"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЙБЫНДА» АЙБЫНДЫ ЖАСТАР СЫНҒА ТҮСТІ

15.04.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әскери—қолданбалы спорт түрлерінен «Айбын» атты бірінші қалалық чемпионаттың салтанатты түрде ашылуы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа қаладағы 17 әскери—спорттық клубынан 300-ге тарта тәрбиеленуші жиналыпты. Спорттық шараның ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова арнайы қатысты.

Жарыстың негізгі мақсаты республикалық «Айбын» әскери-спорттық ойындарына қала  құрамасын іріктеу және болашақ Отан қорғаушыларды әскери-қолданбалы спорт түрлеріне машықтандыру болып табылады. Спорттық сайыстың өтуіне қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болыпты.

— Бұл сайыстың өскелең ұрпаққа берері мол. Өйткені болашақта әскери мамандықты таңдайтын жасөспірімдер баршылық. Сол сәтте ұландарымыздың осындай додалардан алған тәжірибелері іс жүзінде қажет болатыны сөзсіз. Сайыс барысында қатысушылар 10 әскери-қолданбалы спорт түрінен өз мүмкіндіктерін паш ететін болады. Әр команда қатарында 13 баладан бар. Олар белтемірге тартылу, қорғаныш киімдері мен газтұтқышты дер кезінде кию, автоматты уақытқа жинақтау әрі бөлшектеу сияқты бірнеше сынақтарда өзара мықтыларды анықтайды. Үздік нәтижеге қол жеткізген өрендер республикалық чемпионатқа жол тартатын болады. Ал республикалық турнир Қарағанды облысында жаз мезгілінде өтеді деп жоспарлануда,- деді ҚР әскери-спорттық клубтар федерациясының Семей қалалық филиалының төрағасы Серік Түсіпов.

Спорттық сайыстың ашылуында сөз алған қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова  жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Құрметті жас сайыскерлер! Шаһарымызда тұңғыш рет «Айбын» әскери-спорттық турнирі бастау алып отыр. Барлықтарыңызды Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл чемпионаттың ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырғаны заңдылық. Еліміз әрқашанда өркендей берсін. Барлық командаларға ақ жол тілеймін,- деді өз құттықтауында Надежда Васильевна.

Аталмыш додаға тек жеңіс үшін келген сайыпқырандардың бірі қаладағы әскери-техникалық мектептің курсанты Әсет Сұлтанғазин. Ол әсіресе АК-47 автоматын уақытқа жинақтап бөлшектеуде алдына жан салмайды екен.

— Мұндай чемпионаттарға бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Бұған дейін де түрлі бәсекелерде бағымызды сынаған болатынбыз. Қарсыластарымыздың деңгейін білмейміз. Дей тұрғанмен де біз өз күшімізге сенімдіміз. Біздің құрамамыз атудан ешкімге дес бермейді. Жүлделі орындарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға тырысамыз, — деп атап өтті Ә.Сұлтанғазин.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

08.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

Semeytany.kz – Беларусь елінің Минск облысында өтіп жатқан «Достастықтың балалары» атты халықаралық мәдени-танымдық форумға Абай облысының оқушылары қатысуда. Шара 7–16...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

08.07.2025
Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd корпорациясының басшысы Ли Цзюнь бастаған делегациямен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

08.07.2025
Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу,...

Толығырақ...Details

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

08.07.2025
Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысында өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы...

Толығырақ...Details

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

08.07.2025
Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

Semeytany.kz – Абай облысында мүлік пен жер салығының мөлшері артты. 2024 жылға арналған төлем мерзімі 1 қазанға дейін белгіленген. Бұл...

Толығырақ...Details

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

08.07.2025
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

35 жылдан кейінгі жаңару: Семейдегі жылу желісіне жаңа дем берілді

3 часа бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

21 час бұрын

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

21 час бұрын

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

21 час бұрын

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

21 час бұрын

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

22 часа бұрын

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

22 часа бұрын

Шекарадан жанармай мен ірі көлемдегі ақша алып өтпек болғандар ұсталды

22 часа бұрын

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

3 дня бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС