"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

03.07.2025
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелсе болады?

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабының 1-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес, айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. «e-Otіnish» ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш тіркеліп, қабылдау күні хабарланатын болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабының 2-ші тармағына сәйкес, жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

3) жолданымның мәні;

4) жолданымның берілген күні;

5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

 

«Дипломмен — ауылға» бағдарламасымен қандай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады және қай сала мамандары оны ала алады?

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесімен әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Кредиттік бюродан есеп;

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрғаны көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Кредиттік бюродан есеп.

Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

 

Жолдарды жөндеу неліктен қымбат болып келеді?

Жолдарды жөндеу қалаға да, бүкіл облысқа да да тән бірқатар себептер бойынша қымбат болуы мүмкін:

— Материалдардың сапасы мен құны. Жолдардың беріктігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін асфальт, бетон, геосинтетика және дренаж жүйелері сияқты жоғары сапалы материалдар қолданылады. Бұл материалдардың, әсіресе импортталған материалдардың құны айтарлықтай болуы мүмкін.

— Жұмыстың күрделілігі мен ауқымы. Жолдарды жөндеу тек жаңа жабынды төсеуді ғана емес, сонымен қатар негізді дайындауды, ескі асфальтты қазып алуды және шығаруды, жол жиектерін нығайтуды және дренаж жүйелерін орнатуды қамтиды. Бұл жұмыстар мамандандырылған техника мен білікті қызметкерлерді пайдалануды талап етеді.

— Техникалық және экологиялық талаптар. Жол қауіпсіздігі стандарттарын, экологиялық нормаларды және заттардың шығарындыларына қойылатын талаптарды сақтау жұмыстың құнын арттырады. Мысалы, тұрғын аудандарға жақын жолдарды жөндеу кезінде қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерін ескеру қажет.

— Инфляция және энергия бағасының өсуі. Жанармай, электр энергиясы және басқа ресурстар бағасының өсуі жол жұмыстарының құнына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар инфляция материалдар мен еңбек шығындарын арттырады.

— Жобалық және әкімшілік шығыстар. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, әр түрлі мемлекеттік органдармен келісу және жұмыстардың орындалу сапасын бақылау қосымша қаржылық салымдарды талап етеді.

— Маусымдық және климаттық жағдайлар. Өңірдегі суық қыс пен ыстық жазды қоса алғанда, климаттық жағдайлар жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімдерін шектеуі мүмкін, бұл техниканы неғұрлым қарқынды пайдалануды талап етеді және белгілі бір маусымдарда жұмыстардың құнын арттырады.

 

IT компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға болады ма?

Жергілікті басқарма IT саласындағы серіктестікті дамыту мақсатында түрлі компаниялармен кездесулер өткізіп, ұсыныстарды қарастырады. Бірлескен жобалар заңнама аясында қарастырылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік базасында дамыту;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тапсырыстар алу кезіндегі отандық заңды тұлғалардың басымдығы;

3) отандық бағдарламалық қамтылым, бағдарламалық өнімдер өндірісін және техникалық құралдар өндірісін дамытуды ынталандыру;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының құрылымын дамыту;

5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығында адал бәсекелестікті қолдау.

 

Шаруа қожалығын дамыту үшін қосымша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қалай алуға болады?

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурс арқылы беріледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығының 7-тармағының  3 тармақшасына сәйкес, конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ өз интернет-ресурсында міндетті түрде  жарияланады (аудан әкімінің ресми сайтында).

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

 

Баланы мектепке қалай қабылдайды?

Мектепке қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

Порталға:

1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

3) Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

— көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):

1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

2) жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;

3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорт» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

4) баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi.

Тиiстi мемлекеттiк органдар шектеу iс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгiзілген, белгiлi бiр аумақта әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда шектеу шараларын алып тастау, төтенше жағдайды тоқтату шаралары қабылданға дейін № 065/у және № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтамаларды осы аумақтағы көрсетілетін қызметті алушылар тікелей білім беру ұйымына қажеттілігіне қарай береді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

5 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

5 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

2 дня бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС