"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

100 НАҚТЫ ҚАДАМ – КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛІ

04.08.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы ұсынған «5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» саяси жоспарын талқылау мақсатында өткен аптада әкімдіктің кіші залында арнайы жиын өтті. Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сержан Әзбергенов, Семей қаласы № 2 сотының судьясы Жанат Әбенова және мемлекеттік қызметкерлер мен сот саласының қызметкерлері қатысты.

{jcomments on}Алқалы кездесудің басты тақырыбы стратегиялық құжаттың 1-2 тарауында белгіленген кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде болды. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сержан Әзбергенов келтіргендей, Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамында, мемлекеттік қызметкерлер корпусын кәсіби әрі автономиялы етуге басымдылық берілген. Яғни алдағы уақытта мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі жаңғырып, үміткерлер өз жұмыстарын төменгі сатыдан бастайтын болады.

— Лауазымды орынға алғаш рет қабылданған тұлғалар міндетті түрде сынақ мерзімінен өтетін болады. Дей тұрғанмен жоғары біліктілігін дәлелдей білген азаматтарға, тиісті еңбекақысынан бөлек, қосымша бонустар беріледі деп көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде  қызметкерлердің жауапкершілігі мен жұмыстарының қарқынын үдете түсуіне септігін тигізеді. Қазіргі сәтте соған орай тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр, — деп атап өтті С.Әзбергенов.

 

Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес, қызметкерлердің жалақасына балдық бағалау жүйесі енгізіледі деп жоспарлануда. Яки лайықты атқарылған еңбегіне сай, білікті маман қосымша нәпақаға ие болады. Алайда бонустар көрсеткіші еңбекақы көлемінің 30 пайызынан артық болмауы тиіс. Бұдан бөлек, 3-қадамда көрсетілгендей, ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлі арта түсетін болады. Оған сәйкес, мемлекеттік жұмысқа қабылданатын азаматтар агенттіктің үш сатылы іріктеу сүзгісінен өтуі шарт. Сонымен қатар басқосуда ұлт болашағын айқындайтын реформаның 2-тарауы талқыға түсті. Оның түпкі мақсаты заңның үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағытта тәртіп сақшыларының қызметі мен кәсіби әрі дербес сот саласын дамыту жоспарланып отыр. Осы ретте Семей қаласы № 2 сотының судьясы Ж.Әбенова азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру үшін сот жүйесі инстанциялары оңтайланатындығын баяндады. Нақтырақ айтқанда, бес сатылы сот жүйесінен үш деңгейлі төрелік тетігіне көшу жолдары қарастырылмақ. Бұдан өзге судья лауазымына үміткерлер сарапталып, біліктілік талаптары күшейтілетін болады. Енді судья қызметіне тағайындалу үшін сынға түсетін азаматтардың 5 жылдық жұмыс тәжірибесі болуы міндет екенін атап өтті Жанат Тілеубайқызы.

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

20 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

21 час бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

23 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС