Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұмановтың айтуынша, көпір шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал жақын арада асфальттың жаңа қабаты салынады.
— Семей қаласының аспалы көпірі 10 жыл бойы облыстың көлік және автомобиль жолдары басқармасының қарамағында болған. Биыл оны Семей қаласының қарамағына тапсырды. Көпірді күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданып, жұмысқа шетелдік компания тартылды. Олар 10 қыркүйектен бастап жұмысқа кіріспек. Ал әзірге көпірді толығымен тазалау жұмыстары жүргізілуде, – деді Жұманов.
Жөндеу жұмыстарын 10 қыркүйектен кейін аяқтау жоспарланып отыр. Кепілдік мерзімі — 1 жыл. Осы уақыт ішінде жұмыстың қаншалықты сапалы жүргізілгенін көруге болады. Ал келесі жылға көпірді орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Себебі аспалы көпірде 20 жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
{jcomments off}
Семей қаласының ақпараттық орталығы