"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Еліміздің сот реформалары жалғасуда

13.12.2013
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасы серпінді дамып, Елбасының бастамасымен Сарыарқа  өңірінде сәулетті Астана салынды. Еліміз егеменді ел болғаннан бері дербес сот билігі қалыптасты.

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сабырлы да салиқалы  саясаты азаматтық қоғам институттарының қалыптасуын қамтамасыз етіп, сот саласындағы реформалардың дамуына үлкен ықпал етті.

 

1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыспен қабылданып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің мүлтіксіз қорғалуының, қоғамда саяси тұрақтылықтың сақталуының, еліміздің әлеуметтік және экономикалық әлеуеті өсуінің заңды кепіліне айналды.

 

2000 жылдың 25 желтоқсанында «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңы қабылданып, тәуелсіз елімізде сот-құқықтық реформасы одан әрі жетілдірілді. Аталған конституциялық заң, сот саласындағы құқықтық реформа шеңберіне үлкен серпін берді. Судьялардың құқықтық мәртебесі көтеріліп, олардың сот төрелігін жүзеге асыруда тәуелсіздігі нығайтылды. Жергілікті судьялар Президенттің Жарлығымен тағайындалды,ол судьялардың мәртебесін жоғарылатып,сот төрелігін жүзеге асыруда тәуелсіздіктің нығаюына жол берді. Соттар материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы судьяларының съездерінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев үнемі қатысып сөз сөйлеп, сот жүйесіндегі елеулі өзгерістерге тоқталып, мәселелерді көтеріп, басымдылықты тапсырмаларды анықтайды. Мемлекет басшысының судьялардың съезіне қатысуынан оның сот реформаларын алға жылжыту жолдарын белгілеуге ат салысатынын және оның сот жүйесіне аса назар аударатынын көруге болады. Бұл маңызды қоғамдық-саяси шараға мемлекеттік орган басшылары, көптеген отандық және шетелдік делегациялардың өкілдері қатысады. Форумға қатысушылар сот жүйесі үшін маңызды шешімдерді қабылдайды, жалпы сот жүйесін одан әрі дамыту мақсатында стратегиялық маңызды мәселелерді қарайды. Судьялар съезі мемлекеттегі сот қызметінің жандануына әсерін тигізіп, Президенттің жаңа тапсырмалары судьялардың қызметін жетілдіруге ықпал етеді. 2013 жылдың 20 қарашасында өткен судьялардың кезекті YI съезінде Елбасы сот жүйесінің алдағы уақытта дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді.

Тәуелсіз еліміздің сот реформасы жалғасып, өз жемісін беріп, қылмыстық сот ісін жүргізу тәжірибесіне алқабилер институты енгізілді, барлық облыстарда мамандандырылған ауданаралық экономикалық, әкімшілік, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі және мамандандырылған қылмыстық істер бойынша соттар толық құрылып, жұмыс істеуде. Айыпталушыға, сезіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу,тек соттың санкция беруімен ғана қолданылатын болды.

Қазақстан — ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып, кәмелетке толмағандар үшін мамандандырылған жүйе – жасөспірімдердің әділ сотын енгізе бастады.

Елімізде қылмыстық сот төрелігі жүйесінде кәмелетке толмағандармен жұмыс әдістерін өзгерту мақсатында 2001 жылдан бері «Қазақстандағы жасөспірімдер сот әділдігі» жобасының ынта білдіруі бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның мақсаттары, міндеттері мен ұстанымдары белгіленген.

2005 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы соттарының VI съезінде алғаш рет Елбасы елде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандарылған соттар құру міндетін қойды. Сонымен, 2007 жылғы 23 тамызда «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы» №385 Жарлыққа қол қойылды. Жарлықтың      І-ші тармағында Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қылмыстық істерді, кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және олардың мүдделеріне қатысты азаматтық істерді қарауға уәкілетті кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру қарастырылған.

Мамандандырылған (жасөспірімдер) соттардың оңды қызмет тәжірибесін тарату үшін оларды республиканың барлық аумақтарында құру мәселесі зерделенген.

Біздің сот «Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты» деп аталады және ол Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында орналасқан.

Семей қаласындағы ювеналдық соттың аумақтық заң құзыретіне әкімшілік-аумақтық шекара шегі: Абай, Аякөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті,Үржар аудандары Курчатов және Семей қалалары болып белгіленген.

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырыл-ған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімі негізінде 2012 жылғы 2 шілдеде ресми түрде өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 4 ақпанындағы №226 «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгертулер енгізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2012 жылы кәмелетке толмағандардың істері жөнінде 16 сот құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жарлығына сәйкес, 2012 жылы Республикада кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, атап айтқанда: №1 және №2 Алматы облысында, №1 және №2 Шығыс Қазақстан облысында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызыл-орда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылды.

Жаңа құрылған соттардың заң құзыретіне тиісті облыстардың аумағы шегіндегі ҚІЖК-ның 290-1 бабында, АІЖК-ның 30- бабында және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 541-бабында көзделген істер санаты жатады.

«Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  деген Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және  мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс» делінген.Сондықтан ювеналдық соттың негізгі мақсаттарының бірі- кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау болып табылады және жазалау тұрғысынан тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттілік болып табылады, яғни, оны қылмыстық әрекеттен алшақтату, ол қоғам үшін де пайдалы.

Бүгінде барлық жерде жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп жатқанда, сотта ҚР СО БААТЖ (Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық- талдау жүйесі) іс жүргізудің автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді, тәжірибеге жаңа және қолданыстағы технологиялар енгізілуде, «Скайп» бағдарламасымен бейнеконференция жүйесі қолданылады, Интернет жүйесін пайдалану ар-қылы сотқа арыздану мүмкін болды, «электронды үкімет» www.egov.kz. порталы арқылы келіп түсетін талап- арыздарды қабылдау жұмысы атқарылуда, сот процестері дыбыс-бейне түсірілімі арқылы жүргізіледі.

Семей ювеналдық соттың тәжірибесіне сүйенсек, қаралатын істердің көпшілігі ата-аналық құқығынан айыру, бала асырап алу, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы және де қамқоршылық органының дауы мәселелері.

Мысалы: бала асырап алу туралы арыздар сотқа жиі түсуде. 2013 жылдың 10 айында 102 арыз түсіп, оның 88-і бойынша арыздар қанағаттандырылып, сот шешімдері шығарылды. Бұл дегеніміз, баланың өз отбасында тәрбиеленіп, өсіп, мемлекетіміздің толыққанды азаматы болуына жол ашады.

2013 жылдың 9 айында Семей қаласының ювеналдық сотында 600-ге жуық іс қаралды. Сотқа түскен 104 қылмыстық іс бойынша, 72- сі тараптардың татула- суымен қысқартылған. Үкім шығарылып, 22 адам сотталды, оның 18-і кәмелетке толмаған,10- на бас бостандығын шектеу, 2-не тәрбие-лік әсері бар мәжбүрлеу шаралары, 6-на бас бостандығынан айыру  тағайындалды.

Осы мерзімде 396 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тұлғалардың басым көпшілігі бала тәрбиесімен ата- аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу тұрғысындағы  міндеттерін орындамағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот төрелігін жүзеге асыру ол үлкен жауапкершілік екенін ешқашан ұмытпауымыз керек, өйткені судьяның шығарған шешімі адамның тағдырын шешеді. Іс жан-жақты толық қаралып, барлық дәлелдемелер зерттеліп, әділ шешім шығарылуы керек. Осыған байланысты айтып өту керек, сот төрелігін тек сот жүзеге асырады, ол принцип Қазақстан Республикасының Конституциясының 77 бабында бекітілген, оған сәйкес қылмыстық жазаны тек қана сот қолдануға құқылы, сонымен қатар, қылмыс жасаған тұлға тек соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана кінәлі деп танылады.

Айтылған қылмыстық процестің принципі «кінәсіз» деп тану принципімен тікелей байланысты, әрбір айыпталушының кінәсі тек сотта дәлелденуін білдіреді. Біреу-ді «қылмыскер» деп күдіктеніп, оған айып тағу жеткіліксіз. Тағылған айып сотта өз дәлелін табуы керек.

Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңның 1 бабының 3 тармағына сәйкес судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек, Конституция мен Заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.

Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікті  жүктейді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сотқа немесе судьяға құрметтеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сот актілері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Сонымен, сот төрелігінің тек сотпен жүзеге асырылуы әрбір азаматқа әділ сот  төрелігі жүргізілуіне кепіл береді.

Елімізде сот саласында тә-уелсіздік алғаннан бері жасалып жатқан реформалар өте көп, Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы сот саласындағы өзгерістердің бірден-бірі. Онда еліміздегі сот жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің сот жүйесі әлемдік талаптарға сай қалыптасып, халықаралық судьялар қауымдастығының құрамына енді.

Сот жүйесінің халық үшін ашық, қолжетімді және тәуелсіз болуы мақсатындағы жұмысы одан әрі жалғасатын болады.

Р. Құсайынов,

Шығыс Қазақстан

облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі

мамандандырылған

ауданаралық сотының төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар

«Бұл әдет қашан тыйылады?»: Әлішер Кәрімов қоғамдық орындарда түкіретіндерді сынады

07.01.2026
«Бұл әдет қашан тыйылады?»: Әлішер Кәрімов қоғамдық орындарда түкіретіндерді сынады

Semeytany.kz - Танымал әнші Әлішер Кәрімов қоғамдық орындарда түкіруді әдетке айналдырған адамдарды қатаң сынады. Өнер иесі әлеуметтік желіде жариялаған видеосында...

Толығырақ...Details

АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілді

07.01.2026
АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ІҚМ...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл шаруашылығы саласында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді

07.01.2026
Абай облысында ауыл шаруашылығы саласында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді

2025 жылы Абай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егін жинау алаңы 782,1 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,0 мың...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кеңесші Президент атынан «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды

06.01.2026
Мемлекеттік кеңесші Президент атынан «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды

2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына «Халық...

Толығырақ...Details

Берік Уәли ғалымдармен жүздесіп, өңірдің руханият бағытындағы жоспарды талқылады

06.01.2026
Берік Уәли ғалымдармен жүздесіп, өңірдің руханият бағытындағы жоспарды талқылады

Semeytany.kz – Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли жерлес ғалымдар – әдебиеттанушы, абайтанушы Серікқазы Қорабай және тарихшы-энциклопедист Серікбек Арғынғазинмен кездесті....

Толығырақ...Details

Берік Уәли мен Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығындағы жобаларды пысықтады

06.01.2026
Берік Уәли мен Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығындағы жобаларды пысықтады

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Парламент Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаевпен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Бұл әдет қашан тыйылады?»: Әлішер Кәрімов қоғамдық орындарда түкіретіндерді сынады

14 часов бұрын

АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілді

16 часов бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы саласында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді

16 часов бұрын

Мемлекеттік кеңесші Президент атынан «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды

1 день бұрын

Берік Уәли ғалымдармен жүздесіп, өңірдің руханият бағытындағы жоспарды талқылады

1 день бұрын

Берік Уәли мен Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығындағы жобаларды пысықтады

2 дня бұрын

2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды — Жарлық

2 дня бұрын

Президент сұхбатында көтерілген мәселелерді іске асыру бойынша арнайы кеңес өтті

2 дня бұрын

Әділ тәртіп пен жауапты басшылық – заманауи армияның негізі

2 дня бұрын

Президент сұхбаты шағын жолдауға ұқсайды — саясаттанушы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС