"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

19.01.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 16 қаңтар күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Кенжебай Жұмабеков азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Алматылық Ернат Қалқа-баевтың Семей қаласындағы ОВ156/14 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқанына биыл он екі жыл болыпты. Жастықпен қателікке бой алдырып, жазасын темір торда өтеп жатқан жалғыз ұлын көріп қайту үшін Алматыдан анасы да келіп тұрады. Алайда ұлының қазіргі халіне көңілі толмаған Қалдыгүл Бейсембиева қоғамдық қабылдау бөлімінен көмек сұрай келіпті.

— Ұлыма жылына бір рет келемін. 8 қаңтар күні Алматыдан шығып, 9-шы қаңтарда сағат 11.00-де мекемеге келдім. Ұлымды түстен кейін, яғни сағат 2-де ғана жүздесуге алып келді. Өз баламды өзім танымай қалдым. Бүкіл денесі ісіп кеткен. Не болғанын сұрағанымда, мардымды жауап берген жоқ. Тек ертеңінде ғана камерасындағы өзімен бірге отырған 4-5 жігіттің соққыға жыққанын айт-ты. Қалалық прокуратурадан көмек сұрадым. Олар баламның соққыға жығылғанын растаса да, істі бір ай қарайтындарын жеткізді. Енді сіздерден көмек сұрай келдім. Балама жәрдем берсеңіздер екен. Немесе Алматыға ауыстырып беруге қол ұшын созуларыңызды сұраймын,- деді Қалдыгүл Тоқтабекқызы.

Сала мамандары істің анық-қанығын қадағалауға аламыз деген жауап қайырды.

Қоғамдық қабылдауда қарал-ған келесі мәселе шаһардағы «Айдана» балабақшасына қатыс-ты болды. Аталған балабақ-шадағы жеткіншектердің ата-аналары мекеменің сенімді басқаруға берілуіне қарсы екенін айта келіпті.

— Қала орталығында орна-ласқан мемлекет қарамағындағы «Айдана» балабақшасын сенімді басқаруға беру үшін тендер өтіп жатыр. 23 қаңтар күні қорытындысы жариялануы тиіс. Біз, ата-аналар, бұл туралы балабақша сайтынан кездейсоқ көріп қалдық. «Айдана» балабақшасы — өңірдегі алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі. Мұнда тәрбие ісі мен әдістемелік жұмыстар өте жақсы жолға қойылған. Балаларға арналған түрлі үйірмелер қолжетімді бағада. Тәрбиешілердің кәсіби деңгейін де жоғары бағалаймыз. Балабақшада қазір 325 бала тәрбиеленуде. Аумағы үлкен әрі балалар үшін барлық жағдай жасалған балабақшаға сырттан инвестиция тартудың қажеті шамалы деп ойлаймыз. Қысқасы, біз балабақшаның сенімді басқаруға берілуін қаламаймыз,- дейді Рая Масаева есімді ата-ана.  — Осы мәселе төңірегінде қала прокурорына электронды хат жолдадық. Әзірге жауап жоқ. Ал қала әкіміне жолдаған хаттың жауабын 15 күн күту керек. Оған дейін кешігіп қаламыз ба деп ойлаймыз. Егер балабақша сенімді басқаруға өтсе, ата-аналар 12 мың емес, одан 2-3 есе көп ақы төлейтін болады.

Ал Елена Велицкая есімді азаматша жұбайының қазасына байланысты қозғалған істі бақылауға алуды сұрайды. Елена Велицкаяның айтуынша, 22 шілде күні Велицкий Владимир Владимирович науқастанып, жедел жәрдем көлігімен Семей қаласының ММУ медициналық орталығының  қабылдау бөліміне түседі. Жедел жәрдем дәрігерлері асқынған соқырішек диагнозын қойғанымен, аталған аурухана  дәрігерлері оны келесі күнге дейін қараусыз қалдырып, тек ауруды басатын дәрілер салған. 23 шілде, яғни жексенбі күні оны үйіне шығарып, учаскелік гастроэнтерологке апаруды тапсырады.

— Облыстық аурухананың хирургия бөлімі марқұм жолдасымның соқырішек диагнозын жоққа шығарып, бауыры ауырады деп топшылаған. Жексенбі күні амалсыздан үйде болдық. Отбасылық дәрігер тек дүйсенбі күні кешке келіп, гастроэнтерологке жолдама берді. Алайда гастроэнтерологке келесі аптада ғана жолымыз түсті. Ол бізді ФГДС-қа жолдады. Ақыры, 27 шілде күні гастроэнтеролог соқырішек диагнозын растап, жедел операция жасау керектігін айтты. Сонымен, кешкі сағат 9-да ғана операция жасалды. Жолдасым дәрігерлердің жауапсыздығынан көз жұмды,- дейді Е.Велицкая.

5 ай бойы осы істің соңында жүрген Елена Велицкая қылмыстық істі қараудың тым созылып кеткенін айтып, кінәлі тарапқа тиісті жаза қолдануды өтінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қар-сы іс-қимыл ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Кенжебай Жұмабеков бұл істің жемқорлыққа қатысы жоқтығын айтып, шағымданушыға жағдай-ды түсіндірді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

3 часа бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

3 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

3 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

4 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

4 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

4 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

4 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

4 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

4 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС