"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бородулиха ауданында 1512 бизнес нысаны бар

19.07.2023
Бородулиха ауданында 1512 бизнес нысаны бар
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 15 шілде күні облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен барды. Ауданның мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, облыс көлемінде атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Кездесу соңында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, халықтың өтініш-тілектерін тыңдады. Кездесу алдында облыстық басқармалардың басшылары азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

Нұрлан Тельманұлы бірінші жарты жылдықтағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Аймақ басшысының айтуынша, бірінші жарты жылдықта облыста 230 милиард теңге инвестиция тартылса, оның ішінде 15 милиард теңгесі Бородулиха ауданына тиесілі. Бірінші жарты жылдықта ауылшаруашылық саласының ішкі өнімі 22 пайызға өсіп, ірі қара мал басы артқан.
Облыс басшысы өз баяндамасында Шүлбі су қоймасында, Уба, Михайловские және Жерновка көлдерінде экологиялық және жағажай туризмін дамытудың әлеуеті жоғары екендігін атап өтті. Облыс әкімі су жүйелерін жаңғырту жұмыстары жайлы да сөз қозғады.
— 2026 жылы облыс бойынша 96 су құрбырының құрылысы және жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр, оның 66-сы ауылдық елді мекендерде, — деді өңір басшысы.
Ауыл тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін көп қабатты үйлер салынуда. Биылғы жарты жылдықта 130 мың шаршы метр баспана тұрғызылса, оның ішінде 1 084 шаршы метр Бородулиха ауданында салынды. Жұмыссыздық мәселесі жоспарлы түрде шешіледі. Биыл 24 926 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Облыс әкімінің баяндамасынан соң Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайлы баяндады. Жыл басынан бері халықпен барлығы 36 кездесу ұйымдастырылған. Ал маусым айында 18 кездесу өткізіліп, тұрғындар тарапынан 37 сұрақ келіп түскен. Сұрақтардың басым көпшілігі ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және абаттандыру, ұялы байланыс сапасын арттыру және жайылымдық жерлер мәселелеріне қатысты болды.
Айдар Ибраевтың айтуынша, Бородулиха ауданының өнеркәсіп өндірісі 34 млрд 782 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 120,4 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы саласында да серпін бар. Бұл салада өндірілген өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңінде 8 млрд 513 млн 500 мың теңге болса, биыл 9 млрд 33 млн теңгеге жетіп отыр. Мал басы саны артып, егін алқабы да ұлғайған.
— Ауданның шаруа қожалықтары жер игеру, мал өсірумен нәтижелі айналысып келе жатыр. Бұл орайда шаруалар мемлекет тарапынан да үлкен қолдауды сезінуде. Қазіргі уақытта «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары аясында «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы кредиттеу бойынша ақшалай қаражат бөлінді. «Родник» кредиттік серіктестігі» арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша 273 млн 113 мың теңгеге 10 шаруашылық, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 154 млн 179 мың теңгеге 2 шаруашылық, «Іскер» бағдарламасы бойынша 40 млн теңгеге 3 шаруашылық несие алды. Алынған несиелердің жалпы сомасы 467 млн 292 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ «Іскер» бағдарламасы аясында «Родник» кредиттік серіктестігінде 30 млн 600 мың теңгеге 4 жоба, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 19 млн 250 мың теңгеге 1 жоба қаралуда. Бүгінгі таңда «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 8 млн теңгеге мақұлданған 1 жоба бар,- деп атап өтті Айдар Ибраев.
Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып отырған жергілікті шаруаларға субсидия беріліпті, өсімдік шаруашылығына — 289 млн теңге, мал шаруашылығына — 95 млн теңге. Ауданның ауылшаруашылық құрылымдарында 6 айда 4 млрд 205 млн теңге қаржыға 167 бірлік техника мен жабдық сатып алынған.
Аудан 698 мың 992 гектар аумақты алып жатыр. Ауданда тіркелген 458 шаруа қожалығы 252 мың 852 гектар жерді игеріп отыр.
Инфрақұрылымды жаңғырту арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды көздейтін «Ауыл — Ел бесігі» жобасы Бородулиха ауданында да жүйелі жүзеге асуда. Бағдарлама аясында 258 млн 736 мың теңгеге Жезкент кенті мен Михайличенково, Дмитриевка ауылдарында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Баяндамада айтылғандай, құрылыс саласының да қарқыны бәсеңдеген жоқ. Керісінше, арта түскен. Мәселен, 2022 жылдың осы кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 399 млн теңгені құраса, биыл 251,9 пайызға артып, 6 млрд 45 млн теңгеге жеткен. Алғашқы жарты жылдықта 1084 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 1686 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге аумағы 1500 шаршы метр болатын 10 екі пәтерлі үйдің құрылысы басталған.
«Балық берме, қармақ бер» демекші, тұрғындардың табысын арттыруда жұмыспен қамту аса маңызды.
— Халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар да ерекше назарда. Ұлттық жобалар аясында бүгінгі таңда 642 жұмыс орны құрылды. Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде 27 адам жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспардың 96 пайызы орындалды. Сонымен бірге ағымдағы жылдың басынан бастап жалпы сомасы 16 млн 650 мың теңгеге 12 қатысушы 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде гранттар алды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде биыл 80 млн теңгеге 16 адамды қамту жоспарланған, бүгінде 15 млн 500 мың теңгеге 4 өтінім мақұлданды,- деп атап өтті аудан басшысы.
Бородулиха шекаралық аудан екенін ескерсек, мұнда халық тығыздығын сақтау, өзге өңірлерден қоныс аударушыларды орналастыру өзекті екені белгілі. Бұл ретте жыл басынан бері қоныс аударушыларды қабылдау квотасына 13 адамнан тұратын төрт отбасы енгізіліп, субсидияларды төлеу және тұрғын үйді жалдау бойынша шығындарды өтеуге 6 млн теңге бөлінген. Алғашқы жарты жылдықта 9 отбасыға жалпы сомасы 390 мың теңге болатын әлеуметтік көмек көрсетіліпті.
Мемлекеттің басты капиталы дені сау халқы екені белгілі. Айдар Ибраев өз баяндамасында медицина мен білім саласына да тоқталды. Аудан басшысының айтуынша, медициналық мекемелерге тіркелген 31485 адамға аудандық аурухана мен Жезкент кентіндегі аурухана бөлімшесі және 11 дәрігерлік амбулатория мен 17 медициналық пункт көмек көрсетуде.
Ауданда 23 орта мектеп бар. Биыл 11 сыныпты 228 оқушы тамамдаса, Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 83 балды құрады. 5 түлек «Алтын белгі» және 11 түлек ерекше аттестат иегері атанды. Жаңа оқу жылында 436 бүлдіршін 1 сыныпқа барады деп күтілуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру объектілерінде орталық жедел басқару пультіне шығару жүйесімен бейнебақылау камералары орнатылған.
Білім беру жүйесінде материалдық-техникалық базаны нығайту да маңызды.
— Биыл 6 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен 104 млн 778 мың теңгеге бөлінді. Сондай-ақ 2023 жылға Комаров атындағы орта мектеп, Новопокровка орта мектебі және Жезкент кентінің лицейіне жаңа модификациялы физика, химия, биология кабинеттерін сатып алуға 32 млн 600 мың теңге бюджет қаражаты бөлінді,- деді А.Ибраев.
Аудан басшысы сондай-ақ Белағаш кентіндегі фельдшерлік-дәрігерлік пунктке, Новопокровка, Зенковка, Петропавловка ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу және Бородулиха ауылындағы орталық аудандық аурухана ғимараты мен жылу қазандығын жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқанын, Коростели, Зенковка и Бородулиха ауылдарында шағын футбол алаңы мен воркаут, балалар ойын алаңын орнатуға қаржы бөлінгенін айтты. Сондай-ақ Михайличенково, Шелехово, Бородулиха ауылдарында балалар алаңдарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағын абаттандыруға және хоккей кортын орнатуға 30 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге Жерновка, Петропавловка, Камышенка ауылдарында клубтар құрылысын салу және Коростели ауылындағы клубты қайта жаңғырту жұмыстарын жобалау қолға алынды.
Кездесу соңында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс әкімінің қабылдауына 10 адам келді. Тұрғындар жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамту, сапалы ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз ету, қолжетімді баспана салу, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелерін көтерді.
Жеке қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдары мен өтініш-тілектерін тыңдаған аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев оларды шешу жолдарын қарастырып, жеке қабылдауға қатысқан жауапты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Базынасын айтып келген ауылдықтарға облыс әкімі барлық сұрақтарды жеке бақылауына алатынын және келесі кездесу барысында олардың орындалуы жайлы ақпарат беретінін айтты.

Мақалада: Бородулиха ауданында 1512 бизнес нысаны бар

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Парламент қалай жұмыс істейді: Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформалары туралы

15.01.2026
Жаңа Парламент қалай жұмыс істейді: Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформалары туралы

Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды өңірлерді дамытуға жол ашатын кілт ретінде атаған едік. Шын мәнінде, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы...

Толығырақ...Details

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

12.01.2026
2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

Semeytany.kz - Абай облысында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жалғаса береді. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

10.01.2026
Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

Semeytany.kz - Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиевпен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Берік Уәли Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаевпен кездесті

09.01.2026
Облыс әкімі Берік Уәли Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаевпен кездесті

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) фракциясының мүшесі...

Толығырақ...Details

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

09.01.2026
Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

Semeytany.kz - облыс әкімі Берік Уәли өңірдің дамуына еңбегі сіңген ардақты ақсақал Болат Сапорұлымен, ақын әрі мәдениеттанушы Құсмілия Нұрқасыммен және...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

05.01.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

3 часа бұрын

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

3 часа бұрын

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

3 часа бұрын

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

3 часа бұрын

Өңірде «Халық бухгалтері» акциясы бастау алды

3 часа бұрын

Облыс әкімі Семейдегі дарынды балаларға білім беретін лицейде болды

3 часа бұрын

Өңір басшысы жаңа нефрологиялық қызметтің жұмысымен танысты

15 часов бұрын

Жаңа Парламент қалай жұмыс істейді: Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформалары туралы

15 часов бұрын

Берік Уәли Иранбек Оразбаевпен жүздесті: Абай мұрасы мен өңір мәдениеті талқыланды

1 день бұрын

Мақаншыда «Інжу-Маржан» бөбекжайы ашылып, 52 жаңа жұмыс орны құрылды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС