"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН

28.08.2023
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН
63
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елқазы Уаңбайұлы Жиенбеков Семейдегі Цемент зауытында 1987 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді. Кейіпкеріміз 1960 жылы 11 шілдеде Ақсуат ауданының Құлбабас (қазіргі Құмкөл ауылы) совхозында дүниеге келген екен.

А.ӘБІЛ,
«Semeı tańy»

— Мен туған ауылдың бұрынғы атауы – Құлбабас. Құмкөл деп кейін өзгерген. Сол жерде Байбарақ деген қазақтың батыры жоңғардың Құлба деген батырының басын алған дейді. «Менің басым қай жерде қалса, сол жерге менің атымды беріңдер» деп соңғы сөзін айтыпты дейді қалмақ батыры. Құлбабас атауы содан шыққан дейді. Ал Байбарақ — менің жетінші атам. Біз Тоғас ханның ұрпағымыз,- деп бастады әңгімесін Елқазы ағамыз.

Елқазы Уаңбайұлы Құмкөлде 10-ыншы сыныпты бітірген соң Семейге келеді. Біраз жыл құрылыста жұмыс істейді.

— 1987 жылдың ақпан айында Семейдегі цемент зауытындағы диірменге машинистің  көмекшісі болып жұмысқа орналастым. Үш-төрт айдан соң машинист болдым. Біз пешке шлам, яғни өндірістік батпақ дайындадық. Мұның өзі процесі көп жұмыс. Әуелі зауыттан 18 шақырым жердегі глинковерден құбыр арқылы батпақ келеді. Суықбұлақ жақтан әктас келеді. Екеуін бір-бірімен араластырамыз, оған қосылатын қоспалар бар. Сосын зертханаға жіберіледі. Одан кейін арнайы пеште күйдіріледі. Пештен соң ұнтақтау цехына барады. Яғни қаптамаға жіберіледі. Ол жерде гипс секілді қоспалар қосылады. Ұнтақтау цехында цемент дайындалады. Менің осы мекемеде жұмыс істеп жатқаныма биыл 36 жыл болды. Қазір аға машинст, бригадирмін. Шикізат цехының кәсіподақ ұйымының төрағасымын. Осындағы жастарды үйретемін, оқытамын. Төрт ауысыммен жұмыс істейміз. Төрт ауысымда 4 машинист болады. Олардың 4 көмекшісі бар. Сапалы батпақ дайындалуын қадағалаймын. Береке-бірлігі жарасқан ұжымымызда мыңнан артық адам еңбек етеді. Біздің шикізат цехында 40-қа жуық адам жұмыс істейді,- дейді Елқазы Уаңбайұлы.

Бір жерде тапжылмай абыроймен, жауапкершілікпен қызмет атқарған кейіпкерімізге басқа мекемелерден ұсыныс та болған екен. Бірақ одан бас тартқан.

— Бұл жер менің екінші үйіме айналды десем де болады. Енді қараңыз, зауыттың жұмыс істегеніне 65 жыл болса, соның 36 жылын осында өткізіппін. Талай қиын жағдайларды да бастан өткердік. Тоқсаныншы жылдары жарықтың бәрін өшіріп тастады. Ғимараттың аңырап кеткені сонша, кезектесіп пеш жағып жылындық. Ғимаратты күзеттік. Сол кезде зауытқа жабылу қаупі төнді. Алайда біз зауытты ешкімге талан-таражға салдырған жоқпыз. Зауыт басшылығын Ерболат Әпсәлямов қолына алған соң жағдайымыз жақсарды. Кәсіпорын қайта түледі. Бұл жердің маған ыстық болатын тағы бір себебі — отбасыммен осында еңбек еткендігіміз. Балаларым мен бауырларым осында істейді. Кенже балам Дәурен қазір шикізат цехының басшысы. Үлкен ұлым Асхат кәсіпорындағы ұнтақтау цехында шебер болып жұмыс істеді. Қазір «Alina Group» дивизионы Семей филиалының директоры. Бауырым Жұмағазы Жиенбеков күйдіру цехында еңбек етеді. Жұбайым Ардақ та біраз жыл мұнда зертханада жұмыс істеді,- дейді кейіпкеріміз.

Елқазы Уаңбайұлын әріптестері ерекше құрметтейді.

— Елқазы — жұмыскер адам. Қайырымды. Ақылшымыз ғой бәріміздің. Білмегенімізді сұраймыз. Өз жұмысын ұңғыл-шұңғылына шейін біледі. Бұл зауытқа сіңірген еңбегі өте зор. Әсіресе шикізат цехының жұмысын бұл кісідей білетін адам жоқ. Он екі жылдай болды бірге істеп келе жатқанымызға. Нағыз еңбек адамы. Өнегелі әке. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей, балаларына жақсы тәрбие берді. Ұлдары өзінің жолын жалғады. Қазір екі ұлы да абыройлы еңбек етіп жүр,- дейді әріптесі Ермұрат Күйшиев.

Әкесінен үлгі алып, жолын жалғастырып, өз мамандығының майталманына айналған жанның бірі — Асхат Жиенбеков.

— Әкем — мықты адам. Бізге жақсы тәрбие берді. Уәдесіне берік жан. Өмірлік ұстанымы: «Бастаған ісіңді соңына дейін жеткіз. Жарты жолда қалдырма». Сол тәрбие біздің бойымызға да сіңді. 2003-2008 жылдары әкеммен бірге жұмыс істедім. Бірақ басқа цехта. Ұнтақтау цехында. Дайын өнімді мұқият қаптау да оңай жұмыс емес. 50 келі қап ауыр. Ол кезде он сегіздемін. Әкем үйреткендей, жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарадым. Ерінбедім. Бастаған ісімді соңына дейін жеткіздім. Жүк тиеушіден бастадым. Сосын қаптаушы, ауысым шебері болдым. Кейін жұмыс бойынша жақсы ұсыныс түсті. 2008 жылы «Алинаға» жұмысқа кірдім. 2022 жылы директор болдым.  Бұл жерде шебер, аға лаборант, лаборант, технолог, зертхана жетекшісі, директор орынбасары секілді қызметтерді атқардым. Былайша айтқанда, барлық баспалдақтан өттім. Мол тәжірибе жинадым, шыңдалдым. Бүгінде қол астымда 480 адам бар,- дейді  ол.

Адал еңбегімен ел құрметіне бөленген Елқазы Уаңбайұлының еңбегіне табыс, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.

Семейдегі соғыстан кейінгі алғашқы ірі құрылыс алаңы — жылына 165 миллион тонна өнім шығаратын цемент зауыты. Зауыттың бірінші кезегі 1958 жылдың күзінде пайдалануға берілді. Цемент зауытының құрылысы 1952 жылы басталды. 1955 жылы сәуірде олар болашақ зауыттың аумағын белгілей бастады. 1957 жылы цех ғимараттары салынып бітті, 1958 жылы 19 қазанда алғашқы өндірістік желі іске қосылды. 1958 жылы 5 қарашада цемент зауыты жұмысын бастады, алғашқы Семей цементі алынды. Бұл күн зауыттың туған күніне айналды. Кейін оның өнімдері негізінде асбестцемент бұйымдары, силикат кірпіш, ірі панельді тұрғын үй құрылысы зауыттары, құрама темірбетон зауыты жұмыс істей бастады. 1960 жылдардың аяғында олар жыл сайын 1,1 миллион тоннадан астам цемент, 115 миллион дана кірпіш, 100 мың текше метр өндірді. 1969 жылы 82 түпнұсқа жаңалық енгізілді. 1965 жылы цемент зауытының төртінші технологиялық желісі іске қосылды. Цемент зауытының арқасында қаланың бүкіл сол жағалауы өзгерді, зауыт Цемпоселок деп аталатын ең ірі ықшам аудандардың бірін салды. Цемент зауытында жұмысшылар саны ең жақсы кезеңінде 1700 адамға жетті. 80 жылдары өндірістің құлдырауы болды. 1987 жылы айналмалы пештерді жаңартудың бірінші кезеңінің әсері Семей цемент зауытының өндірістік қуатын 80 мың тоннаға арттыруға қызмет етті. Зауыт халық шаруашылығына жылына 1 миллион 230 мың тонна цемент беріп отырды. КСРО-ның ыдырауы, экономикалық байланыстардың үзілуі, нарықтық қатынастарға көшу өндірістік күрт құлдырауға әкелді. 1990 жылдардың басынан бастап жағдай нашарлай түсті. Өндіріс құлдырады, жұмысшылар қысқартылды, қарыздар көбейді. 1999 жылға дейін қарыздар 1 миллиард теңгеге жақындады және «Цемент» ЖАҚ банкрот деп танылды. Бірақ содан кейін банкроттық туралы шешім жойылып, зауытқа оңалту рәсімдері қолданылды. Оңалту процедуралары басталғаннан кейінгі алғашқы үш айда 120 мың тонна цемент өндірілді, бұл оңалту кезеңінен бес есе көп. Семей цемент зауыты Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысына қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС