"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

100 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ МӘМС ЖҮЙЕСІНЕН ТЫС ҚАЛҒАН

28.07.2023
100 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ МӘМС ЖҮЙЕСІНЕН ТЫС ҚАЛҒАН
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс бойынша өткен алты айда 100 мыңнан астам азамат МӘМС жүйесінен тыс қалған. 507 843 адам сақтандырылған мәртебесін алған.
Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»
Бұл — Абай облысы тұрғындарының жалпы санының 83,2 пайызы. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ филиалының директоры Ғалымжан Әбілов пен Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Наиль Мамараевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
МӘМС мәліметінше, сақтандырылмаған тұрғындардың көбінің тұрақты жұмысы бар, алайда жұмыс берушілер тарапынан төлемдердің уақтылы жүргізілмеуіне байланысты қызметкерлердің қор қаражаты есебінен медициналық және дәрілік көмекке қолжетімділігі шектеліп отыр. Жарналар мен аударымдардың уақтылы және тұрақты жүргізілмеуі МӘМС туралы Заңның 1-тармағының 6-тармағы мен 7-тармағының бұзылуы болып табылады. Биылғы жылғы мамырдағы жағдай бойынша, облыста 1 084 ұйым «борышкер» болып отыр, олардың жалпы қарызы 93 млн теңгеден асқан.
— Мен жұмыс берушілерді осы мәселеге жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Ал қызметкерлер жұмыс берушілерден қорға ай сайынғы аударымдарды төлеу туралы мәліметтерді талап етуге құқылы екенін еске салғым келеді, — деп атап өтті Рашида Ташкенова.
Қор өкілі сондай-ақ әрбір азамат egov.kz. сайтынан жүргізілген аударымдар мен жарналар туралы үзінді көшірмені ала алатынын еске салды.
— МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналар бойынша үзінді көшірме алу үшін egov.kz сайтының «Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп, «медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» қызметін таңдау керек. Одан соң «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына өту керек. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қою қажет. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген анықтамамен танысып, талап қою орны бойынша ұсыну қажет.
«МӘМС туралы» Заңның 17-бабына сәйкес, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге аударымдардың, жарналардың және (немесе) жарналардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есептелген сомаларын өңдеуді, қайтаруды (мемлекеттік монополияға жататын қызмет түрлерін) жүзеге асырады. Төлемдер, жүргізілген аударымдар мен жарналар, сондай–ақ олардың мөлшері туралы ақпарат мәселелері бойынша азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ филиалына жүгіне алады», — деді Рашида Ташкенова.
МӘМС өкілдерінің айтуынша, 2023 жылдан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай төлем енгізілді. Осы әдіс бойынша барлық міндетті төлемдердің мөлшері жұмыс берушілер үшін 15%, ал қызметкерлер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10%-ын құрайды. Бұл ретте төлем есептелетін ең жоғары айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Бұдан бөлек, мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасауды жалғастырады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңілдік санатындағы әр адамға жарна мөлшері 4 505,6 теңгені құрады. Сонымен бірге сақтандырылмаған азаматтар 12 ай үшін дербес төлемші ретінде төлем жасап, МӘМС жүйесінің қатысушысы бола алады.
Филиал басшысы Ғалымжан Әбілов екі жұмыс орнында еңбек ететін қызметкерлер үшін қорға аударымдар қалай жасалатыны жөнінде де айтып өтті.
Жеке кәсіпкерлердің жарна аударуы да маңызды мәселе болып табылады.
— Көп жағдайда қолданыстағы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтарда әлеуметтік төлем болмайды. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, «әрекетсіз» деп танылған жеке кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған жеке кәсіпкерлерден ерекшелігі бар. Яғни, өсімпұлды есептемеу үшін салық есептілігін ұсынуды ресми түрде тоқтата тұру қажет,- деп атап өтті баяндамашы.
Жалпы, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жүгінуге құқығы бар екенін айта кеткен абзал. Дегенмен жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауында болу, қымбат тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

9 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

9 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

10 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

10 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС