"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАН ҚОС САҢЛАҚ

02.03.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдің спортшылары Бельгияда каратэ шинкиокушинкайдан өткен халықаралық чемпионатта гауһар тасты Кубоктың иегері атанды. Елдің абыройын аспандатып келген каратэшілер туған елге оралған бетте өз жанкүйерлерімен баспасөз конференциясында кездесті. Кездесуге қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімнің бас маманы Бақытжан Егізбаев, облыс бойынша Каратэ шинкиокушинкай федерациясының басшысы Жанболат Тоқсанбаев, федерацияның бас бапкері Айбол Ысқақов қатысты.

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның намысын қорғап келген талдықорғандықтардан кейін, биыл «Diamond Cup» халықаралық турниріне қазақ елі атынан тек Семейдің үш спортшысы ғана аттанды. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын спорттық додадан Айдын Нұрбосынов пен Еламан Мұқашев жүлделі бірінші орынмен қанжығаларын майлап қайтты.

Айта кетейік, чемпионат 24-26 ақпан аралығында Бельгияның Антверпен қаласында өткен еді. Жарысқа 27 мемлекеттен 250-ден астам каратэші қатысқан екен.

— Бүкіл елдің намысын қорғайтын болған соң турнирге тыңғылықты, ұзақ дайындалды бүгінгі жеңімпаздар. Төккен тер мен еңбегіміз ақталып, бірінші орынның төрінен көріндік. Кіл мықтылар анықталған сайыста тек Әлішер Мұқанов атты шәкіртім 85 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті. Бірақ қарсыласына есе жіберіп алды. Алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінетініне сенім мол,- дейді ШҚО бойынша Каратэ шинкиокушинкай федерациясының бас бапкері Айбол Ысқақов.

Гауһар тасты Кубок сарапқа салынған халықаралық жарыстың ақтық мәресінде Айдын Нұрбосынов Франция елінің спорт саңлағымен сынға түссе, Еламан Мұқашев даниялық каратэшімен жекпе-жекке шыққан. Семейлік екі спортшы да каратэге тән амал-тәсілдерді тиімді пайдаланып, үздік өнер көрсетті, ел мерейін асырды. Халықаралық дәрежедегі чемпион атанып келген қос каратэші 24-25 маусым аралығында каратэнің отаны саналатын Жапонияның астанасында өтетін әлем чемпионатында бақ сынамақ.

Кездесу соңында жеңімпаздар мен олардың бапкеріне, сондай-ақ аймақтағы каратэ шинкиокушинкайдың дамуына елеулі үлес қосып жүрген ШҚО бойынша Каратэ шинкиокушинкай федерациясының басшысы Жанболат Тоқсанбаевқа Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Мұрат Құржықаевтың алғыс хаттары табысталды.

Жібек СЕРҒАЗЫ,«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

03.07.2025
Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Semeytany.kz – Абай облысына жұмыс сапарымен келген Омбы облысының ресми делегациясы Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінде екіжақты әріптестікті нығайтуға бағытталған кездесуге...

Толығырақ...Details

Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

03.07.2025
Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

Semeytany.kz – Бесқарағай ауданында табиғатты аялауға бағытталған маңызды экологиялық шара өтті. «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» атты акция Шипалы көлінің жағасын тазарту...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

03.07.2025
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелсе болады? Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабының 1-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының...

Толығырақ...Details

Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

02.07.2025
Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

Semeytany.kz – Ақсуат ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында бірқатар нақты шаралар жүзеге асып жатыр. Соның бірі – елді мекен...

Толығырақ...Details

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

02.07.2025
Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Semeytany.kz – Семей қаласында биылғы жылы жол жөндеу жұмыстары бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

01.07.2025
Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға облыстық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

2 дня бұрын

Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қандай мәселелер көтерілді?

2 дня бұрын

Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

2 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

2 дня бұрын

Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

3 дня бұрын

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

3 дня бұрын

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

4 дня бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

4 дня бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

4 дня бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС