"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІТІМГЕРЛІК ҚАЗАҚҚА ЖАТ ЕМЕС

14.07.2023
БІТІМГЕРЛІК ҚАЗАҚҚА ЖАТ ЕМЕС
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Медиация ұғымы қазаққа ежелден таныс. Ата-бабаларымыз ел арасындағы дау-дамайды мәмілемен, өзара ымырашылдықпен шешкен. Ол заманда медиатор міндетін ақсақалдар мен данагөй қариялар атқарып, ел ішінің тұтастығы мен беріктігін сақтаған. Билер тәжірибесінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан медиация бүгінде заңдастырылып, дауларды сотқа дейінгі сатыда, тіпті сотқа жүгінбестен қарауды көздейді.
Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»
Жуырда Alikhan Bokeikhan университетінде «Қазақстанда медиацияны дамыту» тақырыбында конференция өтті. Жиынға Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, белсенділер мен этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.
2011 жылдың 28 қаңтарында елімізде «Медиация туралы» Заң қабылданды, ол Қазақстанның бүкіл құқықтық жүйесі үшін маңызды оқиға болды. Қазақстан тарихында алғаш рет адам құқықтарына, бостандықтарына және адамның өзіне деген құрметін арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, әлеуметтік және өзге де жанжалдарды шешуге арналған қоғамдық сананы нығайтуға бағытталған жаңа құқықтық институт пайда болды.
Медиация рәсімдерін қолдану, дауды сотқа жеткізбей шешу бүгінгі күні өзекті тақырыптардың біріне айналды. Осы орайда елімізде ашылған татуласу орталықтары, соттардағы медиация кабинеттері, Билер кеңесі мүшелері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар өз жұмыстарын тиімді атқаруда. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мақсатында өткен конференцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Келіссөздер халықаралық академиясы» қауымдастығы ұйымдастырды.
— Мен бұл қызметпен 2018 жылдан бері айналысамын. Қоғамда медиацияның танымалдылығы жыл сайын артып келеді. Бірінші тоқсанда мен сотқа дейінгі бес медиативтік келісімге қол жеткіздім. Менің ойымша бұл жақсы нәтиже,- дейді Курчатов қаласының қоғамдық медиаторы Лариса Бабич.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында көрсетілгеніндей, Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарының бірі елдегі медиация институттарын дамыту.
— Тараптарды татуластырудың маңызы зор. Елімізде халықтар достығына, ұлтаралық татулыққа, біртұтас ел болуға өте зор көңіл бөлініп отырғаннан кейін медиацияның дамуына Ассамблеясының араласуы өте жақсы шешім болды деп айта аламын. Әлемдегі ең дамыған өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу — еліміздің стратегиялық саясатының басым міндеті екені анық. Бұл орайда соттардың бітімгершілік институтын жетілдіруге де айрықша көңіл бөлініп отыр. Өркениетті елдердің ұстанымына сай, уақытты үнемдейтін, артық қаржы шығындамайтын мұндай ұтымды әдістердің маңызы зор! Бұрын судьяларымыз ел ішіндегі кішігірім даулардың өзіне уақытын арнайтын. Қазір бұл іске Ассамблеяның жұмылдырылуы медиацияның екінші тынысын ашқандай болып отыр. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясында оқып, кәсіби медиатор атанғандардың саны 11 адамды құрайды. Қоғамдық медиаторлар өңірлерде, ауылдық округтерде, қалаларда табысты жұмыс істеуде. 110 адам Абай облысындағы медиация институтын ақпараттандырумен, дамытумен, одан әрі ілгерілетумен айналысады,- дейді Абай облысы КХА кеңесінің кураторы, кәсіби медиатор Сәния Жақсылықова.
Отырыс барысында қатысушыларға әр түрлі дау-дамайларды шешідің балама тәсілдері ұсынылды. Халық арасында заң жағынан сауаттылық деңгейін көтеріп, сотқа дейін дау-дамайды бітімгершілікпен шешу мемлекет дамуының бірден-бір жолы екені айтылды.Жиынға қатысушы медиаторлар халықты ақпараттандыру мақсатында алдағы уақытта облысымыздағы қалалар мен аудандарды аралауды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

11 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

11 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

12 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

12 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС