"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ

14.01.2020
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соңғы уақытта семейлік тұрғындар тарапынан қалалық жылу беру мекемелеріне түбіртектерде көрсетілген соманың шамадан көп болуы жөнінде шағымдар келіп түсуде. Осыған орай шаһардағы ақпараттық орталықта «Теплокоммунэнерго» МКК қызметкерлері баспасөз мәслихатын өткізіп, берілген шоттардың жағдайын, соңғы есептеулер жайын кеңінен түсіндіріп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап қайырды.

Брифинг барысында жылу берушілер айтып өткендей, кейбір тұрғындар түбіртектердегі соманың есептеулерін дұрыс түсінбеген. Тариф құны көтерілген жоқ және тұтынылған жылу үшін төлемақы артық көрсетілмеген. Ал түбіртектердегі соманың жоғары болуының өзіндік себебі бар екен.

— Монополияға қарсы комитеттің ұсынысы бойынша, біз жылу есептеуіш құралдарындағы көрсеткіштерді басқа күндері түсіруге мәжбүр болдық, яғни есептеу жұмыстарын қарашаның 1-нен 20-на дейінгі аралықта жүргіздік. Осылайша, қараша айының қалған он күнін желтоқсан айындағы көрсеткіштерге қостық. Ал жылдың аяғы болуы себепті біз 26-шы желтоқсанға дейінгі көрсеткіштерді есептеп, қорытындысын шығардық. Міне, сол себепті де түбіртектердегі көрсеткіш қараша айындағы жіберілген төлемақылармен салыстырғанда анағұрлым жоғары болып отыр. Біз артық есептеген жоқпыз, — деп баса атап өткен «Теплокоммунэнерго» МКК-нің жылу инспекциясы басшысы Жұман Мусин жылумен қамтылушы тұрғындар артық ақы төлемейтінін жеткізді.

Ал келесі айдан бастап барлық абонент әрбір ай бойынша толық көлемде төлейтін болады. Яғни, қалалықтар арасында түсінбеушілік туғызып, тіпті дүрбелеңге дейін әкелген осынау жайт қалыпты ырғағына түсетін болады.

Брифинг барысында кейбір жылу тұтынушылардың осынау жайтқа байланысты реніш тудырғандары орынсыз екені де айтылды. Себебі биылғы желтоқсан айындағы қорытынды төлемақы өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым төмен екен. Оның басты себебі температуралық режімде болып отыр. Өткен айдағы ауа температурасының жылдық нормадан біршама жоғары болуы берілетін жылуды үнемдеуге мүмкіндік туғызып, соның нәтижесінде жылу ақысы да азайып отыр.

Брифинг барысында тұтынушылар құқығын сақтауға байланысты ұсыныстар да айтылды. Егер абонент есептеулерге қатысты қосымша кеңес алғысы келсе, әрбір жұмыс күні сағат 8-00-ден 17-00-ге дейінгі аралықта «Теплокоммунэнерго» МКК-нің есеп бөліміне келуіне болады. Осылайша, есептеулерді салыстырып, жылу ақысы бойынша қажетті мәліметтерді ала алады.

Сонымен қатар баспасөз мәслихаты барысында жылу беруші мекеме өкілдері жергілікті журналистердің сауалдарына да толыққанды жауап қайырды. Атап айтсақ, қазіргі күні қала бойынша жылумен қамту қалыпты жағдайда жүргізілуде. Барлық қазандықтар мен жылу беру жүйелері бір қалыпты ырғақта, толық күшінде жұмыс істеп тұр. Пәтерлердің температурасына байланысты тұрғындар тарапынан шағымдар түспеген. Көмір қоры да жеткілікті. Яғни, алаңдатарлықтай мәселелер жоқ деуге болады.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

2 часа бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

3 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

3 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

3 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

3 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

3 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

3 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

3 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

3 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС