"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰБТ — да АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨЗГЕРІС ЖОҚ

05.04.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында ШҚО Білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес, 2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес отырысын өткізді. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшысы Зинаш Жандильдина арнайы қатысты.

Аталған шараға ШҚО білім саласын бақылау департаментінің директоры Еркінбек Аязбаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, сондай-ақ Бесқарағай, Бородулиха, Абай, Аягөз аудандары мен Курчатов қаласы әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, ҰБТ өткізу пункттерінің жетекшілері мен мамандары, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Жиынның негізгі мақсаты  Ұлттық бірыңғай тестілеуді және оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізудегі және ұйымдастырудағы білім саласындағы заңнамаларға, нормативтік-құқықтық актілерге, ережелерге түсініктер беру, жергілікті жерлердегі аталған шараларды ұйымдастыруға қатысты мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру болып табылды.

Семинарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшысы Зинаш Жандильдина баяндама жасады. Зинаш Жанділдақызы  аталмыш кездесуді өткізу дәстүрге айналғанын, Ұлттық бірыңғай тестілеу Мемлекет басшысының бұйрығымен енгізілгенін, осы уақыт аралығында ҰБТ-ға 1 млн. 505 мың мектеп бітіруші қатысқанын атап өтті. Ол сондай-ақ осы аралықта жоғарғы оқу орындарына түскендердің 60 пайыздан астамы ауыл мектептерінің түлектері екендігін жеткізді.

— Осы уақыт аралығында тестілеудің қағидалары мен технологиясына өзгерістер енгізіліп, жетілдіріліп келеді. Министрліктің жұмыс тобы жыл сайын қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып сараптама жүргізеді. Соңғы жылдары сараптама жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдар да белсенді қатысып келеді. ҰБТ-ны жетілдірудегі көпшіліктің ұсынысы бойынша 2017 жылдан бастап тестілеу форматын екі рәсімге бөлу туралы шешім қарастырылуда. Бүгінгі күні нақты шешім қабылданған жоқ. Қазір ел көлемінде әлі де ұсыныстар қабылданып жатыр. Ал аталмыш жаңашылдық нәтижесінде мектептерге сенім артылып, мұғалімдердің дәрежесі артпақ,- деді ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшысы Зинаш Жандильдина.

Министрліктің өкілі сондай-ақ тест өткізу технологиясы, оған қатысушылар, тестілеуден босатылғандар, сынақ өткізу мерзімі, тестілеу барысындағы құқық бұзушылықтар, тыйым салынған заттар, тестілеудің нәтижелерін жариялау, апелляциялық комиссия мен 2016 жылғы ҰБТ базасының жаңартылуы туралы да кеңінен баяндап берді. Тест сұрақтарының жаңартылуы туралы сөз қозғаған Зинаш Жанділдақызы ағымдағы жылы логикалық сипаттағы тапсырмалардың көбейгенін, тест тапсырмаларына  диаграмма, сурет, таблица, сызбалар, сондай –ақ жазбаша деректермен, тарихи құжаттармен жұмысты қажет ететін тест тапсырмалары енгізіліп отырғанын атап өтті. Осы орайда ол слайд арқылы бірқатар тест тапсырмаларының үлгісін де көрсетті. Зинаш Жандильдина баяндама барысында бұл атқарылып жатқан жұмыстардың оқушылар үшін тиімді болатынына сенім білдірді.

— Осы жүргізіліп жатқан өзгерістер оқушыларға тиімді болады деп ойлаймын. Берілген мәліметтер аз болған жағдайда, ата-аналар сынып жетекшілерінен ақпаратты жеке алуларына болады. Қағидадағы өзгерістер осы рәсімді дұрыс өткізіп, жоғарғы оқу орындарына студенттерді әділ түрде қабылдау үшін жасалып жатыр. Сондықтан ағымдағы жылғы ҰБТ жоғарғы деңгейде өтеді деп ойлаймын. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы тәртіп жағынан жаман емес. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасын тауып, оқушы білімін объективті түрде бағалау үшін, жергілікті органдар тарапынан барлық жағдай жасалады деген үміттеміз,- деді З.Жандильдина.

Семинарда Зинаш Жандильдина күн тәртібіндегі мәселеге қатысты  жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Баяндамада ҰБТ-ны өткізу мен ұйымдастыру шаралары барысында туындайтын жағдайларға қатысты түсініктер беріліп, өңір бойынша соңғы жылдардағы ҰБТ көрсеткіштеріне де талдау жасалды.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей йтаңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

2 часа бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

3 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

3 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

3 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

3 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

3 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

3 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

3 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

3 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС