"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ЖҰМЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҒАЛАЙ АЛАДЫ

10.09.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2 қыркүйекте өткен ҚР Парламентінің бірлескен мәжілісінде ел Президенті Қасым –Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Мемлекет басшысы ретіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын арнады. Қ.Тоқаев халықты әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту, отандық бизнесті қолдау және мемлекетті нығайту мәселелеріне тоқталды. Жолдауда азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойып, аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуге арналатын талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамды тартуға шақырды. Осы мақсатта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын және бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейтіндігін атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нақтылап, алдағы уақытта ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын жеткізді. Жолдаудағы тағы бір құптарлық жағдай, Мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін азаматтардың зейнетақы жинағаның бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануға мүмкіндік беру, мысалы баспана сатып алу немесе білім алу үшін жұмсау мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ жердің шетелдіктерге ешқашан сатылмайтыны халықтың көңілінен шығып отыр. Президент тапсырмасы бойынша, алдағы уақытта да мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық көрсету, шағын және орта бизнеске қолдау жасау жалғаса бермек. Сондай-ақ Қ.Тоқаев бағаны жөнсіз өсіруге тыйым салып, адам саудасы мен жыныстық зорлық-зомбылыққа, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды. Жолдауда атап көрсетілген тағы бір жағымды жаңалық — мемлекетті басқару «Күшті Президент – ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша жүзеге асатындығы. Бұл формула бойынша халық жергілікті билік жұмысын тікелей бағалай алады. Сауалнама және онлайн дауыс беру арқылы тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл арнайы комиссия құрып, туындаған мәселені зерттеуге және тиісті ұсыным енгізуге негіз бола алады.
Жолдауда айтылған ұсыныстар мен тапсырмалар Мемлекет басшысының елді толғандырып отырған мәселелерді жақсы білетінін дәлелдеді. Жолдаудан туындайтын тапсырмалар елімізде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарына енгізіліп, іс жүзіне асады деп сенеміз.

Е.ҚҰТТЫБАЕВ,
Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты,
азаматтық қоғам өкілі.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

2 часа бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

3 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

3 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

3 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

3 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

3 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

3 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

3 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

3 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС