқ білім мен ғылымды бойына жинақтаған.

— Шәкәрім «Кәрілік» атты өлеңінде кәрілікті суреттегені үшін Абайдың сынына ұшыраған. Абай ұстаз ретінде Әріп пен Көкбайды да сынаған. Шәкірттеріне өкім ретінде «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін шығарған. Ондағы «Кәрілікті жамандап, өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз» деген шумақтарын Шәкәрім тікелей өзіне айтылған сын ретінде қабылдаған. Ұстаз сынының әсері «Жастарға» деген ұзақ өлеңінде айқын көрінеді.

Шәкәрім қолына қалам алған күннен бастап Абайды өлең сөзіне жолбасшы қылды. Ғылымға қолын кеш сермеген аға өз олқылығының орнын толтыру мақсатында бар назарын Шәкәрімге аударды,- деді дәрісші.

Абайдың ақыл-кеңесімен Шәкәрім 1905 жылы Меккеге қажылыққа атанды. Бұл сапар Шәкәрімді өз заманының ең білімді адамдарының бірі еткені сөзсіз. Абайдың жөн сілтеуімен Стамбул, Мекке, Мәдина қалаларындағы кітапханаларды аралап, ғылым мен білімге құлашын кең сермеді.

—  Әкесінің кітапханасы туралы Ахат Шәкәрімұлы: «Батыс, Шығыс ақындарының толық жинақтары, барлық елдің газет-журналдары болатын. Ел жайлауға көшерде әкем кітапханасын тазартып еді. Үш күн, үш түн отырып, шаңнан тазартып, жинақтап едім»,- деп жазады. Бір өкініштісі, бұл кітапхана бізге жетпей, өртеліп, жойылды, қолды болды,- деген Ақмарал Смағұлова ақын өмірінің соңғы жылдары туралы да кеңірек айтып берді.

Дәріс соңында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры, облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева, «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин, Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин Ақмарал Төлеуғазықызына жүйелі де мазмұнды дәрісі үшін ризашылықтарын білдірді.

— Шәкәрімнің кенже ұлы Ахат Семей қаласындағы педагогикалық колледже 1923-1927 жылдары оқыған. Шәкәрім оқу орнына келіп, сол уақыттағы педтехникумының директоры Әбікей Зейінұлы Сәтбаевпен кездесіп, жүздесіп жүрген. Бүгінде колледж қабырғасында Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевке ескерткіш тақта орнатылған, атаулы кабинеті жұмыс істейді. Бүгінгі мазмұнды дәрісі үшін Ақмарал Төлеуғазықызына алғысымыз зор. «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында осындай дәрістерді өзге колледждердің қабырғасында да ұйымдастыруды  жоспарлап отырмыз,- деді Шағангүл Жанаева.

Дәрістен соң «Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» қызметкерлері студенттерді «Шәкәрім әлемі» атты көрмемен таныстырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

4 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

6 дней бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

2 недели бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

2 недели бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

2 недели бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

2 недели бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

2 недели бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

2 недели бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС