"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Айналайын Ерікжан!

23.03.2023
Айналайын Ерікжан!
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Айналайын Ерікжан!

 

Сен ұшшы ботам, мен шегінейін,

Өкініш жанды жейді жегідейін.

Сен деген ғұламасы болашақтың,

Нөсер болып жолыңда төгілейін.

Сендегі қиял аспанды жаулап алған,

«Философпын» — дегендер жолда қалған.

Сарылып кешуменен сары даланың,

Сабылып жүргендерге ол да арман.

Саған дерт боп келіпті-ау, мынау өлең,

Оң иыққа қондырдың жетіп өрең.

Томағасын сыпырған қыраныңды,

Мойындайды ертең-ақ, бүкіл әлем.

Мойындатасың тырбанған тапыраштарды,

Сөзің шымыр болғанда ойың астарлы.

Сағындырып тұрасың қаламдастарды,

Табындырып өтесің замандастарды.

Таң емес сенің шығуың осындай болып,

Саналмайды тағы да тосын жай болып.

Ой тамыры бүрленіп көктеген жерден,

Жарқ етеді найзағай жасындай қонып.

Күз көңілің күмбірлеп күй төккенде,

Дүниенің жүрегі бүлк еткенде.

Ақ құс болып, қалықтап алғыстарым,

Бата болсын жолыңда тілектерім де!

 

Дәмеш Омарбаева,
Айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері,
Аяулы ақын Ана, Ақын — Ұстаз,
« Жарма ауданы, Семей қаласының «Құрметті азаматы»

Айналайын Ерікжан!

 

Ұлттық бояуы басым жырлар

Жас ақын Ерік Омарғалидың «Күз кіндігіндегі күмбір» деп аталатын жыр жинағы қолыма түскенде, әрі-бері парақтап қарап, жобасын бірден байқауға көне қоймайтындай тереңдеу, күрделілеу екенін байқап, кейінірек асықпай оқып шықпақ болдым. Орайы келгенде оқи отырып, көңілге қона кеткен тұстарын қарындашпен белгілеп қойған едім. Енді соларға сүйеніп, ақынның шығармалары туралы аз да болса пікір-лебізімді білдіргенді жөн көрдім. Кітабының беташарында: «Бұл тұңғыш жыр жинағымды һәммә ғашықтық құрбандарына арнадым» деп өзі жазғандай, автордың көптеген өлеңдері махаббат тақырыбын қамтиды. Еріктің өлеңдерінде өз ойын бейнелі түрде жеткізе білетінінің мысалы ретінде бірнеше үзінділер келтіре кетейік:

Жарығың түсіп тұрады маған,

Жасырынсаң да артына Күннің!

Жүрегімнің шоғына,

Хатыңды өртеп жібердім.

Көзіңдегі бар сәулемен,

Көздеріме кірші, жаным…

Айна менен бақытты сені көрген,

Сұлулықтың алдында жеңілем мен.

Қызыл шарап төккендей ақ параққа

Неге алқына береді менің кеудем?

Ақындар деген құлаған,

Құлаған көктен қауырсын.

Түн сүтін ішкен Марқакөл,

Жұлдызға сүйеп үр басын.

Мұндай үзінділерді көптеп келтіре беруге болады. Ерік Омарғали өлеңге әртүрлі эксперимент жасап көруге де бейім. Мысалы, «Қиян-кескен сұмдықтарыңды, қиял кешкен мұңлықтарыңды» деген сияқты өлең жолдары түгелдей ұйқасқа құрылған туындылары бар. Бұлай жазу кейде керек, алайда, үнемі сол ізбен жүру мүмкін емес екені белгілі. Ұйқастан қиындық көрмейді. Бірақ, ұйқастың қызығына түскен сәттерде мағынаны солғындатып алатын тұстары да кездеседі. «Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деген Абай өсиеті  бойынша, өлеңде нақтылық пен түсініктілік, аз сөзбен көп ойды аңғарту жағына ақын бауырымыз әлі де көңіл бөлгені құба-құп.

Ақын жырларының ұлттық бояуы басым, баяғы жыраулар екпінімен төгілтіп те кете алады. Енді бір тұсында неге екені белгісіз, Мағжанның сарыны бар ма деп те ойлап едім, кітаптың соңына қарай «Ояту» деген өлеңі осы ойымды бекіте түсті. Мағжан «Мені де өлім, әлдиле» десе, Ерік «Мені де өмір әлдиле» деп оптимизмге бой ұрады:

Пұшпағында даламның,

Құшағында анамның,

Іңгәлаған сәбидей,

Бізді де өмір әлдиле!

Мені де өмір әлдиле…

Еріктің әйгілі тұлғаларға арнаған өлеңдері мен поэмалары, орыс әдебиетінің ұлы өкілдерінен аударған туындылары кітап шырайын кіргізе түскен.

«Мен күзден бұрын келген, қаздардың қаңқылымын» деп жазған Еріктің өлеңдерінде күз тақырыбы, күз бояуы мол. Бірақ оның күзі сарыуайымға толы сылбыр күз емес, көктемге қарай сапар шеккен өршіл рухтың күзі тәрізді. Оның жырларында қазақтың қара өлеңінен, сол қара өлеңді қадір тұтқан арғы-бергі дара ақындардың шығармаларынан қуат алған, алысқа шабатын әлеует бар. Осы бетінен таймай, өзін-өзі жетілдіре білсе, биік белестерге екпіндеп шыға беретініне сенеміз.

Қайырбек Шағыр,
Ақын, аудармашы,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі

Айналайын Ерікжан!

АҒАЛЫҚ ЛЕБІЗ

Қазіргі Семей өңірінен шыққан жас ақындардың арасында өзіндік сырлы да, сындарлы  жырлары мен әсем әуенді әндерімен белгілі бола бастаған «сегіз қырлы» таланттың бірі – Ерік Омарғали.

Жас ақын өзінің «Сәуір сыры», «Күз кіндігіндегі күмбір» атты өлеңдер жинағымен жыр сүйер оқырмандардың көңілінен шықты. Өзі туған өлке Семей жайлы өлеңіне, өмірден ерте кеткен танымал сазгер Ахмедья Есмұханов ән жазып қалдырғаны біздерді қуантады.  Еріктің отан, туған жер, елдік пен ерлік туралы париоттік тақырыбындағы өлеңдері мен жастық дәурен мен махаббат, көңіл – күй тақырыбындағы  лирикалық жырларына. Қазіргі таңда елге танымал болған композитор Кентау Назарбековтен бастап, өнер әлеміне жаңа аяқ басқан жас таланттар Береке Сіләмқұлов, Серік Берікбол, Жандос Омаров т.б. әуесқой сазгерлер бір талай әндер жазған екен. Еріктің өзі де сазгерлікпен әуестеніп, 20 – ға тарта өз өлеңдеріне әндер жазыпты.

Міне, ақын, сазгер осы әндері мен әнге арқау болған жырларын жинақтап, «Симфония сыңғыры» атты жинағын жарыққа шығарып оқырмандарына ұсынып отыр.

Ерікке шығармашылық шалқар шабыт тілей отырып, жаңа жинағының ғұмыры ұзақ болып, жыр сүйер, әсем әнді сүйер оқырмандарының ыстық ықыласына бөленсін! – деген ақтілегімді білдіремін.

Аймұханбет Бейсембеков – ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ҚР «Құрметті Азаматы», өнертану ғылымының профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сатирик, әнші-композитор

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

4 дня бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

4 дня бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

4 дня бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

5 дней бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

5 дней бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

5 дней бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

5 дней бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС